Page 142 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
142
алдымен, сарындық процестің лсай ғана "түсініксіз" сапалық компоненттері едәуір
дәрежеде сондай-ақ оның мағыналық салыстырмалылығын және оның ықпалының
сипатын айқындайтынын да қаперге алады. Мағыналық ұқсастығы жағынан "бірдей"
мінез-құлық
қатысушылардың
"үн
қату
жылдамдығының"
таза
сандық
айырмашылықтарының тұсында-ақ өзінің ақтық сатысында көбіне мүлдем әртүрлі
тәсілмен көрінеді. Нақ осындай айырмашылықтар, одан да көбірек сапалық сәттер
мынаған жетелейді: өзінің "мағыналық" салыстырмалылығы жағынан әу баста "бірдей"
сарындық ұштасулар нәтижесінде мағыналық мәні жағынан да көбіне гетерогендік жолға
көшеді.
Әлеуметтанушы үшін: 1) Дұрыстықтың азды-көпті жуықтаған типі; 2) ұтымды
мақсаттылықпен бағдарланған тип (субъективті); 3) азды-көпті санаға сіңірілген немесе
аңғарылған және азды-көпті ұтымды мақсаттылыққа бағдарланған құлық; 4) ұтымды
мақсатты емес, бірақ өзінің мағыналық байланыстары жағынан түсінікті құлық; 5) азды-
көпті түсінікті мағыналық байланыспен сарындалған, азды-көпті дәрежеде түсініксіз,
ішінара болса да оны анықтаушы болатын азды-көпті дәрежеде түсініксіз сәттер үзіп
кететін құлық; 6) ақыр соңында адам "бойындағы" және сонымен "байланысты" мүлдем
түсініксіз психикалық және физикалық мәліметтер арасында анық шекара жоқ.
Әлеуметтанушы "ұтымды дұрыс" құлықтың ылғи да субъективті ұтымды мақсаттылықпен
шарттала бермейтін және нақты құлықты бірінші кезекте логикалық жағынан ұтымды
байланыстар емес, "психологиялық" байланыстар деп аталатын нәрсе екендігін әлбетте
күмәнсіз жәйт деп біледі. Мәселен, логика амалымен мынадай қорытындыға келуге
болады: мистикалық-бақылаушы діншілдіктің салдары басқа адамдар құтқарыла ала ма
дегенге немқұрайдылық, ал жазмышқа сенудің салдары - фатализм немесе этикалық
аномия болуға тиіс. Ал шындығына келгенде, ондай діншілдік кейбір типтік жағдайларда
субъективті жағынан өзіндік объектсіз махаббат секілді сезілетін өзіндік бір эйфорияға
жетелей алады, ол, бері салғанда "түсініксіз" байланыс болып табылады; әлеуметтік
құлықта бұл сезім көбіне-көп жай "махаббат акосмизмі" түрінде білдіріледі, бүл енді,
әрине, ұтымды мақсатты байланыс емес, психикалық жағынан "түсінікті" байланыс.
Жазмышқа сенуге келсек, белгілі шарттар (әбден түсінікті) болған жағдайда, ол ерекше
ұтымды түсінікті түрде діндардың көз алдында оның белсенді этикалық қызметке
қабілетін оның құтқарылуының кепіліне айналдыра және осынысымен бұл сапаны ішінара
ұтымды мақсаттылықпен, ішінара өзінің мағынасы жағынан мүлдем түсінікті аша алады.
Екінші жағынан, жазмышқа сенім, алайда, өз кезегінде әбден белгілі өзінің
байланыстарының мағынасы, өмірлік тағдыры және "мінез-құлық" сапасы (оларды
шындық деп қабылдау керек) жағынан да "психологиялық" тұрғыдан түсінікті жеміс
болуы мүмкін. Қысқасы, түсіне білетін әлеуметтанудың психологияға қатынасы әрбір
жеке жағдайда өз сипаты бойынша әртүрлі. Объективті ұтымды дұрыстылық
әлеуметтануда эмпиристік құлық жөнінде, құндылықты ұтымдылық - өзінің мағынасы
жағынан психологиялық құлық жөнінде, өзінің мағынасы жағынан түсінікті құлық -
түсініксіз сарындалған құлық жөнінде мінсіз тип қызметін атқарады; белгілі бір сипаттағы
құлықты тиісті мінсіз типпен салыстыру арқылы каузалды жинақтау ісін жүзеге асыру
үшін каузалды релевантты иррационалдықтар (әрбір жағдайда сөздің әртүрлі
мағынасында) белгіленеді.
"Түсіну" мен "түсіндіру" өзара байланысты емес деген пайымдауды әлеуметтану үзілді-
кесілді қабылдамайды, екі жағдайда да зерттеу болып жатқан уақиғалардың қарама-қарсы
полюстарынан басталатыны мүлдем дұрыс болса да солай етеді; атап айтқанда, құлықтың
статистикалық қайталанғыштығы оның мағынасын титтей де "түсініктірек" етпейді, ал
"түсініктіліктің" оңтайлы дәрежесі өз бетінше қайталанғыштыққа ықпал етпейді, ол-ол ма,
абсолютті субъективті ұтымды мақсаттылықта әдетте тіпті оған кереғар болып шығады.