Қазақстанның ашық кітапханасы
141
мәжбүр болды. Алайда, себептік шарттылыққа саю проблемасын жиып қоя тұрып,
мынаны көрсете кету керек: тарихи және әлеуметтік зерттеулерде сондай-ақ өз мағынасы
жағынан түсінікті, нақты құлықтың "мәнді" (зерттеушінің өзі үшін) типке сай келу үшін
ол өзінің типі жағынан қандай болу керек (оны "дұрыс" деп атайық) дегенге қатынасымен
ұдайы айналысуға тура келеді. Тарихи және әлеуметтік ғылымдардың белгілі бір
(барлығы үшін емес), мақсаттары үшін субъективті парықталған мінез-құлық (ойлау
немесе қарекет) тиісінше дұрыс типке сай, оған кереғар немесе оған жақын бағдарлануы
фактысы, "өздігінен-ақ" яғни оның негізінде жатқан құндылыққа қатыстылығы
салдарынан төтенше маңызды. Одан әрі, бұл жағдай әдетте сыртқы аспектіде - қарекет
"нәтижесі" үшін, шешуші каузалды сәт болып шығады. Демек, мұндай жағдайда нақты
тарихи немесе типтік әлеуметтік алғышарттар ашық бола алады - бері салғанда
эмпиристік процестің ұқсастық, ауытқу немесе кереғарлық дәрежесі дұрыс типпен
салыстырған дәрежеде түсінікті бола түседі, сол арқылы "себептік шарттылық
мағынасына сай келу" категориясы арқылы түсіндіріле алатындай ашық бола түседі.
"Дұрыс типке" ұқсау "ең түсінікті каузалды байланысты" құрайды, өйткені нақ сол
мағынаға барынша парапар. "Мағынаға парапар себепті шарттылық" деп логика
тарихында мына факт есептеледі: логикалық мәселелер бойынша ("проблема ахуалы")
әртүрлі пікірлердің белгілі бір субъективті парықталған байланысы бар жағдайға ойшылға
дұрыс типтің шешіміне жақындайтын идея келеді, ол принципінде мінез-құлықты
"тәжірибе жолымен" танылған болмысқа бағдарлау бізге "өзінің мағынасы жағынан
себепті шарттылыққа парапар" секілді көрінетіндігіне ұқсас болады. Алайда нақты
қарекеттердің дұрыс іс жүзінде жақындауы, демек, іс жүзінде объективті ұтымды
дұрыстық, субъективті ұтымды мақсаттағы қарекеттермен, яғни толығымен анық санаға
сіңірілген мақсаттарға және соған "парапар" құралдарды толығымен саналы түрде таңдап
алуға бағдарланған қарекеттермен міндетті түрде сәйкес келуден әлі коп қашық жатыр.
Түсіне білетін психология саласындағы зерттеулердің едәуір бөлігі қазіргі кезде жеткілікті
байқалмаған немесе мүлде байқалмаған, демек, бүл мағынада субъективті емес ұтымды
бағдарланған, алайда, іс жүзінде негізінен объективті "ұтымды" түсінілген байланыс
бағытында жүріп жататын байланыстарды анықтауға бағытталған. Егер, нақ осындай
сипаты бар психоталдау дейтіннің бірқатар зерттеу салаларын түгел жиып қоя тұрсақ,
онда Ницшенің
Ressentiment
теориясы секілді конструкцияда мүдделердің (жеткілікті
байқалмаған немесе мүлдем байқалмаған өйткені, әбден түсінікті себептер бойынша,
"мойындалмаған" мүдделердің) прагматикалық бағыттылығынан сыртқы немесе ішкі
қатынастың объективті нақтылығы шығарылатын тәпсір бар болып шығады. Айтпақшы -
мүлдем нақ сол (методологиялық) мағынада - бұл одан бірнеше онжылдыққа озып кеткен
экономикалық материализм теориясында жасалды. Мұндай жағдайларда субъективті
ұтымды мақсаттылық (тіпті ол байқалмаса да) және дұрыстықтың объективті
ұтымдылығы бұлыңғырлау өзара қатынасқа оп-оңай түседі, бірақ біз онымен, алайда, бұл
арада айналыспаймыз. Біздің мақсатымыз түсінудің "таза психологиялық" аспектісі
қаншалықты проблематикалық және шекті екенін көрсету (дәл болмаса да) болатын. Бір
жағында біздің алдымызда өзінің мақсаты бойынша мүлдем иррационалды көрінетін
құлықтың байқалмаған салыстырмалы жоғары ұтымдылығы (мойындалмайтын) тұрды,
құлық сол ұтымдылығының арқасында "түсінікті". Екінші жағында - тікелей ұтымды
мақсатты шарттастырылған секілді құбылыстардың шындығына келгенде тарихи жағынан
мүлдем иррационалды сарындар арқасында пайда болғанының, содан кейін олар, өзгерген
өмір жағдайлары оларға техникалық "ұтымды дұрыстықтың" жоғары дәрежесін
бергендіктен, "бейімделе" келіп, сақталып қалғандығымен және бірқатар жағдайларда
кеңінен таралғандығының қисапсыз (әсіресе мәдениет тарихында) байқалған айғағы тұр.
Әлеуметтану, әрине, құлықтық инстинктердің "қанағаттандырылуын алмастыру" және
тағы сол секілді "көзге ұрып тұрған" сарындарының бар екендігін ғана емес, қайта, ең