Page 140 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
140
II. "Психологияға" қатынас.
Барлық айтылғандардан түсіне алатын әлеуметтану "психологияның" бір бөлігі еместігі
анық көрінеді. Өйткені қарекеттердің мағыналық құрылымы ішінде тікелей "ең түсінікті"
типі, (субъективті түрде) анық та айқын ұғынылған мақсаттарға жету үшін анық
адекватты деп қарастырылатын құралдарға субъективті түрде қатаң ұтымды бағдарланған
қарекеттер ғой. Және де ол қарекет зерттеушінің өзіне де қолданылып отырған құралдар
алға қойылған мақсаттарға ең адекватты болып көрінгенде ең түсінікті болып шығады.
Мұндай қарекеттер "түсіндіретін" қарекеттер болғанда, бұл тіпті де олар "психикалық
мәліметтерден" шығарылды деген сөз емес; керісінше бұл оларды субъективті түрде
объект құлқымен (субъективті ұтымды мақсаттылық) байланыстырылатын және онымен
маңызды тәжірибе негізінде (дұрыстықтың объективті ұтымдылығы) байланыстырыла
алатын үміттерден (тек қана солардан) шығаруға тырысады деген сөз. Қарекет ұтымды
дұрыстылық типі бойынша неғұрлым анық бағдарланған болса, оның мағынасы қандай да
бір психологиялық пікір көмегімен соғұрлым аз түсінілетін болады. Керісінше
"иррационалды" қарекеттерді, яғни, не ұтымды мақсатты қарекеттің "объективті" дұрыс
шарттары қаперге алынбайтын, не (екінші мүмкіндік) қарекет жасаушы адамның ұтымды
мақсатты көздегендері едәуір дәрежеде субъективті түрде де қаперге алынбайтын
(мысалы, "биржалық үрей" тұсында) қарекеттерді қалай да түсіндіргенде ең алдымен
мынаны анықтап алу қажет: бұл қарекет мақсаттың абсолютті ұтымдылығы және ұтымды
дұрыстық тұсында ұтымды мінсіз-типтік жағдайда қандай болар еді. Себебі тек осы
анықталғанда ғана, ең қарапайым бақылау көрсететіндей, оқиғалар барысын, объективті
түрде де, субъективті түрде де "иррационалды" компоненттерге жалпы себепті
шарттылыққа жатқызыла алады, өйткені тек сонда ғана біз бұл қарекетте не нәрсенің тек
"психологиялық" түрде түсіндірілетінін (сипатты түрде осылай тұжырымдау
қабылданған) білеміз; басқаша айтсақ, объективті түрде жалған бағдарлануға немесе
мақсат бойынша субъективті иррационалдылыққа (бұл жағдайда не тек тәжірибеде ғана
ұғынылатын, бірақ мүлдем түсініксіз болатын, не түсінікті, бірақ ұтымды мақсатты
таразылауға көнбейтін сарындарға) негізделген байланыстарға ненің жатқызылатынын
білеміз. Толық белгілі "психикалық" процесте қарекеттің сипаты үшін ненің (долбармен)
релевантты болып шыққанын анықтау үшін де өзге құрал жоқ. Бұл түп-түгелімен кез-
келген тарихи және әлеуметтанушылық себепті шарттылыққа саюға қатысты. Түсіне
білетін психология (мысалы, жыныстық инстинкт психологиясы) тап болатын, "айдан
анық" ұғынылатын және осы мағынада "түсініліп алатын" "мақсатты бағыттылыққа" келер
болсақ, олар мәліметтен басқа ештеңе емес, оларды принципінде, біз кез-келген басқа,
тіпті пайымдауға мүлдем жат нақты мәліметтердің констелляциясын қабылдайтынымыз
секілді жай ғана абсолютті қабылдауымыз керек. Мүлдем (субъективті) ұтымды мақсатты
мінез-құлық пен мүлдем түсініксіз психикалық шындықтар арасында "психологиялық
жағынан" түсінікті байланыстар делінетін (мақсаты бойынша иррационалды), көптеген
тайғанақ өткелдер мен нақтылыққа біріккен (бүл проблеманың тым күрделі
казуистикасына бұл арада біз қысқаша да тоқталмаймыз). Субъективті ұтымды мақсатты
бағдарланған қарекет пен объективті маңызды (ұтымды дұрыс) нәрсеге "дұрыс"
бағдарланған қарекет - түп-тамырынан әртүрлі ұғымдар. Белгілі бір қарекетті түсіндіруге
тиісті зерттеушіге, ол қарекет оның көзқарасы бойынша, қарекет жасаушы адамның
мүлдем иландыра алмайтын бастапқы позициясына бағдарланса да, мейлінше жоғары
дәрежеде ұтымды мақсатты болып көрінуі мүмкін. Осылай, мысалы, сиқырлы түсініктерге
бағдарланған қарекеттер сиқырлы емес, діни мінез-құлыққа қарағанда өзінің сипаты
жағынан субъективті түрде көбіне-көп әлдеқайда ұтымды мақсатты болып шығады,
өйткені әлемді сиқырдан арылтудың өсе түсуіне байланысты діншілдік мақсаты бойынша
иррационалды мағыналық байланысқа (мысалы, белгілі бір "көңіл күйіне" немесе
мистикалық байланысқа негізделген) барған сайын көбірек жүгінуге сөзсіз (субъективті)