Page 139 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
139
Тек егер осынау "салыстырмалылықтың" (субъективті топшыланатын мағынасында адами
мінез-құлықтың) "ішкі" қатпарлары (мұндай терминологияны күмән туғызбайтын нәрсе
деп санауға болмайды) деп анықтасақ, түсіне білетін әлеуметтану аталған құбылыстарды
тек қана "ішкі жағынан" қарастырады деуге болар еді; бірақ мұның өзі: олардың тәндік
немесе психикалық белгілерін санап шығу арқылы емес деген сөз болып шығар еді.
Демек, мінез-құлықтағы психологиялық қасиеттердің айырмашылығы біз үшін өздігінен
релевантты бола алмайды. Тараптардың біріндегі айырмашылықтар екінші тараптағы
айырмашылықтардың себебі бола алатыны күмәнсіз десек те, Мәндік мағыналық
салыстырмалылықтың ұқсастығы бірдей "психикалық" жағдайлардың тоғысуымен
байланысты емес. Мысалы, "пайда табуға ұмтылыс" секілді категория жалпы қандай да
бір "психологияға" жатқызыла алмайды; өйткені "бір ғана" іскерлік кәсіпорынның бірін
бірі алмастырып отыратын екі иесі болған жағдайда "рентабельдікке" "бірдей" ұмтылыс
мүлдем гетерогендік "мінездік қасиеттермен" байланысты болмауы мүмкін, оның себебі
мүлдем бірдей өнім өткізу процесіндегі ақтық нәтижеде тура қарама-қарсы "психикалық"
констелляциялар мен мінездік белгілер болуы мүмкін; бүл орайда маңызды (психология
үшін), шешуші "мақсатқа бағыттылық" та бір-бірімен тектес болмауы мүмкін.
Субъективті түрде басқалардың мінез-құлқымен байланыстырылатын мағынадан
айрылған оқиғалар, жалғыз сонысымен әлеуметтанушылық көзқарас тұрғысынан елеусіз
нәрсе бола алмайды. Керісінше, мінез-құлықты анықтайтын шешуші шарттар, демек,
себептер нақ соларда болуы мүмкін. Түсіне білетін ғылым үшін адами қарекет өте елеулі
дәрежеде саналы түрде парықтауды білмейтін "сыртқы дүниемен" табиғаттың
құбылыстары мен процестермен байланыстырылады ғой: оқшауландырылған мінез-
құлқының теориялық конструкциясы, мысалы, нақ осы негізде жасалған. Алайда, мысалы,
бала туу мен өлім-жітім қисық сызығы, жаратылыстық сұрыпталу арқылы
антропологиялық тұрпаттардың қалыптасуы секілді, процестердің субъективті
"мағыналық салыстырмалылыққа" ие емес маңыздылығы, сондай-ақ таза психикалық
факторлар, түсіне білетін әлеуметтануда, экономикалық ғылымда климаттық деректер
немесе өсімдіктер физиологиясы саласының деректері пайдаланылатыны сияқты,
парықталған қарекеттер бағдарланатын жай ғана "шарттар" мен "салдарлар" ретінде
қабылданады.
Тұқым қуалау құбылыстары субъективті топшыланатын магына негізінде түсініле
алмайды және олардың шарттары жаратылыстық-ғылыми тұрғыдан неғұрлым дәлірек
бола түскен сайын солғұрлым аз түсініледі. Мысалы, күндердің күнінде (біз бұл арада
арнаулы терминологияны саналы түрде қолданбай отырмыз) белгілі бір
әлеуметтанушылық релевантты қасиеттер мен импульстардың (мысалы, не әлеуметтік
ықпал мен биліктің белгілі бір тұрпатына ұмтылуға, не жалпы қарекетті ұтымды
бағдарлай білуге қабілеттің болуының немесе басқа жекелеген интеллектуалдық
қасиеттердің арқасында осыған қол жеткізу мүмкіндігіне жәрдемдесетін) болуы мен бас
сүйек индексінің немесе қандай да бір белгілері бар адамдар тобына жататындықтың
арасындағы байланысты шамалап болса да орната алудың сәті түсті деп топшылап
көрелік. Сонда түсіне білетін әлеуметтанудың ешқандай күмәнсіз, осынау арнайы
деректерді, мысалы, адамдардың типтік жас мөлшері сатыларының немесе өлім-жітімнің
дәйектілігін назарға алатыны секілді назарға алуына тура келер еді. Алайда оның шын
мақсаты, тәпсірлей отырып, нақ мыналарды түсіндіру болар еді: 1. Тұқым қуалайтын
ерекше қасиеттерге не адамдар саналы түрде салыстырылатын қандай қарекеттердің (ол
сыртқы не төл ішкі дүние объектілері болса да) көмегімен басқа себептермен қатар осы
қасиеттер де себебі болған ұмтылысын жүзеге асыруға тырысты; оларға мұның қай
дәрежеде және қандай себептермен сәті түсті немесе сәті түспеді? 2. Мұндай ұмтылыстың
(тұқым қуалаушылық себебімен) басқа адамдардың парықтан салыстырылған мінез-құлқы
үшін бізге түсінікті қандай салдарлары болды?