Page 138 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
138
беретініміздей, "Цезарьды түсіну үшін, Цезарь болудың керегі жоқ". Басқаша болса,
тарихпен айналысуда ешқандай мән қалмас еді. Және керісінше, біз "төл реакциямыз" деп,
атап айтсақ, "психикалық" деп қарастыратын адамның мүлдем дағдылы реакциялары
ретіндегі құбылыстар бар, алайда, олар өздерінің өзара байланыстылығында сапалық
жағынан "түсініктіге" тән анықтылыққа жалпы ие емес. Мәселен, зерде мен интеллект
жаттықтыруды тек ішінара ғана, бірқатар психопатиялық көріністерді түсіну шамасында
ғана "түсінуге болады". Сондықтан, түсінуге негізделген ғылымдар, мұндай психикалық
процестерде анықталатын реттілікті дәл бір физикалық табиғат заңдылықтары секілді
қарастырды.
Ұтымдылық мақсатындағы құлықтың өзіндік ерекше анықтылығынан, әрине,
әлеуметтанушылық түсіндірудің мақсаты нақ ұтымды тәпсірлеу екен деген (байлам)
жасамау керек. Адамның мінез-құлқында, "өзінің мақсаты жағынан иррационалды"
аффектілер мен "эмоциялық ахуалдар" ойнайтын рөлді және ұтымдылық мақсатында
түсініп қарастыру өздігінен алғанда басқа мақсаттар үшін енді ұтымды "құралдар" ретінде
түсіндіріле алмайтын, жай ғана әрі қарай ұтымды тәпсірлеуге жол бермейтін мақсатты
бағыттылық ретінде қабылдануға тиісті мақсаттарға ұдайы тап болып отыратын фактыны
ескермесек, - тіпті егер олардың туындауы одан арғы "психологиялық" ұғынықты
түсіндіру пәні кызметін атқара алатын күнде де, - дәл сондай табыспен мүлдем кері
нәрсені кесіп айтуға болар еді. Рас, ұтымды түсіндіруге болатын мінез-құлық түсінікті
байланыстарды әлеуметтанушылық талдау барысында барынша лайықты "мінсіз тұрпат"
жасауға өте жиі мүмкіндік береді. Әлеуметтану, тарих секілді, қарекеттердің ұтымдылық
тұрғысынан түсінікті байланыстарына негіздей отырып, әуелі "прагматикалық"
түсініктеме береді. Саяси экономияда "экономикалық адамның" ұтымды конструкциясы
нақ солай жасалады. Түсіне білетін әлеуметтануда да дәл сондай әдіс қолданылады.
Өйткені біз оның ерекше объектісі деп "ішкі ахуалдың" немесе сыртқы қатынастың кез-
келген түрін емес, қарекетті санаймыз ғой.
"Қарекет" деп (қасақана қарекет жасамауды немесе қалыс қалуды қоса) біз әрқашан
"объектілерге" түсінікті қатынасты, яғни, көріну дәрежесіне қарамастан онда
(субъективті) магына "болғандығымен" немесе соны көздегендігімен ерекше
сипатталатын қатынасты айтамыз. Буддистік сырттай тамашалау мен христиандық
тақуалық қарекет жасаушы адамдар үшін саналы түрде "ішкі" объектілерге, ал
материалдық игіліктерді жұмсайтын адамның ұтымды экономикалық қызметі - "сыртқы"
объектілерге жатқызылған. Түсіне білетін әлеуметтану үшін ең алдымен мінез-құлық
ерекше маңызды болып табылады, ол біріншіден, қарекет жасайтын адам субъективті
топшылайтын мағына бойынша басқа адамдардың мінез-құлқымен салыстырылады,
екіншіден, сондай-ақ оның осынау саналы түрдегі салыстырумен анықталады, және,
үшіншіден, осынау (субъективті) топшыланатын мағынадан өрбітіліп, ұғынықты
түсіндіріле алады. Субъективті саналы түрде сыртқы дүниемен, соның ішінде
басқалардың қарекеттерімен аффективті қарекеттер де, "өзінің ар-намыс сезімі",
"мақтаныш", "көре алмау", "қызғаншақтық" секілді мінез-құлық үшін жанама релевантты
"эмоциялық ахуал" да салыстырылады. Алайда түсіне білетін әлеуметтануды бүл арада
қызықтыратын нәрсе бұрын құбылыстар, мысалы, пульстің немесе реакция
жылдамдығының өзгеруі және тағысын тағылар секілді, бұрын "психофизикалық" деп
аталған физиологиялық құбылыстар және де сол құбылыстарды сипаттауға көмектесетін,
мысалы, рахатты немесе бейрахатты түйсіну мен ширығудың ұштасуы секілді таза
психикалық мәліметтер емес. Әлеуметтану оларды қарекеттің мағыналық (ең алдымен
сыртқы) сәйкестігі тұрпаттары бойынша жіктейді, сондықтан ұтымды мақсаттылық оған -
көп ұзамай көретініміздей - нақ оның иррационалдылығының дәрежесін бағалау үшін
мінсіз тұрпат қызметін атқарады.