Page 137 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
137
әдістемелік принциптерін белгілеп алып, зерттеуші содан кейін сол материалды өңдеуді
тол мақсат деп қарастырады да жекелеген фактыларды соңғы идеяларға саналы түрде
жатқызу арқылы олардың танымдық құндылығын енді тексеріп жатпайды және зерттеліп
жатқан фактыларды бөліп алу солардан туындайтыны туралы жалпы ойланып та
жатпайды. Солай болуға тиісті де. Алайда бояулар басқаша болатын сәт туады: санасыз
қолданылатын көзқарастардың маңыздылығына нәргүмандық пайда болады, ымырт
тұсында жолдан адасады. Мәдениеттің маңызды проблемаларына нұр төгіп тұрған сәуле
сонау қиырда семеді. Сонда ғылым да, оқиғалар тасқынына адам ойының асқарынан қарап
тұру үшін өзінің позициясын да, өзінің ұғымдық аппаратын да өзгертеді. Ол өзінің
жұмысына мағына бере алатын, сөйтіп оны тиісті жолға салып жіберетін шоқжұлдыздар
соңынан ереді. [...]
"Макс Вебер. Избранные произведения.
Фрагменты. М, 1990 г. "
басылымынан қазақшалаған
философия ғылымының кандидаты
Ақтолқын ҚҰЛСАРИЕВА мен
Қазақстанның еңбек сіңірген
мәдениет қызметкері
Нұрмахан ОРАЗБЕК.
Макс ВЕБЕР
ТҮСІНЕ БІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ КЕЙБІР КАТЕГОРИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ
I. "Түсіне білетін" әлеуметтану мағынасы
Адамдардың құлқында ("сыртқы" және "ішкі"), кез-келген процестегі секілді, байланыстар
мен реттілік аңғарылады. Ұғынықты түсіндіріле алатын байланыс пен реттілік қалай
дегенде де толығымен, тек адам құлқына тән. Таразылау арқылы алынған адамдар құлқын
"түсінудің" ерекше, өзінің дәрежелі жағынан әбден әрқилы сапалық "анықтығы" болады.
Таразылауда мұндай анықтықтың ерекше жоғары дәрежеде болу фактысы өздігінен
алғанда оның эмпиристік маңыздылығына тіпті де айғақ бола алмайды. Өйткені, өзінің
сыртқы қасиеттері мен өзінің нәтижелері бойынша бірдей қылық сарындардың тоғысуына
негізделуі мүмкін, солардың ең түсінікті де анығының өзі әрқашан айқындаушы сарын
бола бермейді. Байланыс дегенді "түсінуді" - мүмкін болғанынша әрқашан, тіпті ең анық
тәпсірдің өзін "ұғынықты түсіндіру" ретінде қабылдамас бұрын, каузалдық себептілік
тоғыстырудың әдеттегі әдістерінің көмегімен бақылаудан өткізіп алу керек. Ұтымдылық
мақсатындағы тәпсір бәрінен "анықтығымен" өзгешеленеді. Ұтымдылық мақсатындағы
құлық деп біз айна-қатесіз қабылданған мақсатқа (субъективті) жетуге сәйкес секілді
көрінетін /субъективті/ құралдарға ғана бағдарланған құлықты айтамыз. Біз тек
ұтымдылық мақсатындағы құлықты ғана емес, аффектілерге негізделген типтік
процестерді де, олардың адамдар құлқына тигізетін типтік салдарларын да "түсінеміз".
Эмпиристік пәндер үшін "түсініктінің" айқын шекарасы жоқ. Экстаз бен мистикалық
қиналыс, психопатиялық байланыстардың белгілі тұрпаттары мен сәбилердің құлқы
(сондай-ақ осыған байланысты бізді қызықтырмайтын жануарлардың құлқы) біз түсіне
алмайтын және басқа процестер секілді соған негіздеп түсіндіре алмайтын нәрселер. Гәп
"қалыпты жағдайдан ауытқу" атаулыны біздің түсіне және түсіндіре алмайтынымызда
емес. Керісінше, нақ мүлдем "түсініктінің" және сонымен бірге "дұрыс тұрпатқа" (көп
ұзамай түсіндірілетін мағынада) толық сәйкес келетін "қарапайымның" сырына бойлау
түсінудің орташа деңгейінен айтарлықтай жоғары жатқан міндет болуы мүмкін. Айта