Қазақстанның ашық кітапханасы
133
сипатта болады. "Әркім өз жүрегінде нені сақтаса, соны көреді" - маңызды пікірлер
қашанда көзге көрінген нәрсені логикалық өңдеуді, яғни ұғымдардың қолданылуын қажет
етеді. Әлбетте, оларды
in petto
(лат. - жүрек түкпірінде) жасыра алады, мұнда тіпті белгілі
эстетикалық ләззат та бар, алайда, мұндай қарекеттер, әдетте, оқырманды шатастырады,
кейде тіпті автордың өз пікірлерінің жемістілігі мен маңыздығы жөніндегі сеніміне теріс
ықпал да жасайды.
Экономикалық және әлеуметтік-саяси сипаттағы практикалық пікірлер білдіруде анық
ұғымдар жасаудан бас тарту ең елеулі қауіп болып табылады. Маман емес адамға,
мысалы, "құндылық" терминін, біздің ғылымның осынау сәтсіз перзентін, қандай да бір
мәнді мағына тек мінсіз-типтік мағынада ғана беріле алатын терминді қолдану, немесе,
жалпы анық ұғымдарды пайдалануға жол бермейтін "өнімді", "халық-шаруашылық
көзқарас тұрғысынан" деген сөздерді қолдану қандай былық енгізгенін елестетудің өзі
қиын. Және де барлық қырсық нақ күнделікті тілден алынған ұжымдық ұғымдарды
қолдануға саяды. Біздің ойымыз маман еместерге де түсінікті болу үшін, мектеп
қабырғасынан-ақ белгілі "ауыл шаруашылығы" секілді ұғымды ол "ауыл
шаруашылығының мүддесі" деген сөз тіркесі құрамындағы маңызына тоқталайық. Әуелі
эмпириялық жағынан белгіленетін, жекелеген шаруашылық жүргізетін индивидтердің
өзінің мүддесі азды-көпті анық субъективті түсінігін білдіретін "ауыл шаруашылығы
мүдделерін" аламыз; бүл орайда біз асыл тұқымды мал өсіруге немесе мал өнімдерін
өндіруге, дән өсіруге немесе жемшөптік базаны кеңейтуге, дәннің ашуы өнімдерін
дистилляциялауға және т.т. байланысты қисапсыз мүдделер қақтығысын мүлдем былай
қоя тұрамыз. Егер әрбір адамға болмаса да, бері салғанда, маманға аталмыш ұғым туралы
көмескі түсініктер кереғар құндылықтық қатынастардың қақтығысуының қандай күрделі
түйінін құрайтыны жақсы белгілі. Олардың кейбіреулерін ғана атап шығайық: өзінің
шаруашылығын сатқысы келетін, сондықтан жер бағасының тез көтерілуін қалайтын
егіншінің мүддесі; жер телімін сатып алғысы, ұлғайтқысы немесе жалға алғысы келетін
адамның оған кереғар мүддесі, белгілі бір жерді әлеуметтік абырой пиғылымен өзінің
ұрпақтарына сақтап қалғысы келетін, демек, жерге иелік етудің тұрақтылығын қалайтын
адамның мүддесі; жеке мүддесі үшін және балаларының мүддесі үшін жердің ең жақсы
қожайынның меншігіне немесе - тіпті де ондай емес - капиталы ең көп аларманға өтуіне
ұмтылатын адамдардың әлгіге кереғар позициясы; экономикалық өріс ішінде тауарлардың
еркін қозғалуын қалайтын, жекеменшік шаруашылық мағынасында, "ең шаруақор"
қожайындардың экономикалық мүддесі; үстемдік ететін белгілі бір жіктердің өзінің
сословиелік "статусы" мен өз ұрпақтарының "статусының" мұраға қалған әлеуметтік және
саяси позициясын сақтап қалуға бағытталған жоғарыдағы мүддемен қақтығысатын
мүддесі; ауыл қожайындарының ішінде үстемдік жүргізбейтін жіктердің өздерінен
жоғары тұрған, өздеріне қысым жасайтын жіктерден азат болуын қалайтын әлеуметтік
арман-тілегі; бірқатар жағдайларда бұған кереғар жоғары жіктерде өздерінің мүддесіне
қарекет жасайтын саяси көсемге ие болуға ұмтылыс. Біздің тізімді, біз оны жалпылама
нобайлап, дәлдікке тіпті де ұмтылмай-ақ жасасақ та, жалғастыра беруге болар еді, бірақ
сонда да аяғына дейін жете алмас едік. Біз бүл арада жоғарыда санамаланып шыққан таза
"эгоистік" секілді мүдделермен барынша әрқилы мінсіз құндылықтар ұштаса, байланыса
алатын, оларға кедергі қызметін атқара алатын немесе оларды басқа жаққа бұрып жібере
алатын фактысын қозғап отырған жоқпыз және тек "ауыл шаруашылығының мүддесі"
туралы айтқандай, біз әдетте егіншілердің өздері өздерінің "мүдделерімен"
байланыстыратын тек материалдық және мінсіз құндылықтарды ғана емес, біз ауыл
шаруашылығын салғастыратын, кейде оларға мүлдем гетерогенді құндылықтық
идеяларды да қаперге алатынымызды ескерте кетеміз. Мысалы: халыққа арзан және, ылғи
да сәйкес келе бермейтін, өзінің сапасы жағынан жақсы тамақ өнімдерін беруге
мүдделілікпен байланысты өндірістік мүдделер сондай, бұл орайда қала мен деревня