Page 132 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
132
Мәдениет туралы ғылымдарда ұғым мен ұғынылған нәрсенің арасындағы қатынас сондай,
синтез әрқашан өтпелі сипатта болады. Біздің ғылымда ірі ұғымдық конструкциялар
жасау әрекеттерінің маңызы, әдетте, нақ мынада: олар өздерінің негізінде жатқан
көзқарастың маңызының шекараларын көрсетеді. Әлеуметтік ғылымдарда ең ілгерілеп
барған табыстар өзінің мәнісінде практикалық мәдени проблемалардың өзгеруімен
байланысты және ұғымдардың жасалуын сынау пошымын алған. Біздің журналдың аса
маңызды міндеттерінің бірі сол сынның мақсатына, сол арқылы әлеуметтік ғылымдар
саласындағы синтез принциптерін зерттеуге қызмет ету болады.
Сонымен, жоғарыда айтқанымыздан бұлжымай, біздің көзқарасымыз тарихи мектептің
(біз өзімізді де сол мектептің тәрбиеленушілері санатына жатқызамыз) жекелеген аса
көрнекті өкілдерінің көзқарасынан өзгешеленетін пунктке келеміз. Гәп мынада, олар әрбір
ғылымының түпкі мақсаты, міндеті оның материалын ұғымдар жүйесінде реттеу, олардың
мазмұнын гипотезалардың жасалуы мен шынайылығының айғақтарының эмпириялық
заңдылығын байқап бақылау арқылы алып, бірте-бірте жетілдіре беру, мұны бұл
"аяқталған", сондықтан да дедуктивті ғылымның дүниеге келуіне жеткізген сәтке дейін
жалғастыра беру керек деген пікірді ашық немесе үнсіз ұстанады. Осы заманғы
тарихшылардың біздің ғылымның кемелденбегендігінен туындайтын индуктивті
зерттеулері аталған мақсатқа жетуде алғашқы саты қызметін атқарады-мыс. Мұндай
көзқарас тұрғысынан, әлбетте, алыс болашақтың аталған мақсатының асығыстықпен
алдын алатын секілді жіті ұғымдарды жасау мен қолданудан неғұрлым күмәнді ештеңе
жоқ болып көрінуге тиіс. Осынау көзқарас танымның антик-схоластикалық теориясы
топырағында принциптерінде теріске шығарыла алмайтын болар еді; оның негізгі
қағидалары әлі күнге дейін тарихи мектепті зерттеушілердің негізгі бұқарасының ойлау
жүйесінде орын теуіп отыр: ұғымдар "объективті" нақты болмыстың бейнесі, ол туралы
өзіндік бір түсінік болуға тиіс деп топшыланады; барлық жіті ұғымдардың нақты еместігі
туралы ұдайы қайталанып отыратын нұсқау осыдан. Осы заманғы таным теориясының
Канттан бастау алатын негізгі идеясын, эмпириялық аталмыш дүниеге рухани үстемдік
жасау үшін тек ойша құралдар бола алады деген идеяны шып-шырғасыз ой елегінен
өткізетін адам жіті генетикалық ұғымдар сөзсіз мінсіз типтер болатындығынан олардан
бас тартудың негізін көре қоймайды. Ондай зерттеуші үшін ұғым мен тарихи зерттеу
арасындағы қатынас жоғарыда айтқанға кереғар болады: сол түпкі мақсат оған логика
тұрғысынан мүмкін емес болып көрінеді, ол үшін ұғымдар - мақсат емес, мақсатқа
жетудің құралдары, мақсат маңызды байланыстарды индивидуалдық көзқарас тұрғысынан
танып-білу. Тарихи ұғымдардың мазмұны қажетті түрде өзгеріп отыратындықтан, нақ
сондықтан олар әрбір жолы айқын тұжырымдалған болуға тиіс. Зерттеуші ұғымдарды
қолдануда олардың ойша мінсіз жасалған конструкциялар ретіндегі сипаты әрқашан атап
көрсетілуіне, мінсіз тип пен тарих қатаң ажыратылуына ұмтылатын болады. Жетекші
құндылықтық идеялардың сөзсіз өзгеруі тұсында ортақ ақтық мақсат қызметін атқаратын
шынында да анық ұғымдарды талдап әзірлеу мүмкін еместіктен, аталған зерттеуші нақ
кез-келген оқшау көзқарас үшін анық, бір мәнді ұғымдар жасау арқылы олардың
маңыздылығының шекарасын айқын парықтау мүмкіндігі жасалмайтынына сенеді. Бізге,
жекелеген жағдайда нақты тарихи байланыс оны белгілі бір ұғымдармен ұдайы
салыстырмай-ақ әбден анық көрсетіле алады дейді (біз онымен бұрын-ақ келіскенбіз).
Және сондықтан біздің саладағы тарихшы, саяси тарих саласындағы зерттеуші секілді,
"күнделікті өмір тілімен" сөйлей алады деп ұйғарады. Әрине! Тек бұған мынаны қосу
керек: мұндай әдіс қолданылғанда қарастырылып отырған құбылыс маңыздылыққа ие
болатын көзқарасты айқын парықтау тек кездейсоқтық бола алатыны ықтималдықтан
әлдеқайда артық. Біз әдетте саяси тарих зерттеушісі секілді қолайлы жағдайда емеспіз, ол,
әдетте, өзінің баяндауын бір мәнді - немесе солай көрінетін - мәдениет мазмұнымен
салғастырады. Оқиғаны әрбір суреттей баяндау әрқашан қандай да бір дәрежеде көркемдік