Page 134 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
134
мүдделерінің арасында барынша алуан түрлі коллизиялар туындауы мүмкін; әрқилы
демографиялық теориялар, әсіресе "мемлекеттік" мүдделермен, саяси өкімет немесе ішкі
саясат проблемаларымен яки басқа мінсіз, сипаты жағынан әрқилы мүдделермен
байланысты, соның ішінде аталмыш ел мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне, ауыл халқының
өсіп келе жатқан санының топшыланған ықпалымен болсын, әйтеуір ауылдағы халықтың
мол болуына мүдделілік сондай; осынау демографиялық мүдделілік өз кезегінде ауыл
халқының барлық жіктерінің әрқилы жеке шаруашылық мүдделерімен, аталмыш уақытта
тіпті ауыл халқының бүкіл бұқарасының мүдделерімен қақтығысып қалуы мүмкін. Әңгіме
сондай-ақ ауыл тұрғындарының белгілі бір әлеуметтік жіктелуіне мүдделілік туралы да
өрби алады, өйткені бүл саяси немесе мәдени ықпалдың факторы ретінде пайдаланыла
алады - мұндай мүдде оның бағыттылығына қарай жекелеген қожайындардың да,
"мемлекеттің" де қазіргі және болашақтағы барлық ойға келуі мүмкін, барынша тікелей
мүдделерімен қақтығысқа түсе алады. Және ақыр соңында , - іс жағдайын үстеп
шиеленістіре түсетін нәрсе - осынау және басқа осындай жекелеген көптеген мүдделерді
біз "мүддесімен" байланыстыруға бейім "мемлекет", көбіне-көп құндылықтық идеялардың
өте күрделі шиеленісуінің жай ғана бүркеніші қызметін атқарады, біз мемлекетті солармен
қажетіне қарай салғастырамыз, олар: шекаралар қауіпсіздігінің таза әскери шаралары;
елдің ішінде әулеттің немесе белгілі бір таптардың үстемдік жағдайын қамтамасыз ету;
ұлттың өзінің мүддесі үшін немесе белгілі бір объективті, өзінің табиғаты жағынан әбден-
ақ әрқилы мәдени құндылықтарды (оларды біз, мемлекетке біріккен халық ретінде,
бейнелейтін секілді болып көрінеміз) сақтау үшін формалды мемлекеттік бірлік пен ұлтты
сақтап, нығайту; белгілі бір, сондай-ақ әбден әрқилы мәдени мұраттарға сәйкес
мемлекеттің әлеуметтік құрылысын өзгерту. Егер біз "мемлекеттік мүдделер" дейтін
жинақтаушы ұғымға ("ауыл шаруашылығын" біз сонымен салғастыра аламыз) кіретін
барлық нәрсені көрсетіп қана қоюға тырыссақ, мұның өзі бізді бір қиырға жетелеп кетер
еді. Біз алған мысал, одан да бетер біздің жинақтап талдауымыз, дөрекі де тым қарапайым.
Маман емес адам дәл осылай (және біз істегеннен гөрі іргелірек) "жұмысшылардың
таптық мүддесі" ұғымын талдап шығуға тырысып көрсін, сонда ол бүл ұғымда, бір
жағынан, жұмысшылардың мүдделері мен мұраттарының, екінші жағынан, біз
жүмысшылардың жағдайын қарастыратын тұғыр ретінде алған мұраттардың қандай
қарама-қайшылықты түйіні жатқанын көре алады. Мүдделер күресі барысында
жарияланатын ұрандарды олардың "салыстырмалылығына" таза эмпириялық екпін
түсірумен еңсеру мүмкін емес. Ешқандай мағынасы жоқ сөз тіркестерінің өрісінен
шығудың бірден-бір амалы - әрқилы ықтимал көзқарастардың анық қатаң ұғымдарын
белгілеу. Дүниетаным немесе маңызды норма ретінде "сауда еркіндігіне уәж келтіру" -
ақымақтық, алайда, дүниенің аса ұлы коммерсанттарының, олардың мінсіз-типтік
формулаларында білдірілген ежелгі өмірлік кемеңгерлігінің эвристикалық құндылығын
біздің жете бағаламауымыз, біздің сауда саясаты саласындағы зерттеулерімізге зиянын
тигізді, әйтеуір бір адам сауда саясатының қандай мұраттарын басшылыққа алуға
ұмтылатынына тәуелсіз солай болып шықты. Әрбір нақты жағдайда қарастырылатын
көзқарастар мінсіз-типтік ұғымдық формулалар арқасында ғана өзіндік ерекшелігінде
шын мәнінде айқын болып шығады, өйткені олардың өзіндік ерекшелігі эмпириялық
мәліметтердің мінсіз типпен текетіресі арқылы ашылады. Ал күнделікті өмір тіліне тән
дифференциацияланбаған ұжымдық ұғымдарды пайдалану, әдетте, ойлаудың немесе
толқудың бұлыңғырлығын бүркемелейді, көбіне-көп күмәнді айла-шарғылардың амалы
және әрқашан - мәселенің дұрыс қойылуына жол бермеудің құралы қызметін атқарады.
Біз бір ғана мақсатты - ғылым мен сенім арасындағы, көбіне тым мардымсыз болатын су
айрықты көрсетіп, әлеуметті-экономикалық танып-білудің мағынасы неде екенін түсінуге
жәрдемдесу мақсатын көздеген толғамымызды аяқтап қалдық. Эмпиристік білім
атаулының объективті маңыздылығы мынада - және тек қана сонда, - аталмыш нақты