Page 131 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
131
мұрнына су жетпейтін оқушы, тек жаңа бастаған филолог секілді, тілді әу баста "табиғи"
түрде, яғни нормаларға бағындырылған, эмпирияда жоғары тұрған тұтастық деп
қабылдайды; ғылымның міндеті - сөз сөйлеудің ережелері деп нені санауымыз керектігін
белгілеу. "Филология" әдетте өзінің алдына қоятын бірінші міндет - мысалы,
Accademia
della Crusca
’да істелгеніндей, "жазба тілді" логикалық ұқсату; оның мазмұнын ережелерге
сәйкестендіру. Және егер бір жетекші филолог, "әрбір адамның тілі" филология объектісі
бола алады деп мәлімдеп жүрсе, онда мұндай мәселені алға тартудың өзі жазбаша сөзде
салыстырмалы түрде орныққан, тіпті болмағанда, үнсіз алғышарт түрінде қабылдап, тілдің
сан қырлылығын зерттеуде қолдануға болатын мінсіз тип берілгеннен кейін ғана мүмкін
болады; мұнсыз зерттеу шекарадан да, бағдардан да айрылады. Жаратылыстық-құқықтық
және органикалық теорияларда конструкциялар нақ солай қызмет етеді, немесе, біздің
түсінігіміздегі мінсіз типке оралсақ, Б. Констанда антик мемлекет теориясы сондай; олар,
зерттеушілер эмпириялық мәліметтердің шексіз-шетсіз теңізіне бағдарлана білуді
үйренгенше, қажетті гавань секілді қызмет ете береді. Ғылымның кемелділігі әрқашан
мінсіз типті, ол эмпириялық маңызды нәрсе ретінде немесе тектік ұғым ретінде
ойластырылатын шамада еңсеруден көрінеді. Алайда Констанның қызықты
конструкциясы антик мемлекеттік өмірдің белгілі бір қырлары мен оның тарихи
ерекшелігін анықтау үшін пайдалану, бүл конструкцияның мінсіз-типтік сипатын естен
шығармасақ, бүгіндері де мүлдем орынды. Мәңгі жастық тарту етілген ғылымдар бар,
және соларға барлық тарих пәндері жатады, мәдениеттің мәңгілік қозғалысында олардың
алдынан ылғи да жаңа проблемалар көлденеңдеп отырады. Олар үшін басты міндет
барлық мінсіз-типтік конструкциялардың өткінші сипаты және сонымен бізге жаңа
конструкцияларды жасаудың тұрақты қажеттігі.
Тарихи ұғымдардың "шынайы", "ақиқат" мағынасын анықтау әрекеттері ұдайы жасалып
жатады және аяқталар түрі де жоқ. Сондықтан, тарих пайдаланатын синтездер, әрқашан не
салыстырмалы түрде анық ұғымдар, не - егер ұғымдық мазмұнға бір мәнділік беру қажет
болса - ұғым абстрактты мінсіз типке айналады да, сол арқылы теориялық, демек,
"сыңаржақ" көзқарас болып шығады, ол көзқарас нақты болмыс салғастырыла алатын
нақты болмысты көрсетуге қабілетті, бірақ, соз жоқ, нақты болмысты толық қамтуға
қабілетті схема қызметін атқаруға жарамсыз. Ондай ойша жүйелеудің, нақты болмыстың
қандай да бір маңызды құрамдас бөлігін ұғынуға ұмтылғанда біз онсыз шамамыз
келмейтін жүйелеудің бірде-біреуі оның ұшы-қиырсыз байлығын түгендеп бере алмайды
ғой. Олардың бәрі біздің біліміміздің аталмыш деңгейінде және біздің қолымыздағы
ұғымдық құрылымдар тұсында біз оз мүдделеріміздің шеңберіне енгізген фактылар
былығына реттілік енгізу әрекетінен басқа ештеңе де емес. Өткенді ойша өңдеу арқылы,
ал шындығында тікелей берілген нақты болмысты ойша өзгерту және оны сол заманның
танымы мен мүдде бағытына сәйкес келетін ұғымдарға енгізу арқылы талдап әзірлеген
ойлау аппараты біз жаңа таным арқылы нақты болмысты біз ала алатын және алғымыз
келетін нәрсеге әрқашан қарсы тұрады. Мәдениет туралы ғылымдарда зерттеу прогресі
осы күресте жасалады. Оның нәтижесі - біз нақты болмысты солардың көмегімен ұғынуға
тырысқымыз келетін ұғымдардың өзгеруінің ұдайы жүріп жататын процесі. Міне
сондықтан әлеуметтік өмір туралы ғылымдардың тарихы дегеніңіз ұғымдарды талдап
әзірлеу арқылы фактыларды ойша ретке келтіру, сондай реттеу нәтижесінде алынған
бейнелерді ғылыми көкжиекті кеңейту мен түру арқылы орын-орнына қою әрекеттерінің
ұдайы алмасып отыруы, және сондай өзгертілген негізде жаңа ұғымдар жасау әрекеті.
Мұнан жалпы ұғымдар жүйесін жасау әрекетінің дәрменсіздігі көрінбейді - әрбір ғылым,
соның ішінде тек баяндаушы тарих та, өз заманының ұғымдар кешенінің көмегімен
жұмыс істейді, - мұнан мына бір жағдай көрінеді: адамзат мәдениеті туралы ғылымдарда
ұғымдар жасау аталмыш мәдениетте қарастырылып отырған проблема қандай орын
алатындығына тәуелді, ал ондай орын мәдениеттің өзінің мазмұнымен бірге өзгере алады.