Қазақстанның ашық кітапханасы
130
мынада: бүл арада тарихи білім теорияға қызмет етеді, ал іс жүзінде керісінше болуға тиіс.
Теоретик мұндай қатынасты өздігінен-ақ солай болуға тиісті нәрсе деп қарастыруға оп-
оңай бейім тұрады немесе, одан да жаманы, теория мен тарихты бір-біріне итермелеп
жақындастыруға және олардың арасындағы айырмашылықты жай ғана көрмеуге бейім
тұрады. Мұндай әрекеттер, егер дамудың мінсіз конструкциясы мен белгілі бір мәдени
құрылымдардың мінсіз типтерінің ұғымды топтастырып жіктелуі генетикалық
топтастырып жіктеу шеңберіне күштеп біріктірілсе, әлдеқайда өрескел білінеді (мысалы,
қолөнершілік өндірістің пошымдары мұндай топтастырып жіктеуде "тұйық үй
шаруашылығынан", ал діни ұғымдар "қас-қағым сәтке жасалған құдайсымақтардан"
өрбітіледі). Ұғымдық нышандар арқылы іріктеп алынған типтер дәйектілігі сонда қажетті,
тарихи дәйектілік заңына сәйкес келетін дәйектілік ретінде көрінеді. Бір жағынан,
ұғымдардың логикалық қатары, екінші жағынан - ұғынылған нәрсені кеңістікте, уақытта
және себептік байланыста эмпириялық реттеу, сонда бір-бірімен тығыз жымдасып кететіні
соншалық, конструкцияның нақты болмыстың нақты маңыздылығын беркіте түсу үшін
нақты болмысқа зорлық жасау пиғылы еңсерілместей болып шығады.
Бүл арада біз мінсіз-типтік конструкцияның өзіміз үшін ең маңызды мысалын келтіруден
саналы түрде бас тартып отырмыз - біз Маркстың тұжырымдамасын меңзеп отырмыз. Бұл
біздің зерттеуімізді Маркс ілімінің тәпсірлерімен одан сайын қиындата түспеу үшін,
оқиғалардың алдын орап кетпеу үшін істеліп отыр, өйткені біздің журнал өзінің алдына
осынау ұлы ойшыл туралы бүкіл әдебиеттің және оның ілімін жалғастыратын барлық
жұмыстардың сыншыл талдауын ұдайы беріп отыру міндетін қойды. Міне сондықтан біз
бүл арада мына жағдайды ғана атап өтеміз: даму процестері жөніндегі барлық өзінше
ерекше марксистік "заңдар" мен конструкциялар (олар теориялық қателіктерден
қаншалықты ада шамада) өзінің сипаты жағынан мінсіз-типтік нәрселер. Әйтеуір бір
кездерде марксистік ұғымдарды қолданып жұмыс істеген әрбір адам, егер оларды нақты
болмыспен салыстыру үшін пайдаланса, сол мінсіз типтердің қайталанбас эвристикалық
маңызы қаншалықты жоғары екенін жақсы біледі, бірақ дәл сол секілді, егер оларды
эмпириялық маңызды немесе тіпті нақты (яғни, шындап келгенде метафизикалық)
"қарекет жасайтын күштер", тенденциялар және т.б. деп қарастырса, олардың
қаншалықты қауіпті бола алатынын да біледі.
Мәдениет туралы ғылымдарда бар ұғымдық әдістемелік проблемалардың ұшы-қиырсыз
астасуын көрсету үшін ұғымдардың төмендегідей шкаласын келтіру жеткілікті; тектік
ұғымдар; мінсіз типтер; мінсіз-типтік тектік ұғымдар; тарихи тұлғаларға эмпириялық тән
ретіндегі идеялар; сол идеялардың мінсіз типтері, тарихи тұлғалардың мұраттары; сол
мұраттардың мінсіз типтері; тарихшы тарихты салғастыратын мұраттар; иллюстрация
ретінде эмпириялық мәліметтерді пайдаланатын теориялық конструкциялар; теориялық
ұғымдарды шекаралық мінсіз жағдайлар ретінде пайдаланатын тарихи зерттеу. Осынау
тізбеге бүл арада тек көрсетіп қана кетуге болатын, әрқилы ойша жасалған құрылымдар
секілді толып жатқан алуан түрлі қиындықтарды қосу керек, олардың жеке жағдайда
тікелей берілген эмпириялық нақтылық қатынасы біршама проблемалы. Мақсаты тек
проблемаларды көлденең тарту болып табылатын біздің мақаламызда, біз
методологияның практикалық маңызды мәселелерін, мінсіз-типтік танымның
заңдылықтарды танып-білуге, мінсіз-типтік ұғымдардың ұжымдық ұғымдарға қатынасы
және т.б. секілді мәселелерін байыпты қарастырудан бас тартуға мәжбүрміз.
Келтірілген нұсқалардың барлығына қарамастан, тарихшы бұрынғысынша, ұғымдар мен
конструкциялар жасаудың мінсіз-типтік пошымының үстемдігі ғылыми пәннің
балаңдығының өзіндік ерекше симптомы болып табылады деуден танбайтын болады.
Мұндай пікірмен белгілі бір дәрежеде келісуге де болады, рас, бұл орайда өзге
қорытындылар жасау керек. Басқа ғылымдардан бірнеше мысал келтірейік. Әрине,