Page 129 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
129
туралы айтатынымыздай барлық жағдайларда, әңгіме орташа типтен көбірек нәрсе туралы
болады. Нақты болмыста бұқаралық құбылыстар ретінде кездесетін процестерді жай ғана
топтастырып жіктеу туралы неғұрлым көбірек дәрежеде әңгіме болса, әңгіме соғұрлым
көбірек дәрежеде тектік ұғымдар туралы болғаны; керісінше, күрделі тарихи
байланыстардың өзіндік ерекше мәдени маңызының негізінде жататын компоненттерінен
өрбітіп, олардың ұғымдары неғұрлым көбірек дәрежеде жасалса, онда ұғым - немесе
ұғымдар жүйесі - өзінің сипаты жағынан мінсіз типке соғұрлым көбірек жақындайтын
болады. Өйткені мінсіз-типтік ұғымдарды жасаудың мақсаты әрқашанда санаға мәдениет
құбылыстарының тектік нышандарын емес, өзіндік ерекшелігін жеткізу ғой.
Мінсіз типтердің, соның ішінде тектік типтердің де, пайдаланыла алатындығы немесе
пайдаланылып жүргені фактысы, тағы бір жағдайға байланысты ерекше әдістемелік
мүддені көрсетеді.
Осы кезге дейін біз, шындап келгенде, мінсіз типтерді, оқиғалар ағынында бола отырып,
бізге өз дамуындағы "тарихи индивидуумдар" болып көрінетін байланыстардың
абстрактты ұғымдары ретінде ғана қарастырдық. Енді бұл арада бір бөгет бой көтереді,
өйткені "типтік" ұғымы жалған натуралистік идеяны бірден енгізеді, ол идея бойынша
әлеуметтік ғылымдардың мақсаты дегеніміз нақты болмыстың элементтерін "заңдарға"
тоқайластыру болып шығады. Гәп мынада, дамудың мінсіз типі де конструкциялана
алады, және ондай конструкциялар бірқатар жағдайларда көбірек эвристикалық маңызға
ие болады. Бірақ бұл орайда мінсіз тип иен нақты болмыс арасындағы омақаның
көмескілене түсу қатері төнеді. Мысалы, қоғамды "кәсіпке" қарап қатаң ұйымдастырған
жағдайда капитал жинақтаудың бірден-бір көзі жер рентасы болып табылады деген
теориялық қорытындыға келуге болады. Осы негізде, тегінде, белгілі бір мүлдем
қарапайым факторлардан (шектеулі жер аумағы, халық санының өсуі, асыл металдардың
келіп жатуы, өмір салтын ұтымды ету секілді) туындайтын қолөнершілік шаруашылықты
капиталистік шаруашылыққа айналдырудың мінсіз типін конструкциялауға (бұл арада біз
мұндай конструкцияның дұрыстығын тексеріп жатпаймыз) болады. Дамудың тарихи
процесі шынында да аталмыш конструкция арқылы білдірілгеніндей болды ма, мұны
соның эвристикалық көмегімен - мінсіз типті "фактылармен" салыстыра отырып
анықтауға болады. Егер мінсіз тип "дұрыс" конструкцияланған болып, бірақ дамудың шын
процесі мінсіз-типтік процеске сәйкес болмай шықса, біз сол арқылы орта ғасырлардағы
қоғам бірқатар белгілі мезеттерде өзінің сипаты жағынан қатаң "қолөнерші" қоғам
болмағанының айғағын алар едік. Ал егер мінсіз тип эвристикалық "мінсіз" мәнерде
құрастырылған болса (бұл біздің мысалда орын алды ма және қалайша орын алды, мұны
біз мүлдем былай қоя тұрамыз), онда ол зерттеушіні орта ғасырлық қоғамның қолөнермен
байланысты емес сол компоненттерін оның өзіндік ерекшелігінде және тарихи маңызында
неғұрлым айқын ұғынуға жетелейді. Егер мінсіз тип осындай қорытындыға алып келсе, ол
өзінің логикалық мақсатын, өзінің нақты болмысқа сәйкес келмейтінін нақ сонысымен
орындап шықты деп санауға болады. Бүл жағдайда ол гипотезаны тексеру болды.
Зерттеуші бір жағынан дамудың мінсіз-типтік конструкциясын, екінші жағынан, тарихты
қатаң ажыратып отыру керектігін және аталмыш жағдайда аталған конструкция күн ілгері
ойластырылған ниет бойынша тарихи құбылысты оның, біздің ойымызша, біліміміздің
орын алып отырған ахуалында мүмкін болатын, шын себептеріне маңызды
тоқайластырудың құралы екендігін анық түсінетін тұста, мұндай әдіс әдістемелік
сипаттағы күмән туғызбайды.
Мұндай омақаны анық көруді қиындататын, бізге тәжірибемізден белгілі, көбіне бір
жағдай: мінсіз типті немесе мінсіз-типтік дамуды конструкциялағанда, зерттеушілер
иллюстрация ретінде тарихи шындықтың эмпиристік материалын келтіру арқылы оларға
көбірек анықтық беруге тырысады. Өздігінен алғанда әбден заңды әдістің қауіптілігі