Page 128 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
128
сенім ішінара ойша дамытылған рухани игілік; ішінара бұлдыр түйсінілетін немесе енжар
қабылданған барынша әрқилы реңктегі игілік болып табылады, ол, егер олар "идеяның"
өзін шынында да айқын ой таразысына салса, сол идеядан шығарылуға тиісті "мемлекет
туралы ортақ ілімді" қажетсінбейтін адамдар арқылы жүреді. Мемлекеттің ғылыми
ұғымы, ол қалай тұжырымдалмасын, әрқашан біз танымның белгілі бір мақсаттары үшін
жасайтын синтез болып табылады. Алайда сонымен бірге осынау синтез қандай да бір
шамада тарихи адамдардың ойлау жүйесінде байқалатын бұлдырлау синтездерден
абстракцияланған. Айтпақшы, замандастарымыздың осынау синтездерінде өзінің
көрінісін табатын тарихи "мемлекеттің" нақты мазмұны да тек олардың мінсіз-типтік
ұғымдарға бағдарлануы арқылы ғана бедерлі етіле алады. Сондай-ақ мына бір лсайт та
титімдей де күмән туғызбайды: замандастар жасайтын, өзінің логикалық пошымы
жағынан әрқашанда ойқы-шойқы синтездердің сипаты қандай екендігінің, олардың
мемлекет туралы идеясының қандай екендігінің (мысалы, "табиғи" мемлекеттің немістік
метафизикалық идеясының американдық "іскерлік" түсініктен айырмашылығы секілді)
бірінші дәрежелі практикалық маңызы болады. Басқаша айтқанда, бұл арада да маңызды
болуға тиіс немесе ойша маңызды практикалық идея және танымдық мақсатта
конструкцияланған теориялық мінсіз тип бір-біріне айналуға бейімділігін ұдайы көрсетіп,
қатарласа жүріп отырады.
Жоғарыда біз "мінсіз типті" көбіне (тек солай болмаса да) индивидуалдық, яғни өзінің
жалқылығымен маңызды, христиандық, капитализм және т.т. секілді байланыстарды
өлшеу және жүйелі сипаттау үшін қажет ойша конструкция ретінде әдейі қарастырдық.
Бүл мәдениет құбылыстары саласында абстарктты типтік нәрсе абстрактты текті нәрсеге
ұқсас болады-мыс дейтін, ақиқатқа сай келмейтін кең таралған түсінікті әшкерелеу үшін
істелді. Бүл арада талай рет талқыланып жүрген және дұрыс қолданылуымен едәуір
дәрежеде абыройдан айрылған "типтік" деген ұғымның талдауын беру мүмкіндігіміз
болмаса да, біз "кездейсоқты" аластау мағынасында типтік ұғымдарды жасау да нақ
"тарихи индивидуумдар" өрісінде жүріп жатады деп ойлаймыз - мұны біздің бұрын
айтқандарымыздың бәрі айғақтайды. Әрине, тарихи баяндаудың және нақты тарихи
ұғымдардың компоненттері ретінде біз әрдайым байқайтын тектік ұғымдарды да
абстракциялау және олар үшін елеулі белгілі бір ұғымдық элементтерді күшейту арқылы
мінсіз типтерге айналдыруға болады. Практикада нақ осы жиі болып тұрады және мінсіз-
типтік ұғымдардың ең маңызды қолданылуы болып табылады; әрбір индивидуалдық
мінсіз тип өзінің табиғаты жағынан тектік және мінсіз типтерге айналдырылған ұғымдық
элементтерден құрастырылады. Және бүл жағдайда да мінсіз-типтік ұғымдардың өзіндік
ерекше логикалық қызметі байқалады. Егер ұғымдық компоненттер маңызына көңіл
қоймасақ, яғни жай ғана сөздің күнделікті пайдаланылуын талдасақ, мысалы, "айырбас"
деген сөз бірқатар құбылыстар үшін нышандар кешені мағынасында қарапайым тектік
ұғым бола алады. Ал егер аталмыш ұғымды "барынша пайдалылық заңымен"
салғастырсақ, сөйтіп экономикалық ұтымды процесс ретінде "экономикалық айырбас"
ұғымын жасасақ, онда бүл соңғысы, жалпы толық дамыған кез-келген ұғым секілді,
айырбастың "типтік" шарттары туралы пікірді бойына сіңіреді. Ол генетикалық сипатқа ие
болады да, сөйтіп логикалық мағынада мінсіз-типтік ұғымға айналады, яғни тек сонымен
салыстыруға, салғастыруға болатын эмпириялық нақты болмыстан аулақтайды. Дәл
осының өзі саяси экономияның "негізгі ұғымдар" деп жүргеніміздің бәріне қатысты:
генетикалық пошымда олар тек мінсіз типтер ретінде ғана дамытыла алады. Эмпириялық
құбылыстардың ортақ қасиеттерін қарапайым жай ғана біріктіретін тектік ұғымдар мен,
мысалы, мінсіз-типтік кәсіптің "мәнісі" ұғымы секілді, тектік мінсіз типтер арасындағы
қарама-қарсылық, әрбір жеке жағдайда, әрине, көмескі болады. Алайда бірде-бір тектік
ұғым өздігінен "типтік" ұғым сипатына ие емес, ал таза тектік "орташа" тип дегеніңіз
жалпы болмайтын нәрсе. Біз, мысалы, статистикалық зерттеу кезінде "типтік" шамалар