Қазақстанның ашық кітапханасы
127
үшін зор жүйелілік құндылыққа ие болады. Олардың осы қызметінде олар мүлдем
қажетті. Мұндай мінсіз-типтік бейнелеуге әдетте олардың маңызын одан бетер
күрделілендіре түсетін сәт тән. Олар тек логикалық қана емес, практикалық мағынада
мінсіз тип болғысы келеді немесе парықталмай-ақ солай болады, атап айтқанда "үлгі"
болуға ұмтылады, олар, егер мысалымызға қайтып оралсақ, зерттеушінің пікірі бойынша,
христиандық қандай болуға тиіс екенін, зерттеуші онда мені тұрақты құндылығын
сақтайтын елеулі нәрсе деп санайтынын көрсетеді. Егер бүл парықталған немесе, көбіне
солай болатынындай, парықталмаған күйде болып жатса, онда мінсіз типтерге зерттеуші
христиандыққа құндылық ретінде салғастыратын мұраттар енгізіледі. Аталмыш зерттеуші
өзінің христиандық "идеясын" бағдарлайтын міндеттер мен мақсаттар алғашқы
христиандар осынау ілім дүниеге келген заман адамдары христиандықпен салғастырған
құндылықтардан өте өзгешеленетін бола алады - және әрқашан солай болады. Өзінің
мұндай мәнінде "идеялар" әрине, - енді таза логикалық көмекші құралдар емес, салыстыру
арқылы нақты болмыс қатар қойылып, өлшенетін ұғымдар емес, олардың билігінен нақ
сол нақты болмысқа баға берілетін пікір айтылатын мұраттар. Ендігі әңгіме эмпириялық
құбылыстарды құндылықтарға жатқызудың таза теориялық операциясы туралы емес,
христиандық "ұғымына" енгізілген баға беретін пікірлер туралы. Нақ сондықтан мінсіз
тип бұл арада эмпириялық маңыздылықтан дәметеді, ол христиандыққа баға беріп
түсіндіру саласына килігеді - бұл енді эмпириялық ғылым емес; біздің алдымыздағы
мінсіз-типтік ұғымды жасау емес, адамның жеке басының мойындауы. Осындай
принципті айырмашылыққа қарамастан, "идеяның" түп-тамырымен өзгеше екі мәнін
араластырып жіберу тарихи зерттеуде өте жиі кездеседі. Тарихшы қандай да бір тарихи
тұлғаға немесе қандай да бір дәуірге өзінің "көзқарасын" өрбіте бастаған бойда ондай
араластыру мына тұрған жерде. Егер Шлоссер, ұтымдылық принципінен айнымай, өзгеру
дегенді білмейтін этикалық өлшемдерді қолданса, қазіргі релятивизм рухында
тәрбиеленген тарихшы, бір жағынан, өзі зерттеп отырған дәуірді "іш жағынан" түсінуге,
екінші жағынан ол туралы өзінің "пікірін" қалыптастыруға ұмтылып, ез пікірінің ауқымын
"материалдан" шығару қажеттігін, яғни мұрат мағынасындағы "идея", "идеядан" "мінсіз
типтегі" мағынаға дейін өсіп шығу қажеттігін сезінеді. Мұндай тәсілдің эстетикалық
тартымдылығы мынаған апарып соқтырады: осынау екі өрістің арасындағы шекара ұдайы
өшіріліп отырады да, соның нәтижесінде екідай шешім пайда болады, ондайда тарихшы
баға беретін пікірден бас тарта алмайды және бір мезгілде сол үшін жауапкершіліктен
жалтаруға тырысады. Мұндай жағдайда ғалымның өзін-өзі қадағалауының ең қарапайым
парызы және ондай түсініспестікке жол бермеудің бірден-бір құралы нақты болмысты
сөздің логикалық мағынасындағы мінсіз типтермен салғастыру мен нақты болмыс туралы
мұраттардан шығатын баға беретін пікір арасын күрт бөліп тастау болып табылады. Біздің
түсінігіміздегі (біз мұны қайталауға мәжбүрміз) "мінсіз тип", баға беретін пікірден
айрықша, мүлдем индиферентті бірдеңе және қандай бір өзге таза логикалық емес
"мінсіздікпен" үш қайнаса сорпасы қосылмайтын нәрсе. Бордельдердің мінсіз типі бар
және діндердің мінсіз типі бар, олардың біріншісіне келсек, олардың осы заманғы
полициялық этика тұрғысынан техникалық жағынан "орынды", және бұған тікелей
қарама-қарсы мінсіз типтері бола алады.
Біз бұл арада ең күрделі де қызықты феноменді - мемлекет ұғымының логикалық
құрылымы туралы мәселені егжей-тегжейлі қарастырудан бас тартуға мәжбүрміз. Тек
мынаны айта кетейік: егер біз эмпириялық нақты болмыста "мемлекет" идеясына не нәрсе
сәйкес келеді деген сұрақ берсек, онда ұшы-қиырсыз көп диффузиялық және дискретті
қарекеттер мен енжар реакцияны, іс жүзінде және заң жүзінде реттелген, не өзінің сипаты
жағынан жалқы, не ылғи қайталанып отыратын байланыстарды; шынында да маңызды
немесе сондай болуға тиісті нормаларға және адамдар арасындағы үстемдік-бағыныс
қатынастарына сенім болып табылатын идеямен біріккен байланыстарды байқаймыз. Бұл