Қазақстанның ашық кітапханасы
126
мазмұны, айқындығы мен мағынасы жағынан сан алуан реңктерге ие болады. Мәселен,
жекелеген индивидтердің рухани өмірінің компоненттері, мысалы орта ғасырлардың сол
индивидтердің "христиандық сенімі" деп қарастыруға болатын белгілі бір дәуірінде,
әрине, егер біз оларды толық қалпына келтіре алар болсақ, орта ғасырлық шіркеу сенім
мен құлық бірлігінің жоғары дәрежесіне қол жеткізе алғанына қарамастан, ойлар мен
сезімдердің шексіз дифференциацияланған және әбден кереғар былығын құрар еді.
Алайда осынау былықта біз әлдене берік белгіленген ұғым ретінде ұдайы қолдануға
мәжбүр болып отырған орта ғасырлардағы шынайы "христиандық" не болып еді, біз
ортағасырлық институттардан байқайтын сол шынайы "христиандық" неден құралатын
еді деген сұрақ көлденеңдегенде, біз бүл арада да әрбір жеке жағдайда өзіміз жасаған таза
ойша құрылымдарды пайдаланатынымыз бадырайып шыға келеді. Ол құрылым біз
"идея"синтезге біріктірген дін догматтарының, шіркеу құқығы мен инсаният
нормаларының, өмір салты ережелері мен қисапсыз байланыстың ұштасуы болып
шығады, ол "идея"синтезге мінсіз-типтік ұғымдарды қолданбай біз жалпы жете алмаймыз.
Біз ондай "идеяларды" білдіретін ұғымдар жүйесінің логикалық құрылымы, және сол
ұғымдардың эмпириялық нақтылықта бізге тікелей берілген нәрсеге қатынасы, әрине, бір-
бірінен мықтап өзгешеленеді. Егер әңгіме адамдарға билік жүргізіп, оларға тарихи ықпал
ететін, мысалы, Кальвиннің жазмыш туралы ілімі секілді формулалармен оңай
білдірілетін қандай да бір теориялық қағида (немесе олардың біреуі) немесе анық
тұжырымдалатын инсанияттық постулаттар туралы өрбитін жағдайда мәселе
салыстырмалы түрде оңай шешіледі; ондай "идеяны" ойлардың иерархиялық кезектілігіне
бөлшектеуге болады, олар ондай теориялық қағидалардан оңай шығарылады. Алайда бұл
арада да мына бір факт еленбей қалдырылады: ойдың тарихтағы таза логикалық ықпалы
өзінің маңызы жағынан қаншалық орасан зор болғанымен - мұның аса жарқын мысалы
марксизм бола алады - адамның ойлау жүйесін логикалық тұрғыдан туындаған процесс
деп емес, психологиялық процесс деп түсіндіру керек. Егер тілге тиек болған негізгі
қағидалар мен постулаттар, сол постулаттардан логика жолымен шығарылған немесе бір
кездері олардың негізінде жатқан "идея" не жантәсілім қылғандықтан, не әу бастан тек өз
қорытындыларында ғана қабылданғандықтан солар ассоциация арқылы туғызған ойларды
басшылыққа алатын индивидтердің ақыл-ойынан жалпы орын таппаса - немесе енді
орыннан айрылса - тарихи ықпалды идеялардың мұндай синтезінің мінсіз-типтік сипаты
анығырақ көрінеді. Аталған іргелі қағидалар әу бастан не толық парықталмаған (немесе
тіпті парықталмаған), не анық ойша байланыстар түрінде білдіріле алмаған жағдайларда,
аталмыш синтездің біз жасаған "идея" ретіндегі сипаты, одан да беделдірек көрінеді. Ал
егер біз осы синтезді жүзеге асырсақ (бұл өте жиі болып жатады және болуға тиісті де),
онда мұндай "идея" - мысалы, белгілі бір кезеңдегі "либерализм", "методизм" немесе
қандай да бір жеткілікті ойластырылмаған "социализмнің" бір түрі - біз түп қазық етіп
алған қандай да бір шаруашылық дәуірінің "принциптерінің" синтезінен айнымайтын таза
мінсіз тип болып шыға келеді. Анықтап алу туралы әңгіме болып отырған байланыстар
неғұрлым кеңірек болған сайын, олардың мәдени маңызы неғұрлым көп қырлы болған
сайын, олардың ұғымдар мен ойлар жүйесіндегі нақталған жүйелі бейнеленуінің сипаты
жағынан мінсіз типке соғұрлым жақындай түседі, ол тектес бір ғана ұғыммен соғұрлым аз
дәрежеде істі бітіруге болады, жаңа мінсіз-типтік ұғымдарды конструкциялау арқылы
маңыздылықтың жаңа жақтарын парықтаудың ылғи да қайталана беретін әрекеттері
соғұрлым табиғи да амалсыз қарекет бола түседі. Христиандықтың "мәнісінің" барлық
бейнеленуі, мысалы, мінсіз типтер болып табылады, егер оларды эмпириялық
нақтылықты тарихи қалпына келтіру ретінде қарастырсақ, олар әрқашан және тым
салыстырмалы және күмәнді маңызы бар нәрсе секілді көрінеді; керісінше, егер оларды
нақты болмысты солармен салыстыру мен қатар қойып көрудің ұғымдық құралдары
ретінде пайдаланылса, олар зерттеу үшін зор эвристикалық құндылыққа және бейнелеу