Page 125 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
125
мінсіз типті "теориялық конструкция" деп санап, оны тұжырымдау әрекетінен бас тартар
болса, яғни өзінің нақты танымдық мақсаты үшін ол жарамайды немесе қажеті жоқ деп
білсе, онда соның нәтижесінде, әдетте, бүл тарихшы, парықталған немесе парықталмаған
күйде, сондай басқа конструкциялармен, оларды белгілі бір тұжырымдамай-ақ және
оларды логикалық жағынан талдап әзірлемей-ақ, пайдаланатын болып шығады немесе ол
анықталмаған "түйсіктер" өрісінде қалып қояды.
Алайда теориялық түзілімдерде тарихи нақты оқиғалардың "шынайы" мазмұны, "мәнісі"
тіркелетініне сенім пошымында болсын, немесе бұл ұғымдарды тарихты зорлап
сыйғызатын Прокруст төсегі ретінде пайдалануда болсын, немесе, ақыр соңында,
"идеяларды" өткінші құбылыстардың ту сыртында тұратын нақты болмыс ретінде,
тарихта қарекет жасайтын нақты "күштер" ретінде гипостаздауда болсын натуралистік
соқыр сенімдерден бастау алатын теория мен тарихты араластырып жіберуден қатерлі
ештеңе де жоқ.
Бұлардың соңғысы бәрінен нақты қауіп екендігі мынадан: дәуір "идеялары" деп біз
қарастырылатын дәуірдің бұқарасына немесе ең көп тарихи маңызы болған адамдарына
үстемдік еткен, сол арқылы сол дәуірдің мәдени ерекшелігінің компоненттері ретінде
маңызды болған ойлар мен мұраттарды түсінуге - және бірінші кезекте түсінуге
дағдыланып кеткенбіз. Бұған тағы мынау да қосылады: ең алдымен практикалық немесе
теориялық бағыттылығы мағынасындағы "идея' мен дәуірдің мінсіз типінің ұғымдық
қосымша құралы ретінде біз конструкциялаған мағынасындағы "идея" арасында белгілі
бір байланыс болады. Белгілі бір қоғамдық ахуалдың дәуірдің бірқатар сипатты
әлеуметтік құбылыстарын абстракциялау арқылы конструкцияланған мінсіз тип
замандастарға ұмтылу қажет болатын практикалық мұрат, немесе, бері салғанда, белгілі
бір әлеуметтік байланыстарды реттейтін максима болып көріне алады - және бүл
шынында да жиі-жиі болып тұрады. "Азық-түлікпен қамтамасыз ету" "идеясымен" және
бірқатар канондық теориялармен, соның ішінде Фома Акваидың идеясымен олардың
жоғарыда айтылған, қазір пайдаланып жүрген орта ғасырлардың мінсіз типтік "қала
шаруашылығы" ұғымына қатынасы жөнінде осылай болып жүр. Және бұл, ең алдымен
саяси экономияның атышулы "негізгі ұғымына" - шаруашылықтық "құндылықтың"
ұғымына қатысты. Схоластикадан Маркс теориясына дейін "объективті" маңызды әлдене,
яғни болуға тиісті нәрсе туралы түсінік негізіне бағаның құралуының эмпиристік
процесінің элементтері алынған абстракциямен қосылып кетеді. Материалдық
игіліктердің "құндылығы" "жаратылыстық құқық" принциптерімен реттелуге тиісті
болатын бүл идея мәдениеттің дамуында тіпті де тек орта ғасырларда орасан рөл атқарып
қойған жоқ, және өзінің маңызын қазір де сақтап келеді. Ол бағаның эмпиристік
құралуына да интенсивті ықпал етті. Алайда мұндай теориялық ұғыммен ненің мінсіз-
типтік деген мағынадағы қатаң ұғымдар көмегімен айқын, бір мәнді ұғыныла алады; бүл
туралы абстрактты теорияның "робинзадасын" әжуалайтын адамдардың ойланып көргені,
сөйтіп өздері одан жақсырақ, яғни неғұрлым анық бірдеңе ұсына алғанша мазақ етуден
тиыла тұрғаны жөн болар еді.
Тарихи жағынан белгіленген, ақыл-ойды билеп-төстеген идея мен сол идеяға сәйкес
келетін мінсіз тип абстракциялана алатын тарихи нақтылық компоненттері арасындағы
каузалдық қатынас, әрине, барынша әрқилы пошымға ие бола алады. Тек олар өзінің
табиғаты жағынан мүлдем түрлі-түрлі екенін принципінде ұмытпаған маңызды. Алайда
бұған мынау келіп қосылады: белгілі бір дәуірдің адамдарына үстемдік еткен, яғни
олардың бойында диффузиялық қарекет жасайтын ондай идеялардың өздерін, егер әңгіме
қандай да бір күрделі ойша құрылымдар туралы болса, барлық ұғымдық қатаңдығына тек
мінсіз тип түрінде ғана ұғынуға болады, өйткені эмпириялық жағынан олар саны белгісіз
және ылғи өзгеріп отыратын индивидтердің миынан орын алып, оларда пошымы мен