Қазақстанның ашық кітапханасы
124
арқылы айқындала ала ма? Тарихшының тілінде ой білдірудің ағыл-тегіл қажеттігінен
өрбитін жүздеген сөздерде ойша құрылған бұлдыр бейнелер болады, олардың мәні тек
көзге елестегендей болғанымен, ой арқылы анық білдірілмейді. Ұшы-қиырсыз көптеген
жағдайларда, әсіресе оқиғаларды бейнелеуге ұмтылатын саяси тарих саласында олардың
мазмұнының бұлдырлығы картинасының айқындылығына нұқсан келтірмейді. Бүл арада
әрбір жеке жағдайда тарихшыға елестеген нәрсенің сезілетіні жеткілікті. Сондай-ақ
ұғымдық мазмұнның ішінара нақтылығы аталмыш жағдай үшін оның салыстырмалы
маңызында ойша елестетумен қанағаттануға да болады. Алайда мәдениет құбылысының
маңыздылығы неғұрлым анық түсінілуге тиіс болған сайын, тек ішінара ғана емес, жан-
жақты анықталған анық ұғымдарды пайдалану қажеттігі соғұрлым өзекті бола түседі.
Тарихи ойлау жүйесінде
genus proximus, differentia specifica
(лат. - ортақ тек, түрлік
айырмашылықтар) схемасы бойынша мұндай синтез "дефинициясы" жай ғана шалдыр-
шатпақ; бұған көз жеткізу үшін тексеру жүргізіп көру жеткілікті. Сөздің мәнін бұлай
белгілеу силлогизмдерді пайдаланатын тек догматтық ғылымдарда қолданылады. Аталған
ұғымдарды олардың құрамдас бөліктеріне жай ғана "суреттеп ажырату" деген де жоқ;
соның елесі ғана бола алады, өйткені барлық гәп құрамдас бөліктердің қайсысын елеулі
деп санауға болатындығында. Ұғымдық мазмұнның генетикалық дефинициясын беру
әрекеті жоғарыда көрсетілген мағынадағы мінсіз типтің пошымы ғана сақталатындығына
жетелейді. Бұл - тарихи да, әсіресе "шынайы" нақты болмыс та бола алмайтын ойша бейне
ғана. Ол нақты болмыстың құбылыстары жеке оқиға ретінде кіргізіле алатын схема
қызметін атқаруға одан да жарамсыз. Өзінің маңызы жағынан бұл таза мінсіз шекаралық
ұғым, нақты болмыс сол ұғыммен шендестіріледі, салыстырылады, бұл оның эмпириялық
мазмұнының белгілі бір маңызды компоненттерін бедерлі ету үшін істеледі. Мұндай
ұғымдар шындап келгенде конструкциялар; оларда біз, объективті мүмкіндік
категориясын пайдалана отырып, байланыстар құрамыз, оларды біздің нақты болмысқа
бағдарланған, ғылыми тұрғыдан тәртіптелген фантазиямыз өзінің пікірлерінде барабар
нәрсе деп қарастырады.
Аталмыш қызметіндегі мінсіз тип дегеніңіз ең алдымен "тарихи индивидуумдарды"
немесе олардың жекелеген компоненттерін генетикалық ұғымдармен қамту әрекеті.
Мысалы, "шіркеу" мен "секта" ұғымдарын алайық. Оларды, табыстырып жіктей отырып,
нышандар кешендеріне ажыратып алуға болады; сонда олардың арасындағы шекара ғана
емес, екі ұғымның да мазмұны бұлдыр болып шығады. Ал егер біз "секта" ұғымын
генетикалық жағынан ұғынғымыз келсе, мысалы "сектанттық рух" осы заманғы мәдениет
үшін атқарған маңызды мәдени мәндермен ара қатынасында ұғынғымыз келсе, онда екі
ұғымның да белгілі бір нышандары елеулі болып шығады, өйткені олар әңгіме болған
ықпалмен барабар себептік байланыста. Сонда ұғымдар мінсіз-типтік ұғымдарға
айналады, өйткені толық ұғымдық тазалықта не жалпы кездеспейді, не өте сирек
кездеседі; бұл арада, барлық жердегі сияқты, әрбір таза емес топтастырып жіктеу ұғымы
бізді нақты болмыстан аулаққа алып кетеді. Алайда біздің танымымыздың дискурстық
табиғаты, біз нақты болмысты тек өзгертілген түсініктердің тығыз байланысында ғана
ұғынатынымыз ұғымдардың солай жазылуын постулаттайды. Біздің фантазиямыз, сөз
жоқ, зерттеу құралы ретінде мұндай дәл ұғымдық тұжырымдаусыз да жиі күн көре алады;
алайда бір мәнді болғысы келетін бейнелеу үшін оны мәдени талдау саласында қолдану
бірқатар жағдайларда мүлдем қажетті. Мұны толығымен жоққа шығаратын адам, мәдени
құбылыстардың формалдық, мысалы, тарихи-құқықтық қырымен шектелуге тиіс.
Құқықтық нормалар ғарышы, әрине, ұғымдар арқылы анықталып, сонымен бір мезгілде
(құқықтық мағынада!) тарихи шындық үшін маңыздылығын сақтай алады. Алайда
әлеуметтік ғылым біздің түсінуімізде олардың практикалық маңызымен айналысады. Бұл
маңыз көбіне-көп эмпириялық аталмыштықта оның мінсіз шекаралық жағдайымен ғана
салғастырыла алады. Егер тарихшы (осы сөздің барынша кең мағынасында) осындай