Қазақстанның ашық кітапханасы
123
мінсіз типін қарсы қоюға, және содан кейін "капиталистік" мәдениеттің, яғни жеке
капиталды жұмсай білу мүддесі ғана үстемдік ететін мәдениет утопиясының суретін
салуға тырысып көруге болады. Онда осы заманғы мәдениет шеңберіндегі материалдық
және рухани өмірдің жекелеген, диффузиялық түрде бар нышандары, өзіндік
ерекшелігінде мінсіз бейненің қарама-қайшылықтары біздің қарастыруымызды қажет
етпейтін дәрежеге жеткізілген күйінде біріктірілуге тиіс. Мұның өзі капиталистік
мәдениет "идеясын" жасау әрекеті болар еді; бұл арада біз мұндай әрекет табысқа жете ала
ма және қалай жетер еді деген сұрақты жайына қалдырамыз. Бұл тектес утопиялардың
тұтас бір қатарын, тіпті мол санын жасауға болары әбден ықтимал, ол-ол ма, тіпті күмән
жоқ, және де олардың бірде-бірі басқасын қайталамайды және, әрине, олардың бірде-бірі
эмпириялық нақты болмыста нақты қоғамдық құрылыс ретінде қайталанбайды; алайда
олардың әрқайсысы өзінде капиталист мәдениет "идеясы" білдірілгенінен дәмете алады,
және солай дәмеленуге хақылы, өйткені осындай утопияның әрқайсысында шынында да
біздің мәдениетіміздің нақты болмыстан алынып, мәнсіз бейнеде біріктірілген белгілі,
өзіндік ерекшелігінде маңызды нышандары бейнеленген. Біздің алдымызда мәдениет
құбылыстары ретінде көрінетін феномендерге біздің ықыласымыз оларды барынша
әрқилы құндылықтық идеяларға жатқызуымыздың салдарынан туындайтын олардың
"мәдени маңызымен" әрқашан байланысты ғой. Сондықтан, мәдениет құбылыстарын біз
үшін маңызды деп біз қарастыра алатын әрқилы "көзқарастар" бар екені секілді, белгілі
бір мәдениеттің мінсіз типін жасау үшін әрқилы принциптерді басшылыққа алуға болады.
Біздің түсінігіміздегі эмпириялық ғылым үшін мұндай мінсіз-типтік ұғымдардың маңызы
неде? Ең алдымен атап көрсету керек: осы арада біз айналысып отырған, таза логикалық
мағынада ойша жасалған құрылымдар, қандай да бір шамада тиістілік, "үлгі" сипатында
болады-мыс деген ойдан ада-күде бас тарту керек. Әңгіме біздің фантазиямызға жеткілікті
себептелген секілді, демек, "объективті ықтимал", ал біздің номологиялық білімімізге -
барабар болып көрінетін байланыстарда конструкциялау туралы болып отыр.
Тарихи шындықты білу "объективті" фактылардың "қалыс" бейнеленуі болуға тиіс немесе
бола алады деген пікірді ұстанатындар мінсіз типтерден ешқандай мағына көрмейді. Тіпті,
нақты болмыста логикалық тұрғыдағы "қалыстық" жоқ екенін және актылар мен
грамоталардың ең қарапайым актыларының өзі "маңыздылықпен" салғастырылғанда ғана,
ал сол арқылы соңғы инстанция ретінде құндылықты идеялармен салғастырылғанда ғана
әйтеуір бір ғылыми маңызға не болатынын түсінген адам да, бәрібір, осылай
конструкцияланған тарихи "утопиялардың" мағынасы объективті тарихи жұмыс үшін
қатер төндіре алатын көрнекілігінде ғана деп санайды, ал көбіне оларды жай ғана
ойыншық көреді. Шынында да, әңгіме ойдың таза ойыны жөнінде ме, әлде ұғымдарды
ғылыми тұрғыдан жемісті жасау жөнінде ме, ешқашан априори айыра алмайсың; бұл
арада да бір ғана өлшем бар: бүл мәдениеттің нақты құбылыстарын олардың өзара
байланысында, олардың себептік туындауында және маңызында танып-білуге қай шамада
жәрдемдеседі. Сондықтан абстрактты мінсіз тип құрауды мақсат деп емес, құрал деп білу
керек. Нақты болмысты тарихи бейнелеудегі ұғымдық элементтерді мұқият
қарастырғанда мына нәрсе бірден аңғарылады: тарихшы нақты байланыстарды жай ғана
белгілеу шеңберінен шығып, тіпті ең қарабайыр индивидуалдық оқиғаның мәдени
маңызын анықтауға, оны "сипаттауға" тырысқан заматта, ол тек мінсіз типтерде ғана дәл
де бір мәнді анықтала алатын ұғымдарды пайдаланады (және пайдалануға тиіс). Біз
көмегін пайдаланып ойлана, нақты болмысты ұғына отырып, оны өзімізге бағындыруға
тырысатын
"индивидуализм",
"империализм",
"феодализм",
"меркантилизм",
"конвенционалды" секілді ұғымдар сол тектес толып жатқан ұғымдық туындылар, нақ
солар өзінің мазмұны жағынан қандай да бір нақты құбылысты суреттеу арқылы немесе
көптеген нақты құбылыстарға ортақ белгілерді, абстракцияланған белгілерді ұштастыру