Page 120 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
120
пайдаланыла алады-мыс, өйткені адамның шаруашылығы берілген мақсатта өзінің
құралдары бойынша бір мәнді "анықталған" деген өрескел ауайы қорытынды жасалды.
Бүл орайда мына бір нәрсе назардан тыс қалды: мұндай нәтиже алу үшін қандай да
болсын, ең қарапайым-ақ болсын, жағдайда бүкіл тарихи нақты болмыс тұтасымен, оның
барлық каузалдық байланыстарымен қоса "аталмыш" ретінде алынып, белгілі нәрсе
ретінде постулаттарға тиіс болатын және мұндай білім ақтық рухқа қол жеткізе алатын
нәрсеге айналса, онда абстрактты теорияның құндылығы неде болып шығар еді. Осындай
ұғымдарда жаратылыстану ғылымдарының дәл қорытындыларына ұқсас бірдеңе жасауға
болады дегенде натуралистік соқыр сенім осынау теориялық құрылымдардың
мағынасының өзі қате түсінілгеніне апарып соқтырды. Нәтижесінде әңгіме әлдене өзіндік
бір "ұмтылысты", адамның пайда көруге ұмтылысын психологиялық оқшаулау немесе
адамның құлқының өзіндік бір, "шаруашылық принципі" деп аталатын максимасын
оқшаулап қарастыру туралы болып отыр деп топшыланды. Абстрактты теорияның
жақтастары психологиялық аксиомаларға сүйену мүмкін нәрсе деп санады, ал мұның
салдары мынадай болды: тарихшылар эмпириялық психологияға жүгіне бастап, осылайша
ондай аксиомаларды қабылдауға болмайтынын дәлелдеуге және экономикалық
процестердің эволюциясын психологиялық мәліметтер көмегімен анықтауға ұмтылды. Біз
бүл арада мәдениет туралы ғылымдардың, соның ішінде саяси экономияның болашақ
негізі ретінде "әлеуметтік психология" (оны, рас, әлі жасау керек) секілді жүйелі
ғылымның маңызына сенімді сынап жатпаймыз. Экономикалық құбылыстарды
психологиялық тәпсірлеудің қазіргі сәтте орын алып отырған, кей-кейде гамаша
әрекеттері мынаны анық айғақтайды: қоғамдық институттарды тану ісін адамның
психологиялық қасиеттерін талдаудан бастаудың керегі жоқ, қайта, керісінше,
психологиялық алғышарттар институттардың ықпалын анықтау сол институттардың
құрылымын жақсы білуді және олардың өзара байланыстарын ғылыми талдауды қажет
етеді. Тек сонда ғана психологиялық талдау белгілі бір нақты жағдайда өте құнды болып,
қоғамдық институттардың тарихи мәдени шартталуын және мәдени маңызын біздің
түсіндіруімізді тереңдете түседі. Адамның психикалық құлқында оның әлеуметтік
байланыстары шеңберінде бізді қызықтыратын нәрсе, әңгіме болып отырған байланыстың
өзіндік бір мәдени маңызына психикалық сарындар мен ықпалдар өзінің құрылымы
жағынан тым әртекті және өте нақты. Әлеуметтік психология саласындағы зерттеу
дегеніміз мәдениеттің жекелеген, өзінің типі бойынша көп жағынан сәйкес келмейтін
элементтерін қосыла бастан өткеру арқылы біздің түсінуіміз үшін ықтимал тәпсірлеу
аясында мұқият зерттеп білу деген сөз. Осылайша, біз, жекелеген институттарды білуден
бастап, соның арқасында, институттарды психология заңдарынан шығарудың немесе
оларды ең қарапайым психологиялық құбылыстардың көмегімен түсіндіруге тырысудың
орнына, олардың мәдени шартталуы мен мәдени маңызын неғұрлым терең рухани
түсінуге келеміз.
Абстрактты теориялық конструкциялардың психологиялық орындылығы туралы, "пайда
көруге ұмтылыс", "шаруашылық принципі" және т.т. туралы мәселелер жөніндегі
ұзынсонар айтыс жемісі болымсыз нәрсе болып шықты.
Абстрактты теорияның түзілімдерінде тек әңгіме негізгі психологиялық сарындардан
"дедукциялау" туралы болып жатқандай елес жасалады, ал шынына келгенде біз мәдениет
туралы ғылымдарға тән және белгілі мағынада оларға қажет жай ғана ұғымның пошымын
түзудің ерекше жағдайына тап боламыз. Бізге ұғымдардың бұлай жасалуын біршама
кеңірек сипаттау пайдалы болып көрінеді, өйткені сол арқылы біз әлеуметтік ғылымдар
саласында теорияның маңыздылығы туралы принципті мәселеге таяймыз. Бұл орайда біз
мысал ретінде келтіретін (немесе көздейтін) теориялық құрылымдар өздігінен алға қойған
мақсатқа сай келер-келмесі, олардың құрылуы объективті түрде орындылыққа ие-ие