Page 119 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
119
принципке барынша байыпты қараған жаратылыстану ғылымдарының орасан табыстары
анық көрініп тұрғандықтан, ғылыми жұмыста болып жатқан оқиғалардың заңдарын
ашудан өзге мағынаны есептеуге де болмайтын сықылды көріне бастады. Құбылыстарда
тек "заңдылық" қана елеулі бола алады, "индивидуалдық" дегеніңіз тек "тип" ретінде, яғни
заңға иллюстрация ретінде қаперге алына алады. Индивидуалдық құбылыс дегенге
ықылас "ғылыми" ықылас деп саналмады.
Бүл арада натуралистік монизмге тән осынау оптимистік сенім экономикалық ғылымдарға
қандай кері ықпал жасағанын көрсетіп беру мүмкін емес. Ал социалистік сын және
тарихшылардың жұмысы бағзы құндылықтық түсініктерді одан әрі зерттеуді талап ететін
проблемаға айналдыра бастаған кезде, биологияның орасан зор табыстары бір жағынан,
Гегельдің панлогизмі, екінші жағынан саяси экономияда ұғым мен бүкіл маңызындағы
нақты болмыстың арасындағы қатынас айқын түсінілуіне бөгет жасады. Нәтиже (бұл бізді
қызықтыратын қырынан алғанда) мынаған сайды: Фихте заманынан бері неміс идеалистік
философиясы, немістің құқықтық тарих мектебі мен міндеті натуралистік догмалардың
тегеурініне қарсы тұру болған неміс саяси экономия мектебінің еңбектері жасаған қуатты
кедергіге қарамастан, ішінара соның салдарынан натурализм өзінің шешуші тұстарында
әлі еңсерілген жоқ. Бұған ең алдымен біздің қызмет өрісімізде осы уақытқа дейін
шешілмеген күйінде қалып келе жатқан "теориялық" және "тарихи" зерттеулердің ара
қатынасы проблемасы жатады.
"Абстрактты" теориялық әдіс қазір де эмпириялық тарихи зерттеуге шамырқана, бітіспес
күйінде қарама-қарсы тұр. Абстрактты-теориялық әдістің жақтастары, нақты болмыстың
тарихи танымын заңдарды тұжырымдаумен алмастыру немесе, керісінше, сөздің қатаң
мағынасында заңдарды тарихи байқаулардың жай ғана қатарластырып тізілуінен шығару
әдістемелік тұрғыдан мүмкін емес деп кесіп айтқан кезде, олардікі мүлтіксіз жөн.
Заңдарды шығару үшін - ал бүл ғылымның басты мақсаты болуға тиіс екендігіне олар
күмәнданбайды - абстрактты-теориялық әдістің жақтастары мынаған сүйенеді: біз адами
қарекеттердің байланыстарын олардың тікелей нақтылағанда ұдайы бастан өткереміз және
сондықтан, олар ойлайтынындай, оларды аксиомалық анықтықпен түсіндіре аламыз, сол
арқылы олардың негізінде "заңдарды" аша аламыз. Танымның бірден-бір дәл пошымы,
тікелей айдан анық заңдарды тұжырымдау, сондай-ақ олардың пікірі бойынша, тікелей
бақыланбайтын құбылыстардан қорытындылар шығаруға мүмкіндік беретін бірден-бір
таным пошымы. Сондықтан абстрактты, сол себептен таза пошымдық, жаратылыстану
ғылымдарында бар жүйеге ұқсас жүйені жасау - қоғамдық өмірдің сан алуандығына,
бірінші кезекте әңгіме шаруашылық өмірдің феномендері туралы болса, рухани үстемдік
етудің бірден-бір құралы. Осынау теорияның авторы бір кезде бірінші және бірден-бір
бөлініс жасаған номологиялық және тарихи білім арасындағы принципті әдістемелік
бөлініске қарамастан, қазір оның өзі абстрактты теорияның қағидалары эмпириялық
маңыздылыққа ие, өйткені олар нақты болмысты заңдардан шығаруға мүмкіндік береді
дегенді басшылыққа алады. Рас, әңгіме абстрактты экономикалық қағидалардың
өздігінен-ақ эмпириялық маңыздылығы туралы емес; оның көзқарасы мынаған саяды: егер
қаперге алынған барлық фактылардан тиісті "дәл" теорияны талдап әзірлесе, онда ол
осынау барлық теориялардың жиынтығында заттардың шынайы нақтылығы, яғни нақты
болмыстың танып-білуге лайық қырлары болады. Дәл экономикалық теория жалғыз,
психикалық сарынның қарекетін белгілейді-міс, басқа теориялардың міндеті - осылайша
гипотетикалық маңызы бар ғылыми қағидалар түрінде қалған барлық сарындарды талдап
әзірлеу болады-мыс. Сондықтан бірқатар жағдайларда бағаның қалыптастырылуы, салық
салу, рента саласындағы абстракттық түріндегі теориялық жұмыстың нәтижесі физиканың
теориялық қағидаларымен жалған қысастық бойынша аталмыш нақты алғышарттардан
белгілі бір сандық нәтижелер, яғни нақты болмыс үшін маңызды қатаң заңдар шығаруға