Page 118 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
118
болмыс біз үшін "мәдениет" болған немесе болып табылатын, яғни өзінің ерекшелігімен
маңызды болған көзқарастарды санап шығу ғана бола алады.
Осындай ұзақ түсіндіруден кейін ақыр соңында, мәдениет танып-білудің "объективтілігін"
қарастыру шеңберінде бізді әдістемелік тұрғыдан қызықтыратын сұраққа жүгінуге
болады. Басқа да кез-келген ғылым секілді, біздің ғылым да пайдаланатын ұғымдардың
логикалық қызметі мен құрылымы қандай? Немесе, егер біз үшін шешуші проблемаға
тікелей жүгініп, сұрақты дәлірек тұжырымдасақ: мәдени нақты болмысты танып-білу
үшін теориялар мен теориялық ұғымдар жасаудың маңызы қандай?
Біз бұрын - бері салғанда әу баста көргеніміздей, саяси экономия ең алдымен "техника"
болды, яғни нақты болмыстың құбылыстарын бір мәнді (тегінде, бері салғанда), берік
бекітілген, іс жүзінде құндылықты көзқарас тұрғысынан, мемлекет бодандары
"байлығының" молаюы тұрғысынан қарастырады. Екінші жағынан, ол әу бастан-ақ тек
"техника" болған жоқ, өйткені XVIII ғасырдың жаратылыстық-құқықтық және
ұтымдылық дүниетанымының құдіретті бірлігіне кірді. Осынау дүниетанымның оның
нақты болмыс теориялық және практикалық жағынан ұтымды ете алынатындығына
оптимистік сенімімен қоса өзіндік ерекшелігі, өз-өзінен анық нәрсе ретінде қабылданған
көзқарас проблемалық сипатта болатын фактысын ашуға кедергі жасап, елеулі ықпал етті.
Әлеуметтік нақты болмысқа ұтымды көзқарас жаратылыстану ғылымдарының дамуымен
тығыз байланыста дүниеге келіп қана қойған жоқ, өзінің ғылыми әдісінің сипаты бойынша
соған тектес болып қала берді. Жаратылыстану ғылымдарында, тікелей техникалық
жағынан пайдалы нәрсеге сайылған құндылықты көзқарас, әу бастан антик заманнан мұра
боп қалған, содан кейін барған сайын өсе түскен, заңдармен бекітілген байланыстарға
бағдарланған үстем ететін абстракция және эмпириялық талдау жолымен бүкіл нақты
болмысты таза "объективті" (яғни құндылықтардан бостан) және сонымен бірге әбден
ұтымды (яғни "индивидуалдық" кездейсоқтықтардан бостан) монистік танып-білуге өзінің
маңыздылығы жағынан метафизикалық, пошымы жағынан математикалық әлдене
ұғымдар жүйесі түрінде жетуге болады деген барған сайын өсе түскен үмітпен
байланысты болатын. Құндылықтық көзқарастармен біте қайнасқан жаратылыстану
ғылымдары, клиникалық медицина, одан да көбірек дәрежеде, әдетте "технология" деп
аталатын ғылым "кәсіпке үйретудің" таза практикалық кәсібіне айналды. Олар
басшылыққа алуға тиіс құндылықтар - пациенттің денсаулығы, нақты өндірістік процесті
технологиялық жетілдіру және т.б. - олар үшін бұлжымас құндылықтар болып қала берді.
Олар қолданатын құралдар теориялық ғылымдар ашқан заңдылықтар мен ұғымдарды
пайдалану болды (және солар ғана бола алатын еді). Теориялық ұғымдарды жасаудағы
әрбір принципті прогресс сондай-ақ практикалық ғылымның прогресі болды (немесе бола
алатын еді). Бекем бекітілген мақсат тұсында жекелеген практикалық мәселелерді
(аталмыш медициналық оқиғаны, аталмыш техникалық проблеманы, оқшау оқиғалар
ретінде ортақ маңызды заңдарға өсе түскен тоқайластыру, демек, теориялық білімді,
тереңдете түсу, техникалық, практикалық мүмкіндіктерді кеңейтумен тікелей байланысты
және солармен бірдей болды. Осы заманғы биология нақты болмыстың бізді тарихи
жағынан, яғни басқа бір өзге жағынан емес, аталмыш қалыптасуы жағынан қызықтыратын
компоненттерін де дамудың ортақ маңызды принципі ұғымына сайғанда, және осынау
принцип объекттің барлық елеулі қасиеттерін ортақ маңызды заңдар схемасына кіргізуге
мүмкіндік берген секілді болып көрінгенде (бұл ақиқатқа сәйкес келмесе де), сонда
барлық ғылымдар саласында барлық құндылықты көзқарастар үшін "құдайлар ымырты"
шынында да туғандай болып көрінді. "Тарихи оқиғалар" деп аталатын нәрселердің өзі де -
нақты болмыстың бір бөлігі болғандықтан, ал бүкіл ғылыми жұмыстың алғышарты болып
табылатын себептік байланыс принципі бүкіл болып жатқан нәрсені ортақ маңызды
"заңдарға" ерітіп алуды талап ететіндей болып көрінетіндіктен, ақыр соңында, аталмыш