Page 117 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
117
біздің заңдарымыз бір парагарфқа кемусіз немесе толығусыз аяқталды деп елестетуге
болады. Рас, жекелеген нормаланған құқықтық қатынастар статистикасы түбегейлі
өзгерер еді, олардың көпшілігінің саны нөлге дейін азаяр еді, құқықтық нормалардың
едәуір бөлігі қандай да бір рол атқарудан қалар еді, және олардың мәдени мәні де адам
танымастай өзгерер еді. Сондықтан тарихты "материалистік" тұрғыдан түсіну
de lege
ferend
e (лат. - заңның өзгеруіне байланысты) қаперге алынуын толық құқықпен санаттан
шығарып тастай алар еді, өйткені оның іргелі тезисі нақ құқықтық институттардың
маңызын сөзсіз озгерту болды. Тарихи нақты болмысты каузалдық түсінудің қарапайым
еңбегі тым қарабайыр болып көрінетін адамның онымен айналыспағаны абзал, бірақ оны
әлдене "телеологиямен" алмастыру мүмкін емес. Біздің түсінігімізде "мақсат" - нәтиже
жөнінде қарекеттің себебіне айналатын түсінік, және маңызды нәтижеге жәрдемдесетін
кез-келген себепті қаперге алатынымыз секілді, біз аталмыш себепті де қаперге аламыз.
аталмыш себептің өзіндік ерекше маңызы тек мынада: біздің мақсатымыз - адамдардың
құлқын конституциялау ғана емес, оны түсіну де.
Құндылықты идеялар "субъективті" екендігінде ешқандай күмән жоқ. Отбасының
хроникаға "тарихи" қызығу мен тұтас бір дәуірлер мен біздің бүгінгі күнімізге дейін ұлт
немесе бүкіл адамзат үшін бірдей дәрежеде ортақ ең маңызды мәдени құбылыстардың
дамуына қызығушылық арасында "мәндердің" шексіз градациясы жатыр, олардың
дәрежесінің дәйектілігі біздің әрқайсымыз үшін бөлек. Дәл сондай өзгерістерге олар
мәдениеттің және адами ой жүйесінде үстемдік ететін идеялардың сипатына қарай
ұшырайды. Бұдан, алайда, мәдениет туралы ғылымдар саласындағы зерттеудің
қорытындылары, олар бір адам үшін маңызды, екінші біреу үшін ондай емес деген
мағынада тек "субъективті" бола алады деген байлам тіпті де шықпайды. Тек олар бір
немесе екінші адам үшін қызықтылық дәрежесін ғана өзгертеді. Басқаша айтқанда: ненің
зерттеу тақырыбы болатынын және бұл зерттеу каузалдық байланыстардың шексіз
тоғысуына қаншалықты терең бойлай алатындығын аталмыш кезеңде және аталмыш
ғалымның ойлау жүйесінде үстемдік ететін құндылықтық идеялар айқындайды. Егер
зерттеу әдісіне жүгінсек, онда жетекші "көзқарас", рас, әлі біз көретіндей, ғалым
пайдаланатын қосымша ұғымдық құралдарды жасау үшін айқындаушы нәрсе болып
шығады, алайда осынау пайдалану сипаты, бұл арада әрқашандағыдай, әрине, біздің ойлау
машығымыздың нормаларымен байланысты ғылыми ақиқат дегеніміз ақиқатқа
ұмтылатын барлық адам¬дар үшін маңызды болғысы келетін нәрсе.
Осы арада айтылғандардың ішінде бір қорытынды күмән туғызбайды - бұл мәдениет
туралы ғылымдардың мақсаты, тіпті алыс жатқан мақсаты ұғымдардың тұйық жүйесін
жасау болуға тиісті-міс, онда нақты болмысты әлдене түпкілікті байланысында көрсетуге
болады-мыс және содан кейін одан оны қайтадан дедукциялауға болады-мыс деген, тіпті
тарихшылар арасында да таралған идеяның түкке татымайтындығы. Қисапсыз
оқиғалардың шексіз тасқыны мәңгілікке жөңкіліп ағып жатыр. Адамдарды толғантатын
мәдениет проблемалары ылғи да жаңа бейнелер мен реңктерде туындауда; индивидуалдық
құбылыстардың мәңгілікте ұшы-қиырсыз тасқынында біз үшін мағына мен маңызға ие
болатын, "тарихи индивидуумға" айналатын нәрсенің шекарасы бұлдыр күйінде қалуда.
"Тарихи индивидуум" шеңберінде қарастырылып, ғылыми тұрғыдан ұғынылатын ойлау
жүйесінің байланыстары өзгеруде. Мәдениет туралы ғылымдардың түп қазығы болашақта
да, рухани өмірдің қытайша сүйекке айналуы адамдардың ортақ сыбағасы болып, әрқашан
бірдей ұшы-қиырсыз өмірдің сұрақтарын қоюдан бездіргенше, өзгере береді. Мәдениет
туралы ғылымдарда жүйе дегеніңіз, тіпті сол ғылымдар айналысуға тиіс проблемалар мен
білім салаларын жай ғана түпкілікті және объективті маңызды тіркелген жүйелеу ретінде -
түкке татымайтын нәрсе. Мұндай әрекеттің нәтижесі тек көптеген, өзіндік ерекше бөліп
алынған, гетерогенді және бір-бірімен сорпасы қосылмайтын көзқарастарды, нақты