Page 115 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
115
тегжейлі қарастырып жатпаймыз) қолдану туралы болатыны, аталмыш тезистің маңызын
ешбір кеміте алмайды. Тек осы тектес заңдылықтарды белгілеу танымның мақсаты емес,
құралы екендігін ешқашан ұмытпау керек; ал бізге күнделікті тәжірибеден жақсы белгілі
себептік байланыстың заңдылығын "заң" түріндегі формуламен білдіруде мағына бере ма,
жоқ па деген нәрсе әрбір нақты жағдайда орындылықтың мәселесі болып табылады.
Жаратылыстану ғылымдары үшін "заңдардың" маңыздылығы мен құндылығы олардың
ортақ маңыздылық дәрежесіне төте пропорционал; тарихи құбылыстарды олардың нақты
жағдайларында танып-білу үшін мазмұннан барынша айрылған ең ортақ заңдардың
құндылығы бәрінен төмен. Тектік ұғым - оның көлемінің маңыздылығы неғұрлым көп
болса, ол бізді нақты болмыстың толықтығынан соғұрлым аулақтата түседі ғой, өйткені
құбылыстардың ең көп санының ортақ нышандарын қамту үшін ол абстрактылы болуға,
яғни өзінің мазмұны жағынан жарлы болуға тиіс. Мәдениет туралы ғылымдарда ортақ
нәрсе туралы таным ешқашан өздігінен құнды болмайды.
Сөзіміздің түйіні - мәдениет құбылыстарын "объективті" зерттеу (оның мінсіз мақсаты
эмпириялық байланыстарды "заңдарға" саю) мағынасыз нәрсе. Және де бүл, жиі-жиі естіп
жүргеніміздей, мәдени немесе рухани процестер заңдарға "объективті" түрде оншалық
қатаң сәйкестікпен жүретіндігінен емес, мүлдем өзге себептерден. Біріншіден, әлеуметтік
заңдарды білу әлеуметтік нақты болмысты білу деген сөз емес; ол осы мақсат үшін біздің
ойлану жүйемізге қажет толып жатқан қосымша құралдардың біреуі ғана. Екіншіден,
мәдени процестерді танып-білу мына жағдайда ғана, біз үшін әрқашан өмірдің нақты
болмысы ие болатын, белгілі бір жеке-дара байланыстарда индивидуалдық тұрғыдан
құрылымдалған маңыздан шықса ғана мүмкін болады. Мұндай маңыздылық қандай
мағынада және қандай байланыстарда байқалатынын бізге бірде-бір заң ашып бере
алмайды, өйткені бұл құндылықтық идеяларға қарай шешіледі, біз әрбір жеке жағдайда
"мәдениетті" солардың тұрғысынан қарастырамыз. "Мәдениет" дегеніңіз мағынадан
айрылған әлемдік шексіздіктің адам көзқарасы тұрғысынан мағынасы мен маңызы бар
ақтық фрагменті. Мәдениетті бұлай түсіну адамға ол нақты мәдениет атаулының бітіспес
жауы ретінде көрініп, "табиғатқа қайта оралуды" талап ететін жағдайда да тән. Өйткені
бүл позицияға да ол аталмыш нақты мәдениетті өзінің құндылықтық идеяларымен
салғастыра және оны "тым үстірт" деп бағалай отырып қана ие бола алады той. Аталмыш
таза формалды-логикалық қағида, бүл арада әңгіме барлық "тарихи индивидуумдардың"
"құндылықтық идеялармен" логикалық байланысы туралы болып отырғанда ескеріледі.
Мәдениет туралы барлық ғылымдардың трансценденттік алғышарты, біз белгілі бір -
немесе жалпы қандай болса да - "мәдениетті" құнды деп санайтындығымызда емес, біздің
өзіміз мәдениеттің адамы болып табылатынымызда, бізде дүние жөнінде саналы түрде
белгілі бір позиция ұстанып, оған магына беруге мүмкіндік жасайтын қабілет пен ырық
бар екендігінде. Ол магына қандай болса да, ол адамдардың бірлесе тіршілік етуінің
әрқилы құбылыстары туралы пікірлеріміздің негізіне айналады, бізді оларға (оң немесе
теріс) біз үшін елеулі нәрсе ретінде қарауға мәжбүр етеді. Осынау қатынастың мазмұны
қандай болса да, аталған құбылыстардың біз үшін мәдени маңызы болады, оларға ғылыми
қызығу туғызатын да тек сол ғана. Осы заманғы логиканың терминдерімен мәдениетті
танып-білу құндылықтық идеялардан туындайды дегенде, біз мынаған үміт артамыз: бұл
біздің көзқарасымыз бойынша мәдени маңыз тек құндылықты құбылыстарға ғана тән
екен-ау деген терең қателесуді туғызбас. Мәдениет құбылыстарына дін немесе олардың
бәрінің солай екендігі олардың орын алу мен олар тарихи даму барысында ие болған
пошым тікелей немесе жанама түрде біздің мәдени қызығуымызды қозғайтындығынан
ғана, тек содан ғана; және тек сол дәрежеде қозғайтыны, олар біздің білуге
ұмтылысымызды нақты болмыстың сол ұғымдарда ойға оралатын үзігіне маңыздылық,
беретін құндылықтық идеялардан шығатын көзқарас тұрғысынан қоздырады.