Қазақстанның ашық кітапханасы
114
құралады, олар түйсіну туралы пікірлерде ешбір жағдайда түп-түгелімен бейнелене
алмайды. Бұл былыққа тек мынадай жағдай ғана реттілік енгізе алады: әрбір жағдайда біз
үшін қызықты да маңызды нәрсе индивидуалдық нақты болмыстың тек бір бөлігі ғана,
өйткені біз нақты болмысқа қолданатын мәдениеттің құндылықтық идеяларымен тек сол
ғана салғастырыла алады. Сондықтан өзінің шексіз жекелеген құбылыстардың жақтары
ғана, біз ортақ мәдени маңызды телитін біз үшін танымдық жағынан құнды жақтары ғана,
тек солар ғана себептік байланыстармен түсіндіру пәні бола алады. Алайда сол каузалдық
түсіндірудің өзінде де нақ сол қиындық байқалады: қандай да болсын нақты құбылысты
оның шын мәніндегі қасиеттерін толық күйінде ештеңесін қалдырмай, каузалдық
тоқайластыру іс жүзінде мүмкін еместігін былай қойғанда, мағынасыз да нәрсе. Біз тек
жеке жағдайда оқиғаның "елеулі" компоненттеріне сайғыза алатын себептерді ғана бөліп
аламыз: әңгіме құбылыстың индивидуалдылығы туралы өрбитін жерде, каузалдық мәселе
- заңдар туралы емес, нақты каузалдық байланыстар туралы мәселе, құбылысты жеке
жағдай ретінде қандай формулаға саю керектігі туралы емес, оны қандай индивидуалдық
констелляцияға саю керектігі туралы; басқаша айтқанда, бұл саю мәселесі. Әңгіме
"мәдениет құбылыстарын" каузалды түсіндіру туралы, "тарихи индивидуум" туралы (бұл
арада біз ғылымымыздың әдістемелігіне кіре бастаған және өзінің нақты тұжырымында
логикада қабылданған терминді пайдаланып отырмыз) болған жердің бәрінде,
себептіліктен туындайтын заңдарды білу зерттеудің мақсаты бола алмайды және оның
құралы ғана бола алады. Заңдарды білу бізге құбылыстың өзінің индивидуалдығында
мәдени маңыздылығы бар компоненттерін олардың нақты себептеріне саю ісін
жеңілдетеді. Заңдарды білу оны қолдану индивидуалдық байланыстарда осыған
жәрдемдесетін шамада - және тек сол шамада ғана - елеулі. Заңдар "неғұрлым
жалпылама", яғни абстрактылы болса, индивидуалдық құбылыстарды каузалдық
тоқайластыру үшін, сонысымен жанама түрде мәдени процестердің маңызын түсіну үшін
соғұрлым жарамсыз.
Осы айтылғандардың бәрінен қандай қорытынды шығаруға болады?
Әлбетте, бұл дегеніңіз мәдениет туралы ғылым саласында ортақ нәрсені білу, абстрактты
тән ұғымдарды жасау, заңдылықтарды білу және "заңдар" негізінде байланыстарды
тұжырымдау әрекеті жалпы ғылыми тұрғыдан ақтауға болмайтын нәрсе деген сөз емес.
Керісінше, егер тарихшының каузалдық танымы нақты нәтижелерді олардың нақты
себептеріне саю болса, онда қандай да бір индивидуалдық нәтижені оның себептеріне
"номологиялық" білімді қолданбай-ақ, яғни каузалдық байланыстар заңдарын білмей-ақ
саю жалпы миға қонбайтын нәрсе.
In concreto
нақты байланыстың жекелеген
индивидуалдық компонентіне әңгіме каузалдық түсіндіру туралы болып отырған нәтижені
жүзеге асырудағы каузалдық маңыз телу керек пе деген мәселені, күмән туған жағдайда,
оны тек қана біз жалпы заңдарға сай байланыстың аталмыш компонентінен және сол
кешеннің қаперге алынған басқа компоненттерінен ортақ сандарға сәйкес әдетте біз
күтетін ықпалды бағалай алсақ қана шешуге болады; аталмыш себептік байланыстың
жекелеген элементтерінің адекватты (шендестірілген) ықпалын анықтауға саяды.
Тарихшы (сөздің мейлінше кең мағынасында) осынау саюды өзінің жеке өмір
тәжірибесіне және біртіндеп тәртіптелген қиялына негізделген қай шамада сенімді жасай
алатыны және ол бұл орайда басқа өзіндік ерекше ғылымдардың қорытындыларын қай
шамада пайдаланатыны туралы мәселе әрбір жеке жағдайда ахуалға қарай шешіледі.
Алайда барлық жерде, демек, күрделі экономикалық процестер саласында да мұндай
себепті тоқайластырудың сенімсіздігі, ортақ заңдарды білу неғұрлым толық та тереңірек
болса, соғұрлым көбірек болады. Бүл орайда әрқашан, соның ішінде "экономикалық
заңдар" атаулының бәрінде, әңгіме тар жаратылыстық-ғылыми мағынасында емес, белгілі
бір ережелерде білдірілген "адекватты" себепті байланыстар (бүл арада біз мұны егжей-