Page 113 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
113
оның өзі үшін де, көптеген басқалар үшін де ортақ байланыстарында емес қой. Нақты
болмысты оған маңыздылық беретін құндылықтық идеяларға жатқызу, нақты болмыстың
осындай реңк алған шындық компоненттерін олардың мәдени маңызы тұрғысынан
анықтап, реттеу - нақты болмысты заңдар арқылы оған гетерогенді талдаумен және ортақ
ұғымдарда реттеумен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын нәрсе. Нақты болмысты ойша
реттеудің осынау екі түрі міндетті логикалық өзара байланыста болмайды. Олар кейде
қандай да бір жеке жағдайларда сәйкес келе алады, алайда осындай кездейсоқ сәйкес келу
олардың шын мәніндегі принципті айырмашылықтарында бірдеңені өзгертеді-міс деген
салдары аса қауіпті адасудан барынша сақ болу керек. Қандай да бір құбылыстың мәдени
маңызы, мысалға, тауар-ақша шаруашылығындағы айырбастың маңызы оның бұқаралық
сипатқа не болатындығынан құралуы мүмкін; біздің заманның мәдени өмірінің іргелі
компоненті шынында да сондай. Бұл жағдайдағы зерттеушінің міндеті тілге тиек болған
құбылыс нақ сол рөлді атқаратындығы тарихи фактысының мәдени маңызын түсінікті ету,
оның тарихи пайда болуын себептік байланыстармен түсіндіріп беру Айырбастың таза
өзінің ортақ белгілерін және тауар-ақша шаруашылығындағы ақша айналымының
техникасын зерттеу - өте маңызды (әрі қажетті!) даярлық жұмысы. Алайда ол айырбас
тарихи жағынан өзінің қазіргі іргелі маңызына қалайша қол жеткізді деген сұраққа жауап
бере алмайтыны былай тұрсын, ең алдымен бізді бірінші кезекте қызықтыратын нәрсені -
ақша шаруашылығының мәдени маңызын түсіндіріп бере алмайды, ал мұның өзі ақша
айналымы техникасында бізді қызықтыратын жалғыз нәрсе, бүгіндері осынау пәнді
зерттейтін ғылымның бар болып отырғандығы да соның арқасы, ондай сұраққа жауап
бірде-бір ортақ "заңнан" шығарыла алмайды. Айырбастың сатып алу мен сатудың және
т.т. типтік нышандары заңгерді қызықтырады; ал біздің міндетіміз - айырбастың бүгіндері
бұқаралық сипаттағы құбылысқа айналғандағы тарихи фактысының мәдени маңызының
талдауын беру. Аталмыш құбылысты түсіндіру туралы әңгіме өрбігенде, және де біз
мәдениетіміздің әлеуметтік-экономикалық қатынастары айырбастың типтік қасиеттері
айна-қатесіз сондай болған ежелгі заман мәдениеттерінің ұқсас құбылыстарынан несімен
өзгешеленетінін түсінуге ұмтылғанда; біз, демек "ақша шаруашылығының" маңызы неде
екенін түсінуге тырысқанымызда, сонда зерттеу барысына өзінің шығу тегі жағынан
мүлдем гетерогенді логикалық принциптер килігеді: рас, біз бейнелеу құралы ретінде
экономикадағы бұқаралық құбылыстардың типтік элементтерін зерттеу бізге беретін
ұғымдарды оларда біздің мәдениеттің маңызды компоненттері қай шамада бар екендігіне
қарай пайдаланамыз. Алайда, осынау ұғымдар мен заңдарды мазмұндау қаншалықты дәл
болса да, біз сонымызбен өзіміздің мақсатымызға жету былай тұрсын, типтік ұғымдардың
құралуы үшін материал не болуға тиіс деген сұрақтың өзі жалпы "қалыс" шешіле
алмайды, ол тек біз "ақша айналымы" деп атайтын шексіз алуандықтың белгілі
компоненттерінің мәдениет үшін маңызына байланысты ғана шешіле алады. Біз тарихи,
яғни индивидуалдық ерекшелігінде маңызды құбылыстарды тануға ұмтыламыз ғой. Және
де шешуші мезет мынада: егер ұшы-қиыры жоқ құбылыстардың тек ақтық бөлігі ғана
маңызды деген алғышартты басшылыққа алған жағдайда ғана, индивидуалдық
құбылыстарды танып-білу идеясы логикалық мағынаға ие бола алады. Тіпті барлық болып
жатқан құбылыстарды түп-тұқиянымен білген күннің өзінде бізді мына сұрақ тығырыққа
тірер еді: тіпті нақты болмыстың ең қысқа бөлігінің кез-келген баяндалуын ешқашан түгі
қалмай баяндалды деп ойлауға болмаса, индивидуалдық фактыны себептік
байланыстармен түсіндіру жалпы қалайша мүмкін болмақ? Қандай да бір индивидуалдық
оқиғаға мұрындық болған себептердің саны мен сипаты әрқашан шексіз, ал заттардың
өзінде олардан бірден-бір маңызды бөлікті ажыратып алатын нышан жоқ. "Нақты
болмысты" "қалыс" танудың байсалды әрекеті тек индивидуалдық түйсінудің ұшы-қиыры
жоқ саны туралы "экзистенциалдық пікірлердің" былығына апарып соқтыра алады.
Алайда ондай нәтиженің мүмкін екендігі елес қана, өйткені етене танысқанда былай
болып шығады: нақты болмыста әрбір жеке түйсіну ұшы-қиыры жоқ компоненттерден