Қазақстанның ашық кітапханасы
112
Таным құралы ретінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесін биогенетикалық зерттеу үшін
артық-кемі жоқ органикалық химия қосындылары ішіндегі анықтама ғана. Екі жағдайда
да, сөз жоқ, маңызды да пайдалы алдын ала жұмыс жүргізілер еді. Алайда екі жағдайда да
осындай "заңдар" мен "факторлардан" өмірдің шындығы дедукциялана алмас еді, және де
бұл тіптен де өмірлік құбылыстарда басқа да неғұрлым асқақ, тылсым "күштер"
(доминанталар, "энтелехиялар" және олар қалай деп аталса да) бар екендігінен емес - бұл
ерекше мәселе, - жай ғана мынадан: нақты болмысты тану үшін бізге констелляция
маңызды, біз одан тарихи, біз үшін маңызды мәдениет құбылыстары топтастырылған
(гипотетикалық!) "факторларды табамыз, және мынадан: егер біз сондай индивидуалдық
топты "каузалды түсіндіргіміз" келсе, біздің дәл сондай индивидуалдық басқа топтарға
жүгінуімізге тура келер еді де, і олардың көмегімен біз, сол әлгі "заңның" (әрине,
гипотетикалық!) ұғымдарын пайдаланып, соның "түсінігін" берер едік. Тілге тиек болған
(гипотетикалық!) "заңдар" мен "факторларды" анықтау біз үшін қалайтын нәтижелерімізге
жеткізетін толып жатқан міндеттердің тек біріншісі болар еді. Екінші міндет - сол
"факторлардың" тарихи берілген индивидуалдық тобының талдануын және реттелген
бейнеленуін жүргізу және олардың содан туындайтын нақты өзіндік бір маңызды
ықпалдастығын, ең алдымен, сол маңыздылықтың тұғыры мен сипатын түсіндіру болар
еді. Екінші міндетті тек қана бірінші міндетті орындау нәтижесінде алынған алғашқы
мәліметтерді пайдаланып отырып қана шешуге болады, бірақ ол өздігінен алғанда мүлдем
жаңа және өзінің типі жағынан дербес міндет. Үшінші міндет әлдеқашан өткенге бойлап,
осынау топтардың жекелеген, бүгінгі күн үшін маңызды индивидуалдық қасиеттерінің
қалыптасуын, олардың ілкі, сондайлық индивидуалдық констелляциялардан тарихи
түсіндірілуін танып-білуден құралар еді. Ақыр соңында, ойға оралатын төртінші міндет -
болашақтағы ықтимал констелляцияларға баға беруде.
Аталған барлық мақсаттардың іске асырылуы үшін анық ұғымдардың болуы және сондай
(гипотетикалық!) "заңдарды" білу танымның аса бағалы құралы бола алатындығында
күмән жоқ, бірақ тек қана құрал бола алар еді; ол-ол ма, бүл мағынада олар барынша
қажет. Алайда, олардың осындай қызметін пайдалана отырып, біз белгілі бір шешуші
мезетте олардың мәнінің шекарасын табамыз, сөйтіп, соны анықтап, мәдениет туралы
ғылымдар саласындағы зерттеулердің сөзсіз өзіндік ерекшеліктері туралы қорытындыға
келеміз. Біз "мәдениет туралы ғылымдар" деп өмірлік құбылыстарды олардың мәдени
мәнінде тануға тырысатын пәндерді атадық. Ал мәдениет құбылысының мәні мен сол
мәннің себебі, қаншалықты мінсіз болғанымен, заңдар мен ұғымдар жүйесінің көмегімен
шығарыла, негізделе және түсіндіріле алмайды, өйткені бүл мән мәдениет құбылыстарын
құндылық идеяларымен салғастыруды қажет етеді. Мәдениет ұғымы - құндылықтық
ұғым. Эмпириялық нақтылық біз үшін "мәдениет" екендігі біз оны құндылықтық
идеялармен салғастырғандығымыздан (әрі оны біз өзіміз жасайтын шамада); мәдениет
нақты болмыстың жоғарыда айтылған құндылыққа жатқызылу пәрменімен біз үшін
маңызды нәрсеге айналатын компоненттерін - және тек соларды - қамтиды. Нақты
болмыстың болмашы бөлігі біздің құндылықтық идеяларымыздан туындайтын
мүддеміздің бояуына қанығады, тек сол ғана біз үшін маңызға ие және бұл онда
құндылықтық идеялармен олардың салғастырылуы салдарынан біз үшін маңызды
байланыстар байқалатындығынан туындайды. Тек сондықтан - және бүл орын
алатындықтан - нақты болмыстың аталмыш компоненті, оның өзіндік ерекшелігінде, біз
үшін танымдық қызығушылық туғызады. Алайда, нақ біз үшін не нәрсенің маңызды
екендігін эмпириялық берілген нәрсені ешқандай "қалыс" зерттеу анықтап бере алмайды.
Керісінше, біз үшін маңыздыны анықтау дегеніміз алғышарт, соның пәрменімен әлдене
біз үшін зерттеу тақырыбына айналады. Маңызды нәрсе сондай күйінде, әрине, сол
күйіндегі бір де ыр заңмен сәйкес келмейді, және сол заң неғұрлым жалпылама болса,
соғұрлым азырақ сәйкеседі. Нақты болмыс компонентінің біз үшін өзіндік ерекше мәні