Қазақстанның ашық кітапханасы
111
ғарыштық нақты болмысынан кемірек дәрежеде сондай сипаты болған "бастапқы"
ғарыштық "ахуал", әрине, барып тұрған бос сөз. Алайда біздің ғылым саласында сондай
түсініктердің іздері байқалмай ма, олар бірде жаратылыстық құқықты ашу түрінде, бірде
"алғашқы қауымдық халықтар" өмірін зерттеу негізінде айғақталған "қарадүрсін аграрлық
коммунизм", "сексуалдық промискуитет (бейберекет)" және т.б. типіндегі әлеуметтік-
экономикалық қатынастардың тарихи кездейсоқтықтарынан таза әлдене "бағзы ахуал"
топшылаулар түрінде кездеспей ме, солардан кейін нақтылыққа әлдене күнәға бату
түрінде индивидуалдық тарихи даму басталады делінбей ме?
Әлеуметтік ғылымдар саласында қызығудың түп қазығы, әлбетте, бізді қоршап тұрған
әлеуметтік-мәдени өмірдің шын мәніндегі, яғни индивидуалдық құрылымы, оның
әмбебап, бірақ сонысымен әрине, өзінің индивидуалдығын жоғалтып алмайтын
байланысында және оның басқа, өзінің құрылымы жағынан дәл сондай индивидуалдық
мәдениеттерден қалыптасуында. Бүл арада біз жоғарыда астрономия көмегімен, сол
мысалды шекаралық оқиға ретінде (логиктердің әдеттегі амалы) пайдаланып суреттеп
беруге тырысқан ахуалмен бірдей ахуалға ұшырасқанымыз айдан анық, тек енді
объектінің өзіндік ерекшелігі одан да анығырақ. Егер астрономияда бізді тек аспан
денелері арасындағы байланыстың дәл өлшеуге болатын таза сандық жағы қызықтыратын
болса, әлеуметтік ғылымдарда бізді ең алдымен оқиғалардың сапалық реңкі қызықтырады.
Оның үстіне әлеуметтік ғылымдарда әңгіме рухани процестердің рөлі туралы өрбиді, оны
ортақтасып "түсіну" - өзінің ерекшелігі жағынан жаратылыстану ғылымдарының дәл
формулаларының көмегімен шешілетін (егер зерттеуші соған ұмтылатын болса)
міндеттерден мүлдем бөлек міндет. Дегенмен мұндай айырмашылық бір қарағанда
көрінетініндей соншалық принципті болмай шығады. Жаратылыстану ғылымдары да -
егер таза механиканы сырт қалдыра тұрсақ - сапалық аспектісіз ештеңе бітіре алмайды
ғой; екінші жағынан, біздің мамандығымызда да, бері салғанда, біздің мәдениет үшін
іргелі тауар-ақша айналымы құбылысы сандық әдістерді қолдануға жол береді және
сондықтан заңдар арқылы ұғыныла алады деген пікір (рас, қате) бар. Ақыр соңында
сандық әдістер қолданылмайтын болғандықтан сандар арқылы білдіріле алмайтын
заңдылықтар да заңдарға жатқызылар-жатқызылмасы "заң" ұғымының қаншалықты тар
немесе кең болатындығына тәуелді. Ал "рухани" сарындардың ерекше рөліне келер
болсақ, ол, бері салғанда, ұтымды құлық ережелерінің белгіленуін жоққа шығармайды; әлі
күнге дейін мынадай пікір бар: психологияның міндеті әлеуметтік өмірдің күрделі
құбылыстарын олардың психикалық шарттары мен салдарларына боршалап, және сол
құбылыстарды типтері бойынша топтастырып жіктелуге, олардың қызметтік
байланыстарында зерттелуге тиісті ең қарапайым психикалық факторларға сайып,
жекелеген "рух туралы ғылымдар" үшін математикаға жақын рөл ойнауда-мыс. Сол
арқылы әлеуметтік өмірдің психикалық негіздегі "механикасы" болмаса да, "химиясы"
жасалар еді. Біз бүл арада мұндай зерттеулер әйтеуір бір кезде мәдениет туралы ғылым
үшін құнды немесе - тіпті де бір нәрсе емес - кәдеге жарарлық нәтижелер бере ала ма
деген мәселені шешіп жатпаймыз. Алайда, заңды қайталануды анықтау арқасында біздің
түсінігіміздегі әлеуметтік-экономикалық танымның мақсатына, яғни нақты болмысты
оның мәдени маңызында және каузалдық байланысында тануға қол жете ме деген сұрақ
үшін мұның титімдей де маңызы жоқ. Айталық, күндердің күнінде, психологиялық немесе
кез-келген басқа әдістердің көмегімен болсын, адамдардың бірлесе өмір сүруінің барлық
белгілі және болашақта болуы мүмкін құбылыстарының себептік байланыстарын талдап
шығып, оларды қандай да бір қарапайым соңғы "факторларға" саюдың, содан кейін
ұғымдар мен өзінің заңдылықтарында қатаң, елеулі ережелердің адам сенбес
казуистикасының көмегімен олардың ештеңесін қалдырмай парықтай алудың сәті түсіпті -
бұл аталмыш немесе тіпті оның қандай да бір жеке құбылысын, мысалы, капитализмді
оның қалыптасу процесінде және оның мәдени маңызында тарихи тану үшін не берер еді?