Қазақстанның ашық кітапханасы
110
Біз айналысқымыз келетін әлеуметтік ғылым - нақты болмыс туралы ғылым. Біз өзімізді
қоршап тұрған шын өмірді оның өзіндік ерекшелігінде түсінуге тырысамыз - оның
жекелеген құбылыстарының бүгінгі әлпетіндегі өзара байланысы мен мәдени
маңыздылығын, сондай-ақ олардың басқа әлпетте емес, дәл осы әлпетте тарихи
қалыптасуының себептерін түсінуге тырысамыз. Бүл екі арада, біз өмірді көз алдымызда
тікелей көрінетіндей әлпетте парықтауға тырысқан бойда, ол бізге бірінен соң бірі немесе
бір мезгілде біздің "ішімізде" және бізден "тысқары" пайда болып, ғайыпқа айналатын
құбылыстар шексіз алуандығын алға тартады. Біз тіпті болмағанда осынау "бірегей"
құбылысты оның каузалдық шарттылығында ұғынуды ауызға алмай-ақ, оны тек барлық
индивидуалдық компоненттерін қамти отырып, түп-түгелімен баяндап берудің байыпты
әрекетін жасаған бойда, біз оның жекелеген "объектісін" (мысалы, нақты айырбас
актысын) бөліп алып қарастырған жағдайда да өзінің қауырттылығында мұндай сан
алуандықтың абсолютті шексіздігі өзгермей қала береді. Сондықтан ұшы-қиыры жоқ
шексіз нақты болмысты ақтық адам рухымен ойша тану атаулы төмендегідей үнсіз
алғышартқа негізделген: әрбір аталмыш жағдайда ғылыми танымның пәні нақты
болмыстың тек ақтық бөлігі ғана бола алады, тек соны ғана "елеулі", яғни "білуге лайық"
деп санау керек. Бүл бөлік қандай принцип бойынша ажыратып алынады? Ұзақ уақыт
бойы мәдениет туралы ғылымдарда да шешуші нышанды сайып келгенде белгілі бір
себептік байланыстардың "заңды түрде" қайталануынан іздеу керек деп топшыланып
келді. "Заңдарда" бар, құбылыстардың алмасуында біз көз жетпес сан алуандықты
ажырата алатын нәрсе ғылым үшін - осы көзқарас тұрғысынан - бірден-бір "елеулі" нәрсе
болуға тиіс. Сөзсіз маңызды нәрсе ретінде тарихи индукция құралдары болсын, немесе
оны біздің ішкі тәжірибеміз үшін тікелей көрінетін айдан анық нәрсе етейік - біз себептік
байланыстың "заңдылығын" анықтаған бойда - осылайша табылған әрбір формулаға
біртекті құбылыстардың кез-келген саны бағынады. Индивидуалдық нақты болмыстың
"заңдылықты" бөліп алғаннан кейін түсініксіз болып қалатын бөлігі не әлі ғылыми
таңдауға түспеген, "заңдар" жүйесін жетілдіру барысында кейінірек оған кіретін қалдық
ретінде қарастырылады, не оны "кездейсоқ" бірдеңе және нақ сондықтан ғылым үшін
маңызы жоқ нәрсе, өйткені ол "заңдар көмегімен түсінуге" көнбейді, демек,
қарастырылып отырған құбылыстар "типіне" жатпайды және тек, "жай әуестік" объектісі
ғана бола алады деп жай ғана қаперге алынбайды. Осылайша, тіпті, тарихи мектептің
өкілдері де барлық, соның ішінде тарихи танымның да мұраты (тіпті ол мұрат алыс
болашаққа көшірілсе де) нақты болмысты "дедукциялап" алуға болатын ғылыми
қағидалар жүйесі болып табылады деген ойға ылғи қайта оралып отырады. Танымал бір
жаратылыстанушы мынадай долбар ұсынды: мәдени нақты болмысты осылай
"боршалаудың" іс жүзінде қол жетпес мұраты деп өмірлік процестерді "астрономиялық"
тұрғыдан тануды санауға болады. Аталған пән өзіне талай рет назар аудартқанына
қарамастан, біз де күш-жігерімізді жұмсап, аталмыш тақырыпқа біршама нақтырақ
тоқталайық. Ең алдымен көзге ұрып тұратыны, әңгіме болып отырған "астрономиялық"
таным дегеніміз тіпті де заңдарды тану емес, бүл арада пайдаланылып отырған "заңдар"
зерттеудің алғышарты ретінде басқа ғылымдардан, соның ішінде механикадан алынған.
Танымның өзін, осынау заңдардың индивидуалдық құрылымданған констелляцияға
ықпалы қандай индивидуалдық нәтиже береді деген сұрақ қойылады, өйткені осынау
индивидуалдық констелляциялардың біз үшін маңыздылығы бар.
Бізге астрономиялық білім "түсіндіретін" немесе күн ілгері айтып беретін әрбір
индивндуалдық констелляция, әрине, тек басқа, оның алдындағы дәл соншалық
индивидуалдық констелляция салдары ретінде каузалды түсіндіріле алады; және біз алыс
өткеннің қалың тұманына қаншалықты сұғына бойлағанымызбен, өзіне заңдар маңызды
болатын нақты болмыс қашанда бірдей индивидуалдық және бірдей дәрежеде заңдардан
шығарылмайтын болып қала береді. Индивидуалдық сипаты жоқ немесе қазіргі заманның