Page 109 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
109
кездейсоқ болса, сол мағынада, "тарихи кездейсоқ" екендігі айдан анық. Соған қарамастан
экономикалық фактордың асқан маңыздылығын құтқарудың сүйікті тәсілі мынадай:
мәдени өмірдің жекелеген элементтерінің константтық (тұрақты) ықпалы бір элементтің
басқаларынан, дұрысырағы, барлық басқаларының бір элементтен, экономикалық
элементтен каузалдық немесе қызметтік тәуелділігі шеңберінде қарастырылады. Егер
қандай да бір шаруашылықтық емес институт экономикалық таптық мүдделерге белгілі
бір тарихи "қызметті" жүзеге асырса, яғни соған кызмет етсе, егер, мысалы, белгілі бір
діни институттар "қара полиция" ретінде пайдаланылатын болса және солай
пайдаланылса, онда мұндай институт тек сол кызметті атқару үшін құрылған деп
саналады, немесе - мүлдем метафизикалық тұрғыдан - оған экономикадан тамыр тартатын
"даму тенденциясы" мөрін басқан деп кесіп айтылады.
Біздің заманда мамандар мәдениетті экономикалық талдау мақсатын бұлай тәпсірлеу
ішінара өзінің ғылыми ықыласы мәдениеттің белгілі бір тарихи констелляцияның салдары
экономикадан туындаған белгілі бір проблемаларына бағытталған ішінара дарақы
әкімшілік патриотизмнің ғылымда бейнеленуі болғанын және оның бері салғанда, ескіріп
қалғанын түсіндіріп жатуға мұқтаж емес. Барлығын жалғыз экономикалық себептерге
тоқайластыруды, қай мағынада алынса да, мәдениеттің бірде-бір саласында, оның ішінде,
"шаруашылық" процестері саласында да бәрін толық түсіндіретін нәрсе деп санауға
болмайды. Принципінде әлдебір халықтың банк ісін түсіндіру тек экономикалық
сарындарға құрылған тарихы, Сикст мадоннасын оның дүниеге келу заманындағы мәдени
өмірдің әлеуметтік-экономикалық негізінен өрбітілген "түсіндіру" секілді мүмкін емес
нәрсе; экономикалық түсіндіру принципінде капитализмді капиталистік рух генезисінде
белгілі бір рөл атқарған діни сана жасаған қандай да бір өзгерістерден шығару, немесе
қандай да бір саяси құрылысты ортаның географиялық жағдайынан шығару әрекетінен
асып түсетіндей сипатқа ие бола алмайды. Барлық осынау жағдайларда экономикалық
шарттарға беру керек маңыздылық дәрежесі үшін шешуші нәрсе - аталмыш құбылыстың
біз жекелеген жағдайда маңыз беретін өзіміз үшін маңызды деп санайтын өзіндік ерекше
элементтерін себептердің қандай типіне жатқызу керектігі болып табылады. Мәдени
нақты болмысты біржақты қандай да бір өзіндік ерекше "көзқараспен" біздің жағдайда
оның экономикадан туындауы тұрғысынан - біржақты талдау құқығы таза әдістемелік
жолмен мынадан шығады: назардың сапалық жағынан біртекті себептік категориялар
ықпалына дағдылы бағытталуы және бір ғана ұғымдық-әдістемелік аппаратты ұдайы
қолдану зерттеушіге еңбек бөлінісінің барлық артықшылықтарын береді. Бұл талдау
өзінің нәтижесімен ақталып тұрғанда, яғни тарихи оқиғаларды олардың нақты себептеріне
каузалды тоғыстыру үшін бағалы болып шығатын байланыстар туралы білім беріп
тұрғанда, оны "парықсыз" деуге болмайды. Алайда, тарихи құбылыстардың таза
экономикалық тәпсірленуінің "біржақтылығы" мен пәрменсіздігі жалпы алғанда мәдени
нақты болмыс үшін маңызды принциптің жеке оқиғасы ғана. Осының логикалық негізі
мен жалпы әдістемелік қорытындылары - алдағы баяндаудың басты мақсаты.
Мәдени өмірдің немесе (бұл, бәлкім, неғұрлым тар бірдеңе болар, бірақ біздің мақсат үшін
елеусіз қалдыратындай нәрсе емес) "әлеуметтік құбылыстардың" ерекше және "біржақты"
көзқарастардан тәуелсіз мінсіз "объективті" ғылыми талдауы жоқ, олар сол көзқарастарға
сәйкес зерттеу объектісі ретінде таңдап алынған, талдауға жатқызылған және
бөлшектенген (бұл айтылуы немесе үнсіз жол берілуі саналы түрде немесе санасыз солай
істелуі мүмкін нәрсе); бұл әлеуметтік ғылымдар саласындағы кез-келген зерттеудің
танымдық мақсатының сонылығымен түсіндіріледі, ол әлеуметтік өмірдің - құқықтық
немесе конвенционалдық - нормаларын таза формалды қарастыру шегінен шығып кетуге
ұмтылады.