Page 11 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
11
б) Аралас тұрпат қатынастары
. Кейбір қауымдық қатынастарда үстемдіктің мәнісі мен
серіктестіктің мәнісі, тегінде, араласып кететін секілді: мысалы, жыныстық қажеттілікпен
байланысты аса маңызды ең қарапайым қауымдық қатынаста, яғни, ұрпақ жалғастыруда -
еркек пен әйелдің арасындағы ұзаққа созылған қарым-қатынаста, мейлі ол, неке деп
немесе басқа деп аталса да, тегінде, солай болып жүр.
Б. Қоғамдық қатынастар
Серіктестіктің мәнісі мен үстемдіктің мәнісінің арасындағы айырмашылық сондай-ақ
қоғамдық қатынастарда да байқалады және тек қана үстемдік еркін шарт арқылы
орнатыла алатындығынан шығарыла алады, ол еңбек шарты секілді жекелеген кісілердің
арасында болсын, немесе көп адамдардың өз әміршісін мойындайтын және оған сөзсіз
немесе белгілі бір шартпен бағынатын келісім болсын бәрібір, бүл олардың бірлігін кім
яки не тікелей бейнелейтіндігіне қарамастан, ол жекелеген жаратылыстық кісі немесе бір
ұжымдық тұлға - ырқы жеткілікті және қарекет жасай алатын, бүкіл жиынтығында
көрінетін кеңес немесе корпорация екендігіне қарамастан бәрібір. Қоғамдық үстемдік
өздерінің төл мағынасындағы мемлекетте, яғни, осы заманғы мемлекетте әбден толысады;
оның алдында көптеген басқа мемлекеттік пошымдар болып, олар осы заманғы пошымға
ұмтылған, сөйтіп, ақырында, оған демократиялық республика пошымында ие болған, бүл
пошымда ол өзінің қоғамдық негізінің шекарасынан биіктеп келеді. Алайда, іс жүзіндегі
үстемдік енді қарапайым қоғамдық қатынастың салдарынан туындайды, онда
уағдаласушы екі жақтың арасындағыдай, мысалы, еңбек шартында, әсіресе ол жекелеген
"жұмыс беруін" мен жекелеген "жалдамалы жұмыскер" арасында жасалғандағыдай,
немесе "бітім шарты" нәтижесінде жеңімпаз бон жеңілген жақтың арасында қалыптасатын
жағдайдағыдай, биліктің бөлінісі жүреді; бұлар алдамшы шарттар, іс жүзінде олардың ту
сыртында мәжбүрлеу мен қатаң қатынас тұрады.
3. Жиынтық
Әлеуметтік мәністің немесе пошымның екінші ұғымы жиынтық ұғымы болып табылады.
Мен оны жаратылыстық, жан дүниелік және әлеуметтік жиынтық деп бөлемін. Біздің
ұғымға тек әлеуметтік жиынтықтың ғана тікелей қатысы бар, алайда, олар бір бөлігінде
жаратылыстық, бір бөлігінде жан дүниелік жиынтыққа, бір бөлігінде бір мезгілде олардың
екеуіне де негізделеді. Өйткені әлеуметтік жиынтықтың мәнісі мынада: оның іргетасын
құрайтын жаратылыстық және жан дүниелік қатынастар саналы түрде қабылданады,
демек, соларды саналы түрде қалайды. Бүл құбылыс халық өмірі өтіп жататын барлық
жерде, ортақтықтың сан алуан пошымдарында, мысалы, тілде, өмір салты мен әдет-
ғүрыптарда, діни соқыр сенімде, бірақ ең алдымен бір халықтың бөліктерін бір-бірінен
айырып тұратын - біршама дәрежеге дейін объективті, бірақ қандайда бір шамада олардың
санасында - ерекшеліктерде, атап айтқанда, белгілі бір жіктерді ең жоғары, текті, үстем
деп бөліп көрсететін ерекшеліктерде байқалады. Мәселен, сословиелік сана - бұл әрқашан
бірінші кезекте үстем сословиелердің санасы, және ол неғұрлым анық түрде менмендік
пен тәкаппарлықтан - сезімдерден, олардың үстемдігі астындағы "төменгі" сословиелердің
момындығы мен ізеті қарсы тұратын сезімдерден көрінеді, бірақ бұл қожайындар
сословиелері солай деп құрметтелетін кез бойына, олардың артықшылығына немесе тіпті
олардың шығу тегі құдайдан екендігіне сенетін кез бойына ғана созылады. Жиынтыққа
сондай-ақ қауым мен қоғам ұғымдары да қолданыла алады.
Әлеуметтік жиынтықтардың қауымдық сипаты болатындығы, оларға кіретіндер оларды
табиғаттан берілген немесе жаратылыстан тыс ырықпен жаратылғандар деп
ойлайтындығынан; ең қарапайым және аңғал түрінде бүл Үндістанның касталық
құрылысында көрініс береді. Онда әлдебір кәсіптік сословиеге жату дүниеге келу