Page 12 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
12
фактысының өзі секілді табиғи қажеттілік болып саналады, және оның құрамына кіру
ойланып жататын нәрсе емес, өйткені, кәсіптік сословие - үлкен бір отбасы: оның жұмысы
мен күнкөріс көзін табу тәсілі, ол тіпті ұрлық болса да, сақтап, қолдап отыруға тиісті мұра
болып табылады. Мұндай жағдайдың іздерін кез-келген сословиелік құрылыстан табуға
болады, өйткені тумысынан бар барлық әлеуметтік қатынастардан абсолютті ара ажырату
сирек болады және көбіне мүмкін де емес. Сондықтан, адам әдетте өзінің ата-анасы мен
ата-бабалары құрамында болған, "құдай" оларға өз тағдыры ретінде белгілеп берген
сословиеге жататындығына көнеді де, оларды көбіне ауыртпалық деп білгенімен, дағды
мен тәжірибе оның өзгермейтіндігін оңайлатады. Ол-ол ма, осы шек ішінде, онда өзін
қыспақтағыдай сезсе де, жоғары сословиелік сана сол сословиенің өмір сүру фактысын
мақұлдай алады, бүл бір жағынан, өздерінің кейбір оң тұрғыдағы қасиеттерінің немесе
жақсылықтарының үстемдік етуші сословиеде жоқ екенін байқап, әшкерелеп, өздерінікін
дәріптеуден, екінші жағынан, өздерінің ерекше қабілеттерін, мысалы, өнерге, қолөнерге
қабілетін, сондай-ақ өздерінің ар-намысын саналы түрде түсініп, оларды бері салғанда,
басқа сословиелердің, соның ішінде үстемдік етуші сословиелердің абыройына тең деп
санап, олардың мойындалуына күш салатынынан көрінеді.
Осылайша, таптық күрес - сословиелер арасындағы күрестің барған сайын саналы бола
бастаған және жалпыға ортақ пошымы. Бірақ атап көрсетілген сана тікелей күрессіз де
алуан түрде көрінеді: мәселен, тұлдыры жоқ адамдардың зор бұқарасы өзін негізінен
халықпыз деп біледі, меншік пен ләззат иесі боп табылатын ат төбеліндей топ өзін
негізінен, қоғам ретінде біледі, дегенмен екі ұғым да екеуі ортақ, бәрін қамтитын бір
нәрсені білдіреді. Бұл мағынада алғанда "халық", сондай-ақ сословие неғұрлым қауымдық
сипатқа, ал сондай-ақ осында көрсетілген мағынада түсінілетін қоғам да, тап та неғұрлым
қоғамдық сипатқа ие болады.
4. Корпорация
Таза әлеуметтанудың үшінші, ең маңызды пәні - бұл бірлесу, немесе басқа да көптеген
атаулармен нобайланатын корпорация. Ол табиғи бірдеңе емес, оны, сондай-ақ, таза жан
дүниелік факт ретінде түсінбеу керек - ол тек қана және өзінің мәнісі бойынша әлеуметтік
факт, яғни ол оны көп адамдар бірге ойлайтындығының арқасында ғана тіршілік етеді.
Оның ерекше белгісі - біртүтас ырық пен қызметке қабілеттілік болып табылады - бұл
шешім қабылдау қабілетінде неғұрлым айқын көрінетін қабілет: ойлана білетін тіршілік
несі ретінде жеке адам шешім қабылдай алады, ал егер әңгіме көптеген адамдар жөнінде
болса, онда бұл олардың арасында ұзақ уақыт бойы келісім үстемдік еткенде ғана, немесе
өздерінің олардың жиынтығының бір бөлігінің күні (бұрын белгіленген пошымда және
ортақ келісіммен білдірілген ырқын олардың баршасының ырқы, яғни корпорацияның
ырқы ретінде мойындап, шынында да солай дейтіндей ұзақ үстемдік етсе ғана мүмкін
нәрсе. Мысалы, олардың ырқы бір ғана кісі арқылы көрсетіле алады, бүл үшін оның ту
сыртында жиынтықтың, яғни тұтас алғанда бүкіл корпорацияның ырқы тұр деп білу
керек.
Корпорация - осы терминге үңіле қарасақ - келесі жағдайлардың негізінде өсіп шыға
алады:
1. Жағдайлар негізінде
: жаратылыстың қатынастар негізінде, өйткені олар әлеуметтік
қатынастарға айналған. Бұл арада қандас туыстық қатынастар әрқашан адамдарды
байланыстыратын неғұрлым ортақ және ең жаратылыстық дәнекер - олардың "бірлескен
мәнісі" боп шығады. Олардың негізінде құрылатын аса маңызды корпорация - бізге белгілі
Парлық халықтарда бірлескен саяси өмірдің бастапқы пошымы болып табылатын одақ,
адамдардың ең ежелгі бірлігі мен бірлесуі қалай аталса да - қандас туыстық, рулық қауым,