Қазақстанның ашық кітапханасы
108
жалпылама тіркестерді қанағат тұтады, себебі экономиканың "қозғаушы күштерінен"
"шынайы", бірден-бір "ақиқат", "сайып келгенде әрқашан шешуші" факторды көргісі
келетін өздерінің догматтық қажеті көзделеді. Айтпақшы, бұл бірегей ерек бірдеңе емес.
Филологиядан биологияға дейін, барлық ғылымдар өздерінің тек арнайы білім ғана
жасамай, "дүниетаным" да жасап жатқанына дәмесін оқтын-оқтын білдіріп қояды. Осы
заманғы экономикалық өзгерістердің орасан зор мәдени маңызының, соның ішінде,
"жұмысшы мәселесінің" үстем маңызының ықпалымен бұған әрбір парықсыз сананың
түбіріне балта шабылмас монизм! табиғи түрде түсіп кететін. Қазір, ұлттардың саясат пен
сауда саласында әлемдік үстемдікке ие болу жолындағы күресі барған сайын өткір бола
түскен кезде, дәл сол белгі антропологияда да көріне бастады. Барлық тарихи оқиғалар
"сайып келгенде" туа біткен "нәсілдік қасиеттердің" ойынымен анықталатындығына сенім
кеңінен таралды ғой. "Халық мінезін" сын тұрғысынан жазбаудың орнын
"жаратылыстанушылық" негізде өзіндік одан да бетер бейсынсыз "қоғамдық теориялар"
жасау алмастырды. Біз өзіміздің журналымызда антропологиялық зерттеулердің дамуын
біздің көзқарасымыз үшін қаншалықты маңызы болатын шамада қадағалап отырамыз.
Мәдени оқиғаларды "ортадан", ал оған дейін - "уақыт шартынан" тауып келгені секілді
"нәсілге" каузалдық саю орын алатыны мүмкін болатын, ғылымның бізде тек шынайы
білімнің жоқтығын ғана айғақтайтын мұндай ахуалы шын ғалымдардың қатаң әдістері
арқылы бірте-бірте еңсеріледі дегеннен үміт үзбеу керек. Қазіргі кезге дейін мамандардың
жұмысына қырсық дилетанттардың түсінігі бәрінен коп кедергі жасап келді, олар
мәдениетті түсіну үшін тарихи болмыс мәдениетінің жекелеген нақты құбылыстарын
соны көзқарас тұрғысынан бақылау барысында алынған, жоққа шығарылмайтын материал
көмегімен олардың нақты тарихи тәуелді себептеріне сеніммен саюдың мүмкіндігін
кеңейтуден гөрі, соны да неғұрлым елеулі бірдеңе бере аламыз деп біледі. Олар сонысын
бізге бере алатын шамада ғана олардың қорытындысы бізге қызықты бола алады және
"нәсілдік биологияны" жаңа теориялар жасаудың біздің заманымызға тән көрсеқызар
ынтықтығынан артығырақ нәрсе екен деп білуге жәрдемдесе алады.
Тарихи процесті экономикалық тұрғыдан тәпсірлеуге келгенде де жағдай солай. Егер
аталған тәпсірлеуді шексіз асыра бағалау кезеңінен кейін, қазір оның ғылыми маңызы
жете бағаланбай келе ме деп қауіп ойлайтын болсақ, онда бүл теңдесі жоқ
жауапсыздықтың салдары, бұл жауапсыздық мәдениеттің барлық құбылыстарын (яғни,
олардағы біз үшін елеулі нәрсенің бәрін) экономикалық факторға, яғни сол арқылы сайып
келгенде экономикадан туындайтын нәрсе деп қарастыратын факторға дедукциялаудың
"әмбебап" әдісі ретінде нақты болмысты экономикалық тәпсірлеудің негізінде жатты.
Бүгіндері бүл тәпсірдің қисындық пошымдары әртүрлі болып келеді. Егер таза
экономикалық түсіндіру қиындықтарға тап болса, оның жалпы маңыздылығын негізгі
себептілік мезеті ретінде сақтап қалудың көптеген жолдары бар. Олардың бірі мынадай
тарихи нақты болмыстың экономикалық сарыннан шығарыла алмайтын барлық
құбылыстары нақ сондықтан ғылыми мағынада елеусіз нәрсе, "кездейсоқтық" деп
саналады. Екінші тәсіл мынадай: "экономикалық" деген ұғым кеңейтіп жіберілетіндігі
соншалық, сыртқы құралдармен әйтеуір бір байланысы бар барлық адами мүдделер
аталған ұғымның аясына кіргізіп жіберіледі. Егер экономикалық жағынан бірдей екі
жағдайға реакция соған қарамастан әрқилы болған жағдайда - саяси, діни, климаттық және
басқа толып жатқан бейэкономикалық дегерминанттардағы айырмашылықтан онда
экономикалық фактордың басымдығын сақтап қалу үшін қалған барлық сәттер тарихи
кездейсоқ "шарттар" санатына жатқызыла салады, оларда экономикалық сарындар "себеп"
ретінде қарекет жасайды. Алайда экономикалық көзқарас тұрғысынан осы бір "кездейсоқ"
мезеттер, дәл экономикалық себептердің айна-қатесіз өзі іспеттес, өз заңдарына
бағынатыны және олардың өзіндік ерекше маңыздылығын зерттейтін көзқарас үшін
экономикалық "шарттар" да, экономикалық көзқарас тұрғысынан басқа "шарттар" қалай