Page 107 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
107
пәндерді "мәдениет туралы ғылымдар" деп атайтын болсақ, онда әлеуметтік ғылым біздің
түсінігімізде сол категорияға жатады. Осыдан қандай принципті қорытындылар
шығатынын біз ұзамай көреміз.
Мәдени өмірдің әлеуметтік-экономикалық қырларын бөліп алу біздің тақырыптарымызды
едәуір шектейтіндігі күмәнсіз. Бізге, әрине, мәдени өмір осы арада қарастырылатын
экономикалық немесе, оншалық дәл емесе "материалистік" деген сөзбен атайтын көзқарас
"біржақты" сипатты дейтіндер табылады. Бүл әділетті, бірақ мұндай "біржақтылық" әдейі
жасалған. Прогресшіл ғылыми зерттеудің мақсаты экономикалық тұрғыдан қарастырудың
"біржақтылығын" оны ортақ, әлеуметтік ғылым деңгейіне дейін көтеру арқылы жою деген
нық сенім, "әлеуметтік" көзқарас, яғни адамдар арасындағы байланысты зерттеу ғылыми
проблемаларды жеткілікті анықтап болуға тек егер ол көзқарас қандай да бір ерекше
мазмұнды предикатпен сипатталса ғана мүмкіндік беретіндігін түсінбейтіндікті
айғақтайды. Керісінше жағдайда, филологияның немесе шіркеу тарихының пәні ғана емес,
жалпы, мәдени өмірдің мемлекет сынды аса маңызды конституциялық элементімен, оны
нормативтік реттеудің құқық сынды аса маңызды пошымымен айналысатын жалпы
барлық ғылымдардың объектісі болып шығады. Әлеуметтік-экономикалық зерттеудің
"әлеуметтік" қатынастармен айналысатыны, оның өмір құбылыстарымен айналысатыны
оны биологияның бір бөлігіне айналдырмайтыны секілді немесе, оның планеталардың
біріндегі процестерді зерттейтіні оны талдап зерттелген қаяусыз анық болашақта
астрономияның бір бөлігіне айналдырылмайтыны секілді оны жалпы "қоғамдық
ғылымдарды" дамытудағы қажетті саты деп білудің негізі бола алмайды. Ғылымдарды
жіктеудің негізінде "заттардың" "іс жүзіндегі" байланысы емес, проблемалардың "ойша"
байланысы жатады: жаңа әдіс көмегімен жаңа проблема зерттелетін, сол арқылы жаңа
көзқарастарды ашатын ақиқат табылатын жерде жаңа "ғылым" пайда болады.
Және де, өзінің мағынасы жағынан ортақ секілді "әлеуметтік" ұғымын қолдану
мүмкіндігін тексергенде, оның мәні, коп жағдайда едәуір бұлдыр болса да, мүлдем
ерекше, өзіндік реңкі бар сипатта болып шығатыны кездейсоқ емес. Шындығында оның
ортақтығы - оның нақ осы бұлдырлығының салдары. Өзінің "ортақ" мағынасында
алынғанда ол мәдениеттің белгілі бір элементтерінің мәнін аша алатындай өзіндік ерекше
көзқарас тудырмайды.
Мәдениет құбылыстарының жиынтығын солардың жемісі немесе қызметі ретінде
"материалдық" мүдделердің констелляциясынан дедукциялауға болады-мыс деген
ескірген көзқарастан бас тарта отырып, дегенмен, біз әлеуметтік құбылыстар мен мәдени
процестерді олардың экономикадан туындайтындығы және олардың ықпалы көзқарасы
тұрғысынан талдау - догматизмнен аулақ, абайлап қолданғанда – творчестволық және
жемісті ғылыми принцип болды және көз жетер уақыттың он бойына солай болып қала
береді деп топшылаймыз. "Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну" деп аталатын
"дүниетаным" ретінде немесе тарихи болмысты каузалдық түсіндірудегі ортақ бөлгіш деп
білуді үзілді-кесілді серпіп тастау керек; алайда, тарихты экономикалық тұрғыдан
тәпсірлеу біздің журналдың ең елеулі мақсаттарының бірі болып табылады. Бүл әрі қарай
түсіндіруді талап етеді.
"Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну" дейтінің "Коммунистік партияның
манифесіндегі" ескі кемеңгер де қарабайыр мағынасында қазір құмарлар мен дилетанттар
санасында ғана үстем. Олардың арасында әлі де болса өзіндік түсінік бар, ол мынадан
құралады: олардың каузалдық байланыс жөніндегі қажеті тек мына жағдайда, егер қандай
да бір тарихи құбылысты түсіндіру барысында қай жерде болса да, қалай болса да,
әйтеуір, экономикалық факторлар рөлі табылатын немесе табылған секілді көрінетін
жағдайда қанағаттандырылады. Бұл жағдайда олар ең шатқаяқ гипотезалар мен ең