Page 106 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
106
оларды қанағаттандыру тәсіліне, заттық мүдделі топтардың қалыптасуына, олардың
билігін жүзеге асыру құралдарына, сол арқылы "экономикалық даму" сипатына да ықпал
етеді, демек, "экономикалық релевантты" нәрсеге айналады. Біздің ғылым каузалдық
регрессивті
қозғалыс
барысында
мәдениеттің
экономикалық
құбылыстарын
индивидуалдық себептерге саятын шамада - сипаты бойынша экономикалық немесе
бейэкономикалық - ол "тарихи" танымға ұмтылады. Мәдениет құбылыстарының өзіндік
ерекше бір элементін, экономикалық элементін мәдени мәнінде, барынша әрқилы мәдени
байланыстар шеңберінде ізерлейтін шамада, ол тарихи өзіндік ерекше көзқарас
тұрғысынан тәпсірлеуге ұмтылып, бір мәдениетті толық тарихи танып-білу үшін әлдене
ішінара картинаны алдын-ала зерттеу ісін жасайды.
Экономикалық проблема экономикалық сәттер себеп яки салдар ретінде көрінетін барлық
жерлерде туындай бергенімен, - ол тек нақ осынау факторлардың маңызы проблемаға
айналатын жерде және оны тек әлеуметтік-экономикалық ғылым әдістерімен ғана дәлме-
дәл белгілеуге болатын жерде бой көрсетеді ғой - әлеуметтік-экономикалық зерттеулер
саласы бәрібір ұшы-қиырсыз дерлік күйінде қала береді.
Біздің журнал будан бұрын-ақ оз қызметінің өрісін шектеп, біздің ғылымның дескриптивті
экономика, сөздің тар мағынасындағы шаруашылық тарихы және статистика сынды
толып жатқан өте маңызды арнаулы салаларынан бас тартқан болатын. Сондай-ақ, қаржы
техникасы мен техникалық проблемалар мәселелері - осы заманғы айырбас
шаруашылығындағы базардың құрылуы және бағаның жасалуы мәселелерін зерттеу басқа
органдарға берілді. Құрылған сәтінен бастап "Архивтің" зерттеу саласы белгілі бір
мүдделер констелляциясы және бүгінгі маңызында әрі тарихи қалыптасуында алынған,
осы заманғы мәдениетті елдер шаруашылығында инвестицияланатын (жұмсалатын)
капиталдың жетекші рөлге ие болуының салдарынан туындайтын дау-шар болды. Бұл
орайда журнал редакциясы өзінің қызығушылық шеңберін тар мағынада алынған
"әлеуметтік мәселеге", яғни осы заманғы жұмысшы табының орын алып отырған
қоғамдық құрылысқа қатынасына байланысты практикалық және тарихи эволюциялық
мәселелермен шектеген жоқ. Рас, оның негізгі мақсаттарының бірі нақ осы арнайы
мәселеге XIX ғ. 80-ші жылдарындағы кеңінен таралған қызығушылықтың ғылыми
тамырларын анықтау болуға тиіс еді. Алайда бізде де еңбек жағдайын практикалық
тұрғыдан қарастыру заң шығарушылық қызмет пен жұртшылық пікірталасының пәніне
неғұрлым көбірек айнала түскен сайын, соғұрлым ғылыми жұмыс салмағының орталығы
сол проблемалар да кіретін неғұрлым жалпы байланыстарды анықтау жағына ойыса берді
де, мұның өзі біздің алдымызға біздің мәдениетіміздің экономикалық негіздерінің
ерекшеліктері жасаған, сондықтан да өзіндік ерекшеліктері жағынан осы заманғы болып
отырған барлық мәдени проблемалардың талдауын беру міндетін қойды. Көп ұзамай
журнал шынында да осы заманғы мәдениетті халықтардың басқа да ірі таптарының
өмірінің әрқилы "экономикалық релевантты" да, "экономикадан туындайтын да қырлары
мен олардың өзара қатынасын тарихи, статистикалық және теориялық тұрғыдан зерттей
бастады. Егер біз қазір адамдардың бірлесе тіршілік етуінің әлеуметтік-экономикалық
құрылымының ортақ мәдени маңызын және оның ұйымдастырылуының тарихи
пошымдарын ғылыми зерттеу біздің журналдың тікелей саласы деп анықтап жүрсек, тек
журналдың қалыптасып үлгерген бағытынан түйін түйгеніміз ғана. Біз журналымызды
"Әлеуметтік ғылымдар архиві" деп атағанда нақ осыдан басқа ештеңені көздемеген
болатынбыз. Бұл атау практикалық шешімін сөздің барынша кең мағынасында алынған
"әлеуметтік саясаттың" шаруасы болып табылатын проблемалардың тарихи және
теориялық зерттелуін қамтиды. Біз өзімізді "әлеуметтік" деген терминді қазіргі заманның
нақты проблемалары анықталатын мағынасында қолдануға хақылымыз деп санаймыз...
Егер адам өмірінің оқиғаларын олардың мәдени маңызы тұрғысынан қарастыратын