Қазақстанның ашық кітапханасы
105
Әлеуметтік-экономикалық проблематиканы біз елеулі мәдени мәні олардың
экономикалық қырында жататын, бізді тек осы көзқарас тұрғысынан ғана байыпты
қызықтыра алатын оқиғалар мен кешендерге және т.т. бөле аламыз - мұның мысалы
биржадағы немесе банк ісіндегі оқиғалар. Мұндай нәрсе, әңгіме әдетте (бірақ міндетті де
емес) әлдене экономикалық мақсатты жүзеге асыру үшін әдейі арнайы құрылған немесе
сол үшін пайдаланылатын институттар туралы қозғалғанда болады. Біздің танымымыздың
мұндай объектілерін тар мағынада "экономикалық" процестер немесе институттар деп
атауға болады. Оларға басқалары қосылады - олар мысалы, діни өмір оқиғалары секілді -
бізді, сөз жоқ бірінші кезекте олардың экономикалық маңызы тұрғысынан
қызықтырмайды, бірақ олар белгілі бір жағдайларда дәл сол көзқарас тұрғысынан маңызға
ие болады, өйткені олар бізді экономикалық көзқарас тұрғысынан қызықтыратын, атап
айтқанда "экономикалық релевантты" құбылыстар секілді ықпал етеді. Және ақыр
соңында, біздің түсінігіміздегі "экономикалық" емес құбылыстардың құрамында
экономикалық ықпалы бізді еш немесе өте аз мөлшерде қызықтыратын, мысалы, белгілі
бір дәуірдің көркем талғамының бағыты сынды құбылыстар бар. Алайда тегі осындай
құбылыстар өздерінің бірқатар елеулі өзіндік ерекше қырларында кей-кейде
экономикалық сарындардың ықпалын сезіне алады - біздің заманда, мысалы, қоғамның
өнерге ықыласы бар бөлігіндегі әлеуметтік жіктелудің көбірек немесе азырақ ықпалы
сондай; бұлар - экономикалық тұрғыдан туындайтын құбылыстар. Осылай, мысалы, біз
"мемлекет" деп атайтын адамдар арасындағы қатынастар мен сол нормалар белгілейтін
байланыстардың кешені - оның қаржылық құрылысы тұрғысынан қарағанда
"экономикалық" құбылыс. Мемлекет өзінің заң шығарушы қызметі арқылы немесе басқа
да жолдармен шаруашылық өмірге ықпал ететін шамада (ол өзінің қимылында саналы
түрде экономикалық сарыннан мүлдем өзге нәрсені басшылыққа алғанда да), ол -
"экономикалық релевантты"; ақыр соңында, оның қимылы мен өзіндік ерекшелігі басқа -
тек "экономикалық" емес - қырларында да экономикалық сарындармен анықталатын
шамада, ол "экономикадан туындаған". Айтқанымыздың түйіні - бір жағынан,
"экономикалық" құбылыстардың өрісі тұрақсыз және олардың бекем шекаралары жоқ,
екінші жағынан - құбылыстың "экономикалық" қырлары тіпті де "тек экономикадан
туындамайды" және тек "экономикалық ықпал" етіп қоймайды, жалпы алғанда құбылыс
біздің мүддеміз тіршілік ету жолындағы материалдық күрес үшін маңызы бар нәрсеге ғана
бағытталған шамада және тек соған дейін ғана экономикалық сипатқа ие болады.
Біздің журнал, жалпы Маркс пен Рошер заманынан бергі әлеуметтік-экономикалық ғылым
секілді, тек "экономикалық" емес, "экономикалық релевантты" және "экономикадан
туындайтын" құбылыстармен де айналысады. Мұндай объектілер өрісі (біздің мүддеміздің
бағытына тәуелді тұрақсыздығын сақтай отырып) бүкіл мәдени процестер жиынтығын
қамтиды. Өзіндік ерекше экономикалық сарындар, яғни жоғарыда біз атап өткен іргелі
өрістегі біз үшін маңызды өзіндік ерекшелігінде жататын сарындар, тіпті, ең
бейматериалдық қажеттілікті қанағаттандыру сыртқы шектеулі құралдармен байланысты
барлық жерде қарекет жасайды. Олардың күш-қуаты мәдени қажеттіліктердің, соның
ішінде, ең терең қажеттіліктердің пошымын ғана емес, олардың мазмұнын да анықтап,
туындатып отырды. "Материалдық" мүдделердің қысымын сезінетін әлеуметтік
қатынастардың институттар мен адамдар топтарының жанама ықпалы (көбіне санаға
сіңбей-ақ) мәдениеттің барлық салаларына түгелімен, эстетикалық және діни сезімнің
нәзік реңктеріне дейін таралады. Жоғары саясат саласындағы "тарихи" оқиғалардан кем
соқпайтын дәрежеде күнделікті өмірдің оқиғалары ұжымдық және бұқаралық құбылыстар,
сондай-ақ мемлекет қайраткерлерінің "жекелеген" қарекеттері немесе әдебиет пен өнер
саласындағы жеке жетістіктер олардың ықпалының объектісі, олар "экономикадан
туындаған". Екінші жағынан, тарихи берілген мәдениет шеңберіндегі барлық құбылыстар
мен тіршілік жағдайларының жиынтығы материалдық қажеттіліктердің қалыптасуына,