Қазақстанның ашық кітапханасы
104
"Архивтің" сипатын жоспарлы түрде өзгертуді де, қызметкерлер тобын белгілі бір
партиялық көзқарастағы ғалымдармен шектеу арқылы оны жасанды түрде консервілеуді
де көздеп отырған жоқ. Редакция журнал сипатын оның одан әрі "эволюциясын" күтудегі
нақты нәрсе деп қабылдайды. Оның сипаты болашақта қалай қалыптасады, біздің
қызметкерлер шеңберінің сөзсіз кеңеюінің салдарынан, бәлкім, ол қалай өзгеретіндігі,
бірінші кезекте ғылымға қызмет ету ниетімен сол шеңберге жаңадан қосылатын
адамдардың өздеріне қойылатын талаптарға үйреніп, оларды біржола қабылдауына
байланысты болады. Бұл сондай-ақ журнал қарастыруды өзінің мақсаты етіп қойған
проблематиканың кеңейтілуіне де байланысты.
Соңғы ескерту біздің зерттеу пәнін шектеу туралы бұған дейін қарастырылмаған мәселеге
жетелейді. Оған сондай-ақ осы арада да әлеуметтік ғылымдар саласындағы танымдық
мақсат табиғаты туралы мәселе қоймай тұрып, жауап бере алмайсың. Бұған дейін "баға
беретін пікірлер" мен "тәжірибелік білімді" принципті түрде бөле отырып, біз әлеуметтік
ғылымдар саласында сөз жоқ маңызды таным типі шынында да бар, яғни эмпириялық
нақты болмысты ойша ретке келтіру бар деген алғышартқа сүйендік. Бұл алғышарттың өзі
гиді біз үшін біздің салада өзіміз ұмтылатын ақиқаттың объективті "маңыздылығы" неден
құралуы мүмкін екенін анықтауымыз керектігі шамасында проблемаға айналып келді.
Әдістер "негізгі ұғымдар" және алғышарттар күресіндегі "көзқарастардың" үнемі өзгеріп
отыратын, пайдаланылатын "ұғымдардың" ұдайы түрленіп тұратынын қадағалайтын,
теориялық және тарихи көруді еңсерілместей құз әлі де бөліп тұрғанын көріп жүрген әрбір
адам (Венада емтихан тапсырған бір студент, күйіне шағынып, "екі саяси экономия" бар
деуден танбаған болатын) аталмыш проблеманың ойдан шығарылмағанын, оның
шынында да бар екенін түсінеді. Біз объективтілік деп нені атаймыз? Осы арада біз дәл
осы сұрақты түсіндіруге тырысып көреміз.
II
"Архив" журналы өзі дүниеге келген мезеттен бастап өзі зерттейтін объектілерді
әлеуметтік-экономикалық құбылыстар деп қарастырған-ды. Біз бүл арада ұғымдар мен
жекелеген ғылымдардың шекараларына анықтама беріп жатуда мағына жоқтығын көре
тұрсақ та, біз соған қарамастан, бүл пені білдіретіндігін барынша жалпылама пошымда
түсіндіре кету қажет деп санаймыз.
Біздің физикалық дене ретінде тіршілік етуіміз бен дәл сол секілді біздің ең асқақ
мұраттық қажеттерімізді қанағаттандыру барлық жерде қажетті сыртқы құралдардың
сандық тұрғыдан шектеулілігіне және сапалық жеткіліксіздігіне тап болатыны, ондай
қанағаттандыру үшін жоспарлы даярлық, жұмыс, табиғат күштерімен күрес және
адамдардың қоғамға бірігуі талап етілетіні фактысы, осынау жағдай - барынша
жалпылама анықтамасында - іргелі сәт болып табылады, біз ұғымның барынша кең
мағынасында "әлеуметтік-экономикалық" деп атайтын барлық құбылыстар сонымен
байланысты. Құбылыстың оны "әлеуметтік-экономикалық" деп санауға мүмкіндік беретін
қасиеті оған өздігінен-ақ "объективті" түрде тән бірдеңе емес. Ол біздің танымдық
қызығушылығымыздың бағытына тәуелді. Ол әрбір жекелеген жағдайда әйтеуір бір
оқиғаға біз беретін өзіндік ерекше мәдени маңыз шеңберінде қалыптасатын танымдық
мүдделеріміздің бағытынан туындайды. Мәдени өмірдің құбылысы, біз үшін оның өзіндік
ерекше маңызы негізделетін өз ерекшелігі бөліктерінде өзінің тамырларымен аталған
өріске тікелей немесе жанама жайылатын барлық жағдайда, оның бойында әлеуметтік
ғылым проблемасы, яғни тақырыбы аталған іргелі өрістің бүкіл мәнін ашып көрсетуге
қызмет ететін пәннің міндеті болады немесе, бері салғанда аталмыш жағдайда бола алады.