Қазақстанның ашық кітапханасы
103
елеулі қарсылыққа ұшырауға тиіс, ал біздікі секілді журналдар үшін одан да қауіпті бола
түседі, өйткені тәжірибеден белгілі, әлеуметтік ғылымдар саласында ғылыми проблема
қоюға әдетте, практикалық "мәселелер" түрткі болды; осылайша, белгілі бір ғылыми
проблема бар екенін жай ғана мойындаудың өзі қазір өмір сүріп жатқан адамдардың
ырқының бағытына тікелей байланысты.
Сондықтан нақты проблемаға ортақ мүдделілік өмірге әкелген журнал беттерінде
аталмыш проблемаға мүдделілігі белгілі бір нақты шарттар олардың өздері сенетін мінсіз
құндылықтарға кереғар, немесе қатер төндіреді деп білетіндігімен түсіндірілетін адамдар
ұдайы ұшырасып тұрады. Тектес мұраттардың жақындығы сонда журналдың тұрақты
қызметкерлерінің басын біріктіреді және жаңа адамдарды тартады; бұл журналға, бері
салғанда, әлеуметтік саясаттың практикалық проблемаларын қарастырғанда, белгілі бір
"сипат" береді, өйткені таза теориялық сипаттағы проблемалар жөнінде баға беретін
позициясы ешқашан толық жойыла алмайтын жанды сезімталдыққа ие адамдардың
бірлесе қызмет атқаруының сөзсіз болатын салдары сондай; ол ал практикалық ұсыныстар
мен шараларды сынауда - көрсетілген алғышарттар тұсында - бұл позиция өзінің заңды
көрінісін табады. "Архив", бізге мура болып қалған мағынадағы "жұмыс мәселесіне"
байланысты белгілі бір практикалық проблемалар, әлеуметтік ғылымдар мәселелері
жөніндегі пікір-таластар бірінші орында тұрған кезеңде жарық көре бастады. Журналды
қызықтыратын проблемалармен өздерінің ең асқақ та шешуші құндылықтық идеяларын
байланыстырған, сондықтан да оның тұрақты қызметкерлеріне айналған адамдар дәл сол
себеппен мәдениетті көрсетілген құндылықтық идеялармен толық немесе ішінара ұқсас
түсінудің жақтастары болды. Өзінің белгілі бір "тенденцияны" көздейтінін жоққа
шығарып, сол мақсатта таза "ғылыми" әдістермен қатаң шектелуді жариялаған және
қызметкер ретінде "барлық саяси партиялардың өкілдерін" табанды түрде шақырған
журнал, дегенмен жоғарыда әңгіме болған "сипаттан" айнымағаны мәлім. Мұндай
бағытты журналдың тұрақты кызметкерлері жасады. Көзқарастарындағы барлық
айырмашылықтарға қарамастан бүл адамдарды ортақ мақсат біріктірді, ол мақсатты олар
жұмысшылардың тәндік есен-саулығын сақтауда, жұмысшылар арасында біздің
мәдениетіміздің материалдық және рухани игіліктерінің көбірек таралуына жәрдемдесу
мүмкіндігінде деп білді, олар мұның құралы материалдық мүдделілік өрісінде
мемлекеттің араласуын орын алып отырған мемлекеттік және құқықтық тәртіптің еркін
дамуын жалғастырумен ұштастыру деп білді.
Олардың болашақ қоғамдық құрылысты қалыптастыруға көзқарастары қандай болсадағы,
қазіргі шақ үшін олар капиталистік жүйені қабылдады және бүл оны қоғамдық
құрылыстың бұрынғы пошымдарынан жақсырақ деп санағандықтан емес, оның
практикалық сөзсіздігіне сенгендіктен және онымен үзілді-кесілді күрес жүргізудің
барлық әрекеттері жұмысшы табын мәдениет жетістіктерімен көбірек қауыштыруға емес,
сол процесті баяулатуға апарып соқтырады деп санағандықтан болатын. Германияда
соңғы кезде қалыптасқан жағдайда (бұл арада оның табиғатын тәптіштеп айтып жатудың
еш қажеті жоқ) сол кезде оны айналып өтуге болмайтын еді, қазір де айналып өтуге
болмайды. Ол-ол ма, нақ сол жағдай ғылыми пікірталастың ойдағыдай жүруін және оған
қатысудың жан-жақтылығын тікелей ынталандырды, біздің журнал үшін қуат факторы
дерлік болды, ал қалыптасқан жағдайда, бәлкім, тіпті оның тіршілік ету құқығы негізінің
бірі болып отыр.
Мынаған күмән жоқ: ғылыми журналдың мұндай "сипатын" орнықтыру оның
объективтілігі мен ғылымилығына қатер төндіруі мүмкін еді және қызметкерлерді іріктеп
алу әдейі бір типті жүргізілсе, шынында да солай болуға тиіс еді - мұндай жағдайда ондай
"сипатты" жасау іс жүзінде "тенденцияның" болуымен барабар болар еді. Журнал
редакциясы ондай жағдай өзіне жүктейтін жауапкершілікті әбден түсінеді. Редакция