Page 101 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
101
мұндай позиция объективті зерттеу үшін бұрынғы партиялардың оз догмаларының
ғылыми "дәлелденетіндігіне" аңғырт сенімінен әлдеқайда көбірек қауіпті. Білім мен баға
беретін пікір арасын ажырата білу қабілеті, өзінің ғылыми борышын - фактыларда
бейнеленген ақиқатты көру борышын және өзінің практикалық қызмет борышын - өзінің
мұраттарын табандап қорғау борышын орындау - біздің ең таяу міндетіміз осылардан
құралады.
Уәж келтіру біздің сезімімізге, мәдениеттің нақты практикалық мақсаттарынан,
пошымдарынан және мазмұнынан шабыт алу қабілетімізге, ал әңгіме этикалық
нормалардың маңыздылығы туралы болса, біздің ұжданымызға сілтеп қозғау сала ма,
немесе ол біздің эмпириялық нақты болмысты эмпириялық ақиқат ретінде
маңыздылықтан дәмете алатын тәсілмен ойша ретке келтіруге біздің қабілетіміз бен
қажеттігімізге қозғау сала ма - барлық замандардағы айырмашылық осы, біз үшін бәрінен
маңыздысы да нақ сол айырмашылық. Аталмыш қағида, практикалық мүдде саласындағы
аталып кеткен асқақ "құндылықтардың" мәдениет туралы ғылымдар саласында ойлау
қызметін ретке келтіретін бағыт үшін қашанда шешуші маңызы болғанына және әрқашан
солай болатындығына қарамастан, (біз алда көретініміздей) күшінде қала береді.Мына бір
факт дұрыс және әрқашан дұрыс болып қала береді: әлеуметтік ғылымдар саласындағы
әдістемелік тұрғыдан әдепті ғылыми уәж, егер ол өзінің мақсатына жеткісі келсе, тіпті ол
материалдың жеткіліксіздігінен көрсетілген мақсатқа толық жете алмайтын болса да,
қытай да дұрыс деп мойындайтынындай болуға тиіс, дәлірек айтсақ, бері салғанда, соған
ұмтылуға тиіс. Ілгерілей түссек, мұратты оның мазмұнын және соңғы аксиомаларды
логикалық талдау, содан туындайтын логикалық және практикалық қорытындыларды
анықтау, егер уәж мойын бұрғызбайтын болса, қытай үшін де, ол біздің этикалық
императивтерімізге "саңырау" бола алғанымен, және, әрине, мұраттың өзі мен одан
туындайтын нақты бағаларды теріске шығаратын болғанымен, бірақ бұл орайда ол
ғылыми талдаудың құндылығын теріске шығармайтын болса, маңызды болуға тиісті.
Әрине, біздің журнал мәдени өмірдің мағынасын бір мәнді анықтаудың тұрақты да
тежелмес әрекеттерін елемей тұра алмайды. Керісінше, мұндай әрекеттер нақ осы мәдени
өмірдің аса маңызды жемісі ғой, және де көбіне жағдай туғанда оның аса маңызды
қозғаушы күштерінің санатына кіреді. Міне, сондықтан, біз "әлеуметтік-философиялық"
толғамдар барысын осы мағынада да жіті қадағалап отыратын боламыз. Ол-ол ма, біз
мынадай бір алдын-ала кесіп-пішілген пікірден тым аулақпыз: ол пікір бойынша
эмпириялық жолмен алынған мәліметтерді теориялық тұрғыдан реттеу және дүниені
метафизикалық тұрғыдан түсіндіру шеңберінен шығатын мәдени өмірді қарастыру, нақ
сонысымен-ақ таным өрісінде алға қойылған міндеттерді шеше алмайды. Ондай міндеттер
қай салада болады деген сұрақ таным теориясы проблематикасына жатады, сондықтан да
аталмыш жағдайда жауапсыз қалуға тиіс және жауапсыз қала алады. Біздің зерттеу үшін
бізге бір нәрсені белгілеп алу маңызды: біздің түсінігіміздегі әлеуметтік ғылымдар
жөніндегі журнал, ол ғылыммен айналысатындықтан, (мысалымызды қайталаймыз)
қытайдың түйсінуінде де эмпириялық нақты болмысты ойша ретке келтірудің
маңыздылығына ие болудан дәмелі ақиқат іздейтін өріс болуға тиіс.
Әрине, журнал редакциясы өзіне және өз қызметкерлеріне оларды жігерлендіретін
мұраттарды баға беретін пікір түрінде жеткізуге тыйым сала алмайды. Алайда бұдан екі
маңызды міндеттеме туындайды. Олардың бірі - қилы-қилы мұраттарды орынсыз
араластырып жіберу арқылы (мұндай жәйт жиі-жиі болып тұрады) "әркімге сыбағасын
сыйлап" дау-шардан аулақ болуға тырысудың орнына, әрбір аталмыш жағдайда олар
болмысты өлшеу үшін қолданатын және баға беретін пікірлер шығарылатын ауқымдар
қандай екендігін өз санасы мен өз оқырмандарының санасына барынша айқын жеткізіп
алу. Егер осы талапты қатаң сақтар болсақ, онда белгілі бір практикалық пікір шығару тек