Page 26 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.харингтон. ӨРКЕНИЯТТАР ҚАҚТЫҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
және Жапониядағыдай, институциялық құрылымдарын қайта құру кезеңін бастан
өткеруде.
Жаңа демократиялардың басқа бір маңызды міндеті - экономикалық реформалар жүргізу,
экономикадағы мемлекеттің ролін кеміту және базар қатынастарын ынталандыру. Бұл
бұрынғы коммунистік елдердегі әкімшілдік-әміршілдік экономикаға да, Латын Америкасы
мен басқа да көптеген жерлерде басым этатистикалық экономикаға да қатысты. Саяси
демократияландыруға қарағанда экономикалық реформа әлдеқайда күрделі әрі тым
ауыртпалықты. Сайлаудан гөрі базар ұйымдастыру әлдеқайда қиынырақ. Экономикалық
реформаға әдетте халықтың қалың бұқарасына адам айтқысыз қиыншылықтар ере жүреді.
Бірақ ерекше маңызды нәрсе - XIX ғасырдың басында меркантилизмнің күні батуынан
бері дүниеде экономикалық либералдандырудың тарихи үлгісі болған емес. Жаңа һәм ескі
демократиялар бұл жолмен байқап көру және қателесу әдістерімен ілгерілеуге мәжбүр.
Бірақ кейбір тағлымды күні кешегі тәжірибеден - ақ алуға болады.
Экономикалық реформаны сайлаудағы жеткілікті көз жеткізерлік жеңістен кейін іле-шала
бастаған абзал. Бұл орайда өзгерістер жасауға мұрындық болғандардың реформалардың
идеологиялық жақтасы болуы мүлде міндетті емес. Бірқатар жағдайларда - Ямайкада,
Венесуэла мен Аргентинада - реформаларды популистік көпірме сөздің арқасында билік
басына келген көшбасшылар бастады. Реформа үшін әрқашан атқарушы өкіметтің күшті
басшысы болуы талап етіледі, сондықтан да жаңа демократиялар жағдайында басқарудың
президент немесе жартылай президент пошымдары абзал. Соңғы бірнеше жыл ішінде
реформаларды бірден, "естен тандыру терапиясы" әдісімен жүргізген жон бе, әлде
біртіндеп, бірінен соң бірін жүргізу керек пе, деген сұрақ төңірегінде көп айтыс болды.
Әрине, қандай да бір дәйектілік қажет, әрі естілік әуелі экономикалық тұрақтандырудан
бастау керектігін, тек содан кейін ғана базарды дамытуға, бағалар мен айырбас
бағамдарын босатуға, және, ақыр соңында ғана жекешелендіруге көшу керектігін айтады.
Дегенмен, барлық реформаларды мүмкіндігінше жедел әрі бір мезгілде жүргізетін
үкіметтер табысқа тезірек қол жеткізеді. "Естен тандыру терапиясы" Боливияда,
Польшада, Аргентинада, тіпті Ресейде де көздеген нәтиже берді. Ал реформаны неғұрлым
баяу әрі біртіндеп жүргізу қарқынын таңдаған елдерде шаруа жақсарып кете қойған жоқ.
Реформалардан ерекше зардап шеккен топтар оларды сөзсіз баяулатуға, немесе тіпті кейін
бұруға тырысады; сондықтан бастапқы ұмтылыс жеткілікті қуатты болса, онда үкіметтің
реформаның мәнісін құрбандыққа шалмай-ақ ымыраға қол жеткізу мүмкіндігі мол
болады.
Реформалаудың табысқа жетуі үшін сырттан көрсетілетін көмек те әрқашан дерлік қажет
болады, сондықтан шетелдік агенттіктер көмек берудің алғышарты ретінде қатаң үнемдеу
тәртібін сақтауды, бағаны босатуды және инфляцияны тізгіндеуді талап ете отырып,
үкіметтерге тәртіпке шақыру тұрғысынан ықпал ете алады. Алайда демократиялар
тарапынан ең жақсы көмек олардың өз реформаларын жеріне жеткізу және жаңа
демократиялық елдерден келетін импорт жолындағы тосқауылды азайту болып
табылатыны даусыз. Мәселен, Солтүстік америкалық еркін сауда ассоциациясы (НАФТА)
туралы келісім Мексикада экономикалық реформалар жасау, экономикалық даму және
демократияландыру үшін ғаламат ынталандыру қызметін атқара алады. Сол тәрізді
Шығыс Еуропа елдеріндегі демократияны нығайтуға Батыс Еуропаның ықпал етуінің ең
тиімді тәсілі - олармен сауда жасауда шектеуді алып тастау немесе барынша азайту.
АҚШ және Еуропа қоғамдастығы 70-80-жылдары демократияның таралуына белсенді
көмек көрсетті. Олар демократияны нығайтуға қазір көмектесуге қабілетті ме? Олар осы
кезге дейін демократия болмаған елдерден гөрі, оларға соны енгізуге көбірек дайын екені