Page 27 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.харингтон. ӨРКЕНИЯТТАР ҚАҚТЫҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
анық. Африканы қоспағанда, бұл негізінен батыстың ықпалы шектелген және әдетте сол
ықпал батыстық менмендік һәм "адам құқықтарының империализмі" ретінде наразылық
тудыратын өңірлер. Бұл екі арада, АҚШ пен Еуропа одағында демократияны орнықтыруға
өздері көмектескен жерлерде - Латын Америкасында, Шығыс Еуропада және Шығыс
Азияның шеткі аймақтарында - оның нығаюына қолдау көрсету үшін қажет нәрсенің бәрі
бар. Сол аймақтарда демократияның аяқтан тік тұрып кетуіне септесу Батыстың сыртқы
саясатының ең жоғары міндетіне айналуы тиіс, ал Құрама Штаттарда бұл қазірдің өзінде
сондай болып отыр.
"Қырғи қабақ соғыстың" қырық жылы бойы Кеңес Одағын тежеп отыру американ
саясатының басты мақсаты болды. "Қырғи қабақ соғыс" аяқталып, КСРО ыдырағаннан
кейін бұл мақсаттың мәні кетті, сол себепті АҚШ-тың алдынан жаңа сұрақ шықты:
сыртқы саясаттың ендігі басым мәселесі қандай болмақ? Американ саясаты және АҚШ-
тың әлемдегі рөлін жаңадан қалыптастыратын мақсат немесе мақсаттар қандай?
1990 жылдың наурызында, Шығыс Еуропада коммунизм құлағаннан кейін бірнеше ай
өткен соң, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер бұл сұраққа ресми жауап
берді. "Тежеу қабырғасының арғы жағында демократия жатыр, - деді ол. - Ескі
диктаторларды құлату уақыты тез өтеді; жаңа демократиялар құру уақыты басталды. Нақ
сондықтан да президент Буш біздің жаңа миссиямызды демократияны жылжытып,
нығайту деп анықтады. Бұл мақсат Американың мұраттарына да, мүдделеріне де сай
келеді". [...]
Жұмыс 150 жылдан астам бұрын Алексис де Токвиль: "Біздің айналамызда ұлы
демократиялық революция жүріп жатыр... бұл тарихтың ең ортақ, ең ежелгі және ең
тұрақты тенденциясы... Ол әмбебап, ол ұзақ мерзімді, ол ұдайы адамның килігуінен
сытылып кете береді, сөйтіп, бүкіл оқиғалар, барлық адамдар сияқты, оның прогресіне өз
үлестерін қосады", - деп жазған еді. Токвиль өз заманында тым опитимист болған.
Демократиялық революцияның жаһандық жеңісін жариялаған біздің замандастарымыз
туралы да нақ соны айтуға болады. Қазіргі тарихи сәтте демократия оны әлеуметтік және
экономикалық жағдайлары қолайсыз қоғамдарға тарату жолымен емес, сол жеткізілген
жерлерде соны нығайту және тереңдету жолымен ілгерілейді. Демократия қырыққа таяу
жаңа демократиялық елдердің тек кейбіреуінде ғана толығымен тамыр жайды.
Қалғандарының бәрінде оның болашағы аса күмәнді, тіпті қауіпті жағдайда. Егер келесі
жүзжылдықтың басында бұл қатер азайса, күдік сейілсе, ал жаңағы айтқан қырыққа тарта
елдердің көбінде демократия тұрақтанса және нығайса, онда демократия жақтастарының
бүгінгі ұрпағы жақсы жұмыс істеді, деп санауға болады. Нығайту дегеніміз толқу мен
шегіну емес. О л әрбір елде демократиялық институттар мен демократиялық тәжірибенің
күшейгені,
сондай-ақ
демократиялық
елдер
қоғамдастығында
халықаралық
байланыстарды нығайту деген сөз. Демократияландырудың үшінші толқынының
ойдағыдай аяқталуы оның төртінші толқынының іргетасын қалайды, ал ол демократияны
батыстық емес және әлемнің неғұрлым кедей аймақтарына, яғни, әлі оның жоқ жерлеріне
алып барады. Өлерінің алдында жұртшылыққа арнаған ең соңғы сөзінде, екінші
дүниежүзілік соғыстағы демократияның жеңісі қарсаңында Франклин Делано Рузвельт
былай деген еді: "Біздің ертеңгі жетістіктеріміздің бірден-бір шегі - ол біздің бүгінгі
күдіктеріміз. Сондықтан, келіңдер, алға тек жүрегіміздегі қуатты да іскер сенімімізбен
қадам басайық". Бұл сөздерге, меніңше, Франциско Фернандес Ордонес те қол қояр еді.