Қазақстанның ашық кітапханасы
болады. Соңғы сценарий осы заманғы утопизм дегеннің не екенін және оның қаншалықты
маңызды екендігін анықтауды талап етеді.
Халықаралық қатынастар теориясына мәңгілік туралы дискурс ретіндегі көзқарастың
орындылығын заттардың мәнін және олар іс жүзінде қандай болу керектігін түсіну үшін
қажет сарқылмас даналық иелерінің ұзақ тізіміне ұдайы жүгіну де қуаттайды. Бері
салғанда ең танымал екі жазушының еңбектерінде орасан қиындықтар дүниауи
универсумдағы мәңгілікті негіздеумен байланысты екенін түсіну үшін шектен асқан
талдаушы болудың қажеті жоқ. Халықаралық қатынастар теориясында канондық
дәстүрдің қалыптастырылуын саяси реализмді XX ғасырға тән бағалауды заңдастыру
әрекеті ретінде ғана емес, жалпы саяси өмірде "уақыт" және "қозғалыс" алатын орынды
осы заманғы өзіндік ерекше тәпсірлеудің орнығуы ретінде түсінуге болады. Сондықтан,
тегінде, "қозғалысқа" және осы заманға қазіргі, жаһандану дәуірінде берілген бағаны
дүниауи саясаттың шым - шытырықтарын түсіндіруге тырысқан Макиавелли мен Гоббс
позициясынан қараудың зияны бола қоймас. Мұның әсіресе пайдалы екендігінің себебі,
жаһандық тінде саяси практиканың жаңа пошымдары туралы ойдың дамуына дүниауи
теология, осы заманғы саяси тәртіптің еркін шекараларына адалдықтың бұрмаланған
рәсімі ретінде кертартпалық пен "реализм" сияқты көрінетін теология дегеніміз мәңгілік
қарғыс деген кәміл сенім кедергі жасайды.
"Басталуды" тәпсірлеудегі қиындықтарға Макиавелли ерекше сезімтал болған. Оның
"Тақсырын" жалпы саяси өмірдің қасиеттері мен қажеттіктерін талдау ретінде
қарастыруға болады, бірақ шығармада өте өзіндік ерекше проблеманы - негіздеу
проблемасын зерттеу шеңбері мүлдем анық көрініп тұр. Макиавелли өзінің тамаша
мысалдарын нақ осы "басталуды", мүлде соны принциптер жасап, қолдап отыруды
қуаттау үшін кейінге сақтаған. Жақсы классикалық дәстүрге сәйкес тақсыр "virtu''-ды
жүзеге асырушы ретінде, таза жасампаздықтың қайнар көзі ретінде, ширақ энергиялар мен
тіркелмеген пошымдар дүниесіндегі жаңашылдықтың шебері ретінде қабылданады.
Макиавеллиді "аяқталу", әрекеттердің асқан шеберлігіне қарамастан, қоғамдастықты
немесе зердені сақтаудың мүмкін еместігі мәселелері де қызықтырған. Бірақ оны ерекше
алаңдатқаны - дүниенің бәрі құбылмалы екендігін адамдардың түсінбеуі. Бұрындары
"кәдеге жараған" нәрсеге не белгілі бір жерге тығылуға, сосын сол жердей жазмыштың
айла-шарғысымен күресуге болатын қамалға үміт арту, Макиавеллидің пікірінше,
сәтсіздікке ұшыраудың бірден-бір жолы. Бірақ халықаралық қатынастар теориясы үшін
мәңгілік даналықтың, егер, әрине, мәңгілік даналық парадокстық мағынада күнделікті
күйбеңнің кездейсоқтығы ретінде орнықтырылмаса, қайнар көзі секілді көрінетін
Макиавелли туралы айтқанымыз жеткілікті болар.
Гоббс та "басталу" мәселелеріне аса сезімтал болған; және оның бұған сезімталдығы
соншалық, ол кез-келген елеулі саясаттың қанағаттандырарлық шарты тек абсолюттік
толық "басталу" деп санады. Аристотельдің эссенциализмін сызып тастайық, ең жоғары
игілік жайына қалсын. Шынайы саясат жаңаны - осы заманғы, ғылыми, номиналдық тіл
конструкциялауды талап етеді; ол сөздерді заттармен бытыстырмайтын, ол-ол ма, өткенді
(табиғи ахуал) қазіргінің - осы заманғы адамзаттың табиғи (яғни, тарихи) ахуалымен
бағалауға және егемендікті бостандық пен теңдіктің мәңгілік қажеттігі ретінде парасаттың
мәңгілік заңымен бағалауға мүмкіндік беретін тілді талап етеді.
Әлбетте, Гоббс егемен билікті өзінің бағалауы тап-таза фикция екенін жақсы түсінген.
Бәлкім, ол егемен биліктің нақтылығы туралы айтып, көптеген тәпсіршілер жай ғана оның
бұл турасындағы кеудемсоқтығына ойына келген бағасын берген шығар, бірақ Гоббстың
өзі өзінің номинализмі адамдарды егемендік шын мәнінде олардың мүддесіне сай келетін