Page 8 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.уокер. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
көзқарастарына құрылған ділмарлық стратегиялардағы уақыттың шешуші мәнін көрмеу
барған сайын қиын бола түсуде. Жылдамдық пен симултандық туралы толғамдар осы
заманғы саяси өмірдің клишесіне айналды (халықаралық қатынастар тінінде қараңыз: Gill,
1991; Luke, 1991; Der Derian, 1992; Luke, 1993). Газеттердің бірінші беттерінде
дүниежүзілік кеңістіктік шашырандылық туралы тұжырымдар барған сайын жиі
келтірілуде, бірақ бизнес пен қаржы-қаражат анық уақыттық синхрондық тілінде
сөйлейді. Дегенмен осы заманғы саясат туралы пікірталастарда уақытты еске алу - жоқ
нәрсені келтіресің деген айыпты тілеп алу деген сөз. Саяси нәрсенің осы заманғы
тәпсірлері әлі де "мұнда және онда", "іште және сыртта", "бірінші дүние және үшінші
дүние" секілді кеңістіктік шеңберлер аясымен маталған. Уақыттықтың (немесе
прогрессистік тарихтың және дамудың) осы заманғы тұжырымдамалары нақ осы
шеңберлерде саясаттағы өз "сатып алушысын" таба алды. Жалпы бұл шеңберден тыс
жерде саясатқа мағына беру киын. Саяси дүниенің осы заманғы тәпсірлері бойынша,
уақыттық нәрсенің шым - шытырықтары аумақтық кеңістікте ғана шешіле алады әрі
шешілуге тиіс деп топшылайды. Халықаралық қатынастар теориялары, сөз жоқ, осы
заманғы оқиғалардың өзгергіштік сипатын талдағанымен, осынау өзгерістерді
сипаттайтын ұғымдардың өздері: өзара тәуелділік, кірігу, режим, дүниежүзілік тәртіп,
жаһандану және т.б. кеңістіктік бейнеліліктің ғаламат ықпалын айғақтайды. Полис пен
мемлекеттің тәжірибесінен "көшіріп алынған" бейнелер сияқты егеменді мемлекеттің,
осынау әлемдік мәңгіліктің осынау дүниауи субститутының мызғымастығы бейнесі осы
заманғы саяси өмірдің динамикасын көз жеткізе бейнелеуге қабілетсіз. Кезінде
Макиавелли болжап айта алғанындай, уақыттықтың (өткіншінің) үрейлеріне, осы заманғы
саясатта қаншалықты оңай көрінгенімен, кеңістіктегі қамалдардың көмегімен тосқауыл
қоя алмайсың.
"ҚОЛҒА ҮЙРЕТІЛГЕН" ЗАМАНА
Халықаралық қатынастардың осы заманғы теориясы, бәлкім, осы заманғы саяси өмірде
байқауға болатын мәңгілік туралы ең маңызды дискурс болып табылады. Сондай ретінде
оның шешуші маңызы бар, дегенмен мәңгілік тақырыбын өткенде қалған, тарихты,
прогресс пен дамуды дүниауи түсінікпен ығыстырып шығарылған тақырып деп жар
салатын саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар көзге ілгісі келмейді. Шынында да,
көптеген басқа пәндердің стандарттары бойынша халықаралық қатынастарды талдауға тән
теориялық практика дөрекі де аңғырт болып көрінуі мүмкін. Бірақ мұндай үстірт
аңғырттық тәжірибелілік пен нәзіктіктің пошымы, талғампаздық пен қарапайымдылықты,
өркенияттылық пен варварлықты бір-бірінен айыра алу нәтижесінде туындайтын пошым
болуы мүмкін. Осы заманғы қоғамдық ғылымдардағы пәндік бөлу бай, бірақ әрі біршама
күмәнді тарихи және мәдени негіздерге құрылған. Іргелі нақты болмыстар мен
мемлекеттердің арасындағы қатынастардың қажеттігін бірнеше өзгермейтін ережелер
анықтайды деп халықаралық қатынастарда кесіп айтылатын қағиданы мәңгілік туралы
дискурстың бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Ол ережелердің көпшілігі бәсекелес
мүдделер арасында сөзсіз болатын билік үшін күреске, квазнинституциялық құрылымдар
(күштер балансы), мемлекет басқарудағы жауапкершілік, күрделі (құқықтық мәдени,
функциялық) мемлекеттер "қоғамдастығын" қалыптастыру жұмсарта алатын (мүмкін
жұмсарта алмайтын) күреске қатысты. Осынау мәңгілік күрес, мәңгілік трагедия
тарихының уақыттыққа қаншалықты байланыстылығы шамасына қарап, не Жер бетіндегі
ықтимал тамұқтан (соғыс) төл мүдделерін ұтымды, демек, кооперациялануға дайын
мемлекеттер арқылы жүзеге асырудың (халықаралық тәртіпке канттық немесе
уталитарлық көзқарас) бірте-бірте эволюциясының, не адамзат түптің түбінде өзінің
аутенттік ұқсастығын түсінетін әлі көз жетпес жаһандық қауым шеңберіндегі мемлекеттер
арасындағы қатынастардың радикалды түрде "еріп кетуі" сценарийлерін қарастыруға