Page 10 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.уокер. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
бірдеңе екендігіне қалай сенуге мәжбүр етуге болады деген секілді қолайсыз сұрақтарға
сөзсіз жетелейтінін анық түсінген. Гоббстың ақыл - ес пен үрей туралы белгілі
толғамдары төте мағынасындағы белгілі толғамдар: Гоббсты идеология теоретигі ретінде
оқып - білу стратегияларының бірі. Гоббс толғамдарының орталық өзегі адамдарды
олардың тарихынан айыру әрекеті, адамдар белгілі бір қияли мезетте утилитарлық есептен
пайда болғаны туралы аңыз құрастыру; осынау ертегі тарих патриархқа мүлги зейін
қоятын, утилитарлық тұрғыдан ойлайтын экономистерді әлі де сиқырлайды. Және де
тарих Макиавелли айтқан уақыттың "азғыруы" туралы ертегілерден мүлдем басқаша.
Макиавелли де, Гоббс та "басталу" мен "аяқталудың" проблемалық сипатын мойындайды.
Екі тұлға да халықаралық қатынастардағы реализм деген атауға ие болған өте әртүрлі
теориялық стратегияларға үлес қосты деуге болады. Бірақ нақ Гоббс бұл пәнде
доминантаға айналды. Және бұл оның әлемнің дәл суретін бере білгендігінен емес (қалай
болғанда да оның жаратылыстық ахуалдағы атом сияқты адамдардың мемлекеттердің
арасындағы соғыс ахуалына қатысы турасындағы қағидаларының қолданылуын жоққа
шығару оңай емес, ал мемлекеттер принципінде жай ғана индивидтерден әлдеқайда үлкен
бірдеңе болып табылады). Ал оңай еместігінің басты себебі - оның "басталулар" мен
"аяқталулар" жөнінде талдап әзірлегендері мемлекеттік егемендіктің осы заманғы
принциптерімен, институттарымен, практикасымен үндесіп жатыр.
Әдетте мемлекеттік егемендіктің салдарлары геосаяси шашыраңқылық, ықтимал шексіз
жанжал және біртұтас билігі жоқ дүниеде әскерлерді орналастыру болып табылады деп
есептеледі. Халықаралық қатынастар теориясында нақ осы пәндер зерттеледі. Мүмкін,
мемлекеттік егемендіктің принциптерін, институттарын және практикасын мәңгілік
туралы дискурс, іске асырудың дербес катехизисін тұжырымдау ретіндегі өткеннен қалған
кез-келген аса пессимистік мәтінді тәпсірлеудің дұрыстығына күмәнданбайтын дискурс
ретіндегі халықаралық қатынастар теориясын жасау позициясынан талдаған пайдалырақ
болар.
Мұндай тінде Макиавеллидің уақыт ұзақтығындағы саяси шеберлігін шашыраңқы
дүниедегі "нақты саясаттың" қажеттіліктерімен сәйкесетін бірдеңе ретінде түсіндіруге
болады. Сондай-ақ адамзат болмысының уақытқа кереғар материалдануын радикалды
түрде теріске шығару ретінде де түсіндіруге болады, ал соларды сақтау үшін мемлекеттік
егемендіктің принциптері, институттары және практикасы күрес жүргізеді.
Тегінде, Гоббстың идеяларын "нақты саясаттың" мәңгілік қажеттіктерінің негізделуі
ретінде түсіндіру оңай болар, бірақ тек егер оның бүкпесіз нормативтік мәлімдемелерін
аңғырт, төте пошымда түсініп, оның мемлекеттер арасындағы қатынастар туралы бүкпесіз
тәпсірлерін үзілді-кесілді елемеген жағдайда ғана солай болмақ.
Халықаралық қатынастар теорияларына өзін мәңгілік туралы дискурс ретінде
орнықтырудың сәті түсуіне қарап, және мәңгілік даналықтың көздері ретінде мәңгіліктің
барлық қырларының терең проблемалық сипатын түсінген теоретиктер тандап
алынғанына қарап таразыласақ, қазіргі сәтте өте маңызды бірдеңе жүріп жатыр. Және сол
маңызды нәрсе жай ғана абстрактылы теориялық қызығушылық емес, өйткені мемлекеттік
егемендік, әдетте пошымдық принцип ретінде қабылданғанымен, ол бір мезгілде әрі
институт, әрі практика болып табылады. Бұл халықтар күресі мен қозғалыстарына да,
мемлекеттердің өзінің атышулы, бірақ номиналды атынан маңғаз сөйлейтін
бюрократиялық аппаратына да елеулі ықпал етеді.