Қазақстанның ашық кітапханасы
жатқан ұқсастықтарға жол бере немесе тіпті талап ете алады. Қоғамдық қозғалыстар
саласындағы барлық жетістіктерге қарамастан, бұл арада, шамасы, бұрынғысынша саяси
мүмкіндік тұжырымдамалары үстем секілді; оларда егер саяси қоғамдастықтың немесе
сәйкестіліктің дәстүрлі тұжырымдамаларына күмән келтірілсе, не болатыны туралы
айтысқа орын жоқ. Бұл тұрғыда "қоғамдық" қозғалыстар термині өте әсерлі көрінеді. Ол
қоғамдық қозғалыстар - олардың тұрпаты қандай болса да, олар немен айналысса да -
дәстүрлі саяси бірліктер аясында қалыптасып үлгерген қоғамдық процестердің
артефактылары болып табылатынын қуаттайды. Олар саяси нәрсе деген не және осы саяси
нәрсе қай жерден табылады деген тәпсірлер шеңберінде ғана саяси нәрсе ретінде
қабылданады. Жаңалықтар енгізу мүмкіндіктері өте тиімді болып көрінетін мәңгілік
субститутымен шектелген. (Walker, 1988; Magnusson and Walker, 1988; Magnusson, 1990;
Magnusson, 1993).
Қоғамдық қозғалыстардың маңыздылығы туралы тұжырым әртүрлі жерлерде әртүрлі
себептермен болатын көптеген әртүрлі шайқастардың деректеріне негізделеді.
Қозғалыстардың алуан түрлілігі, өзіндік ерекшелігі және сөзсіз болатын қарама-
қайшылықты сипаты тәпсірлеу қиындықтарын туғызады. Уақытша нәрсенің, әсіресе
тарихи өзгерістерді жеделдету турасындағы маңызының ұлғаюы туралы тұжырымдарды
да тәпсірлеу қиын. Қиын болатыны, бұл тұжырымдар тым абстрактылы және ірі ауқымды
әлеуметтік процестерге қатысты. Мысалы, капитализмнің осы тұрғыдағы туа біткен
белгілері - оның адамзат болмысы негіздерін жасаудағы және талқандаудағы динамизмі
туралы аса көреген ескертпе Марксқа тиесілі. Вебер де капиталистік заманалықты іргелі
саяси дағдарысқа, бірінші кезекте кеңістіктік автономияның екі "егіз" сәтінің -
индивидуалдық субъект пен аумақтық мемлекеттің дағдарысына бағдарланып қойылған
ерекше уақыттық траектория ұғымдарында сипаттаған еді. Вебер осы заманғы
ұтымдылықтың қиратқыш қарекетінен нақ осы кеңістіктік автономияны құтқарғысы
келген (Walker, 1993b).
Проблеманың бір немесе басқа ( немесе екеуіне де) парадигмалық бағалануына және
әсіресе олардың атынан заңдастырылатын шешімдерге шүбәмен қарауға болады, бірақ
осы заманғы темпоралдықтың проблемалық сипатын зерттеу саяси өмірдің сипатын ой
елегінен қайта өткізуге жетелейтінін ешкім жоққа шығара алмайды. Және талдаушылар,
халықаралық
қатынастар
теорияларының
кеңістіктік
категорияларында
материалдандырылған саяси постулаттарға қыр көрсететін секілді. Бірақ жағдайдың
көпшілігінде бұл қыр көрсетулерге тиісті тойтарыс беріледі. Маркс саясатта айтары
шамалы ішінара экономист ретінде, ал ішінара тұрақты саяси пошымдарды суреттемеген
утопист ретінде оқылған. Оның прогрессистік тарихилығы оның өзін геосаясаттың мәңгі
ақиқаттарына жетелеп кеткен сияқты болғаны үшін айыпталды. (Басқа тіндерде Маркстың
еңбектері бұдан да қорлық тәпсірлеулерге ұшырады, ал халықаралық қатынастар
теоретиктері берген оның портреті толығымен дерлік қырғи қабақ соғыс аспаптары
жиынының өнімі болып табылады). Осы заман жөніндегі амбиваленттігімен
айрықшаланатын Вебер әртүрлі: жаһандық ауқымдағы кірігудің құр утилитарлық
теоретигі ретінде, не мемлекет билігінің және иллюзиясыз дүниедегі саяси өмір
дилеммаларын бірден-бір ықтимал шешу мүмкіндігінің экзистенциалдық субъектінің
едәуір күмәнді теоретигі ретінде бағаланады. Қалай дегенде де Вебердің заманды
түсіндіруі маңызды деп мойындалмайды. Біреулер үшін бұл жай ғана мемлекеттің
кеңістіктік дәмелерін негіздеу, басқалар үшін - қандай да бір үлгісі жоқ жаһандық жүйеде
мемлекеттердің міндетті түрде жойылатынын қуаттау ғана.
Соған қарамастан Маркстың, Вебердің және басқа теоретиктердің осы заманға уақыттық
өсу және сонымен бір мезгілде кеңістіктік шашырандылық дәуірі ретіндегі