Қазақстанның ашық кітапханасы
мәлімделеді. Сезімдік нақты болмыстан дәмегөйлік ешқашан сендіре алмайды, ол тек
соның артына тығылатындардың авторитаризмін ғана айғақтай алады.
ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР
Барынша сан алуан әдеби көздерден халықаралық қатынастардың осы заманғы
теоретиктерінің жоғарыда келтірілген мәселелермен бетпе-бет қалғанда қиындықтарға тап
болатыны туралы мысалдар табуға болады. Бірақ екі сәт: кейбір қоғамдық
қозғалыстардың өсе түсіп келе жатқан маңызы және кейінгі капиталистік /
постмодернистік өмір салтының жеделдете қалыптастырылуы ерекше көрнекті.
Қоғамдық қозғалыстарға, әсіресе біршама жаңа деп саналатын қозғалыстарға арналған
әдебиет қазіргі кезде едәуір мол. Олардың әдістемелік деңгейі қауым мен қоғамның
статикалық тұжырымдамалары шеңберінде жайлы орналасқан және әлеуметтануды ретке
келтірілген сауалнамаға айналдырып алған әлеуметтанушылар ұсынатын нәрсеге сәйкес
келеді. Әдістердің шектеулілігі бір немесе басқа қоғамдық қозғалыстың жаңа екендігі
туралы сұрақтардың көпшілігіне "енгізілген". Сауалнаманың көкжиегі қоғамдастық, тап,
мүдделер, ұқсастық немесе уақыт - кеңістік оркестріндегі қозғалыстар дегеннің не
екендігін тарихи қалыптасқан өзіндік ерекше түсінумен белгіленіп қойылған. Белгіленген
шеңберде, осынау қоғамдық мүмкіндіктің шекараларында жұмыс істей отырып,
"қоғамдық қозғалыс деген не?" дейтін сұрақтың қойылуы әбден орынды: таптық
саясаттың жалғасы ма әлде одан бөліну ме; мемлекеттен бас тарту ма, әлде азаматтық
қоғам орнықтыру ма; либералдық плюрализмді жалғастыру ма, әлде плюрализмді сан
алуандыққа либералдық баға беруде гомогендіретін тенденциялардың шеңберінен шығару
жөніндегі күрес пе. Тіпті қоғамдық қозғалыстар мадақталатын немесе керісінше қатаң
сыналатын антистатизм позициясынан қарастырылатын кезде, талдау, шамасы,
статикалық немесе антистатикалық деп нені санау керектігі туралы статикалық түсініктер
аясында сөзсіз қалады.
Кеңістік жағынан өзіндік бір шектелген қауым бейнесінен де, осы заманғы дүниауи ой
жүйесіндегі құдіретті Құдайдың бейнесінен де қашып құтылу қиын. Шынында да,
қозғалыс секілді, уақыт та бір жолы мәңгіліктің шетінде, "мұндағыдан" "ондағыға",
өмірден өлімге, Адамзат Шаһарынан Жаратқан Шаһарына өтетін шексіз дерлік нүктеге
таяу (бірақ ешқашан толық емес) жиыла қалған періштелердің арасында тоқтап қалғанын
ұмытпау өте пайдалы. Қазіргі кезде қоғамдық қозғалыс туралы, тіпті тамыры қазіргі
капиталистік заманның дүниауи қажеттіктерінде жатқан қозғалыс туралы да сөз қозғау
дегеніміз теологиялық реңкін әлі толық жоғалтпаған тілде және ұғымдарда сөйлеу деген
сөз.
Қоғамдық қозғалыстардың көптеген талдаушылары назарын көрсетілген аспектілерге
байланысты проблемалардан басқа еуропалық және солтүстікамерикалық дәулетті
мемлекеттердің дамуының өзіндік ерекше тенденцияларына, сондай-ақ, кеңірек дәрежеде
болса да, мемлекеттің орталықтандырылған билігіне қарама-қарсы тиімді азаматтық қоғам
құру жолындағы күрес ерекше маңызды қоғамдарға (негізінен латынамерикандық және
орталықеуропалық) шоғырландырады. Күмән жоқ азаматтық қоғам құру, унитарлық
кәсіподақ қозғалысының коллапсы, толып жатқан қоғамдық ұқсастықтар, жеке өмір мен
мемлекеттік билік құрылымы мен капитал арасындағы байланыстар және т.т — осы
заманғы саяси өмірдің шешуші аспектілері, әрі бұлардың бәрі тиісті қоғамдардағы
қоғамдық қозғалыстар жөніндегі әдебиетте егжей-тегжейлі баяндалған. Бірақ тіпті бұл
арада да қоғамның бірегей кеңістіктік түзілім ретіндегі бейнесі ілуде бір ғана күмән
туғызады, ол түзілімде әлдене қоғам топтаса алады, таптық жанжалға немесе толып