Қазақстанның ашық кітапханасы
"аяқталуға" байланысты әртүрлі ауқымдағы елігу кейбір саясаттанушылардың қиялын
баяғыдан жаулап алған ба? (Fukuya1992; Anderson, 1992; Hela, 1993а).
"Аяқталуға" арналған көптеген еңбектер энтузиазмға толы, тіпті салтанатты, бірақ көбісі
теріс те ыңғайда - өткенді аңсайды, ақыр заман туды дейді, көптеген авторлар тығырықтан
шығудың жолын жай ғана білмейді. Құтқарылғандар мен сотталғандарға, орталық пен шет
аймақтарға, бірінші, екінші және үшінші дүние жүзілік соғысқа айқын бөлетін қырғи
қабақ соғыстың өзі, тәртіптің, тіпті едәуір дәрежеде зорлық-зомбылық пен әділетсіздікке
негізделген болса да, тәртіптің белгілі бір сұлбасын ұсынған еді ғой. Мұндай ахуал
саясатқа - не орныққан бедел ретінде, не беделді тартып алып, оның орнын ауыстыру
әрекетіндегі күнделікті саясатқа - қатысуға мағына беретін. Және не "эмансипация", не
"азаттық", не "революция" жолындағы күрес нені қамтитынын білемін деп ойлау
салыстырмалы түрде оңай болатын. Бірақ "аяқталу" дәуірінде тіпті "прогресшіл"
саясаттың күмәнсіз фактылары бұрынғыны аңсаудың, кезінде жақсылықтың басқа жолын
табудың елеулі ұмтылыстары болып көрінетін нәрсенің артефактыларына айналды.
Жаңа "бастаулардың" пайда болуы туралы толғамдар да айдан анық "аяқталулар"
дәуірімен байланысты. Қысқа мерзімге болса да, мыңжылдықтар алмасуының жалпы
көңіл күйінде ядролық тепе-теңдік геосаясаты соншалық ұзақ тұншықтырып келген жаңа
"бастамалар" оптимизмі шешек атты. Жаңа әлемдік тәртіп жөнінде немесе космополиттік
демократияландыру жөнінде болсын, бұл толғамдар қырғын соғыстар мен саяси
цинизмнің тұтас спектрінің пайда болуына байланысты негіз атаулыдан айрылғанша ғана
санаулы сәттік жаңғырығы болды. Бірақ тіпті эйфориядан пессимизмге соншалықты тез
ауысқан тұста да, біз енді, әдетте бұрын болатынындай, болып жатқан оқиғалардың жай
ғана куәгері еместігіміздің баршаны билеп алатын түйсігі ғайып болған жоқ. Жаңа әлемдік
тәртіптің кейбір түрі туралы немесе космополиттік демократияның кейбір түрі (мейлі
соншалықты таңдап іріктелген түрінде болса да) туралы пікірлер тіпті де ойдан
шығарылмаған болатын (Held, 1993b). Оларды негіздеудегі қиыншылық тіпті де
өзгерістер туралы айғақтардың болмауынан емес. Керісінше, адамзат болмысының
тұрақты трагедиялығының метафизикасына еліткендер ғана әлеуметтанушылар мен
саясаттанушылар легиондары хатқа түсірген ашықтан-ашық болып жатқан тарихи және
құрылымдық өзгерістерді елемей қоя алады.
Айтпақшы, осынау өзгерістерді елемейтіндер осы заманғы халықаралық қатынастар
теорияларынан саяси реализм деген күмәнді аты бар ерекше идеологиялық сөре тауып
алды. Ал қиындықтар мұндай өзгерістердің "басталуы" яки "аяқталуы" не екендігінің
немесе жаңа мүмкіндіктердің, біз қазіргімізден өзге болу дегеннің не екендігінің тарихи
қазығының жеткіліксіздігімен байланысты.
"Басталуды" немесе "аяқталуды", шамасы, қуаттау немесе жоққа шығару мүмкін емес,
бірақ бұл ұғымдар билік пен өкілеттіктерді азды-көпті айдан анық оқшаулаудың негізі
ретінде қызмет етеді. "Басталулардың" немесе "аяқталулардың" уақыттық шекараларын
әртүрлі белгілеуге, уақыттың іргелі заңдарын билік жолында күресіп жатқан күштердің
күнделікті практикасына және заңдастырылуына "икемдеуге" болады. Билік пен
өкілеттіктер уақыт шекараларының шығу тегі мен проекциялары жөніндегі фидтерге
байланысты. Саясаткерлердің сезімдік нақтылыққа және нақты қажеттілікке адалдығы
туралы барлық мәлімдемелеріне қарамастан, метафизиканы пайдаланусыз саяси өмір
мүмкін емес. Мұны дәлелдеу қиын, себебі ол жалпы метафизика атаулыға емес,
метафизикалық мүмкіндіктердің өте шектеулі репертуарына тәуелді, және бұл орайда
метафизикалық жауапкершіліктен, демек, жалпы жауапкершіліктен бостандық туралы