Page 4 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.уокер. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
керек немесе тіпті ол қазір қай жерде және қандай түрде екендігі жөнінде білім береді деп
тұжырымдау тарихи көрсоқырлық болар еді.
Екінші қағида да қарапайым, бірақ, тегінде халықаралық қатынастардың барлық
теорияларының нормативтік сипаты туралы неғұрлым арандатқыш мәлімдемені қамтиды.
Осы заманғы саясат шекараларының білгірлері болып отырған халықаралық қатынастар
теоретиктері цинизм мен зорлық - зомбылық саласындағы "мамандарға" айналды. Олар
саясаттанушы - теоретиктердің бүкіл дәмесін тапқырлықпен, тамсанумен демесек те, бәрі
де болуға тиістіге маңайлай алмайтыны жөніндегі аһ үрумен "ләзім етеді". Бірақ олардың
қалай болуға тиістігі жөніндегі түсініктері саяси өмір қайда және шамамен қандай түрде
дамуға тиіс екендігі жөніндегі бастапқы, нормативті түсінікпен сөзсіз байланысты.
Өздерінің бүкіл цинизміне қарамастан халықаралық қатынастар теоретиктері саяси
теорияның нормативтік кеудемсоқтығынан жабысып айырылмайды, дегенмен осынау
кеудемсоқтық әдетте морализаторлық арман пошымында, болашақта күндердің күнінде
жоғары моральды қоғам қалыптасуына үміт пошымында білдіріледі. Халықаралық
қатынастар теориялары айтарлықтай дәрежеде аутентті статикалық қоғамдастық
шеңберіндегі саяси өмірді терістеу базасына, оның жоқ екендігін уағыздау базасына
құрылған, ал бұл бұдан бұрын оның бар екендігін уағыздау арқасында мүмкін болып
отыр.
Бұл теориялар сондай-ақ өзіндік ерекше нормативтік мұраттарды орнықтыру болып
табылады, ол мұраттар тіпті билік саясатының ең циниктік қорғауының және объективті
білімге ең оң ыңғайдағы дәменің ту сыртынан көрініп тұрады.
Үшінші қағида өзгерістер мен өткінші атаулы ұғымының тым проблемалы статусына
қатысты, бұл халықаралық қатынастардың көптеген теорияларында бар. Саяси өмірдің
кеңістіктік құрылымдарын, шеңберлерін бере отырып, халықаралық қатынастар
теориялары кез-келген уақытша өзгерістерді түсіндіруде орасан зор қиындықтарға
ұшырайды (Gaddis, 1992/3; Kratochwil, 1993; Walker, 1993a). Әсіресе, осы тарауда мен
төменде көрсететіндей, "басталу" мен "ақталуды" түсіндіруде ұшырайды. Жаңа саяси
практика, жаңа дүние жүзілік тәртіптер, өзара тәуелділік, кірігу, жаһандану және т.с.с.
туралы пікірлер халықаралық қатынастар дегеніміз жай ғана тек құрылымдық үздіксіздік
пен қайталау өрісі деген қарсы уәжбен өте жедел қақтығысады. Ал сонылық туралы
пікірлер рас екен деп санауға болатын кезде, сол жаңаның нобайын белгілеу үшін
пайдаланылатын ұғымдар уақыттан гөрі, кеңістіктегі ұзақтықты бейнелейтіні анықталады.
Осылайша, халықаралық қатынастар теориялары шекараларды кеңістікте де, уақытта да
зерттеп - зерделей алады. Осынау шекаралар мен шекаралардың пайда болуын құрайтын
қамту мен шығарып тастаудың кеңістіктік шеңберлерін анықтау проблемаларының
күрделілігі осы заманғы жағдайда саяси нәрсе жөніндегі түсінігімізді біздің неліктен қайта
қарауға тиіс екендігіміздің шешуші себебі: оның үстіне, бұл проблемалар осы "біз" кімбіз
деген шешілмейтін әрі соншалықты таныс сұрақты жиі туындатады.
БАСТАЛУЛАР МЕН АЯҚТАЛУЛАР
Саяси өмірдің осы заманғы комментаторлары "аяқталу" ұғымына мүлдем басыбайлы.
Тұтас бір дәуірлер аяқталды деп топшыланады. Қырғи қабақ соғыс қабырғалар мен
империялардың коллапсымен аяқталды. Капитализм дамудың тағы бір, басқа сатысынан
аттап өтті. Осы заман мен отаршылдық өздерінен кейін амбивалентті, әр мағынадағы
қазанамалар мен ажалдан кейінгі ұқсастық сипатты дағдарысын қалдырды. Тіпті тарих,
Гегельдің кейбір тәнті ізбасарлары тұжырғандай, өз жолын тоқтатты. Әлде бұл