Қазақстанның ашық кітапханасы
Бұл орайда халықаралық қатынастар теоретиктеріне, ал біршама дәрежеде
антропологтарға және "даму теориясының" сыншыларына өркенияттың "харам ожданын"
түсіндіру міндеті қалады, ал өркеният саясаттанушы - теоретиктер мен
әлеуметтанушылардың ұлы мұраттары мен олардың тарихқа, дамуға һәм басқа
мақсаттарға
артқан
үміттері
басқа
қоғамдастықтар
аясындағы
жекелеген
қоғамдастықтарға қатысты тұжырымдалғанын ұмытып кеткенді жөн көреді. Осы заманғы
саяси және әлеуметтік теориялардың әмбебаптығы геосаяси шашырандылық жөнінде
бірауызды амнезияны талап етеді, ал әмбебаптылықтың осы заманғы өзіндік ерекше
қағидалары сол шашырандылар ішінде тұжырымдалған болатын.
Осылайша, халықаралық қатынастар теориялары осы заманғы саясаттың бастапқы
көрінісі ретінде тәпсірлене алады (Walker, 1993а). Олар, атап айтқанда, саясаттың
шекараларын кеңістік тұрғысынан да анықтайды. Саясат, нағыз саясат, теоретиктердің
ойынша, біз белгілі бір кеңістіктік шекараларда тіршілік етуге дайын - немесе қабілетті -
болғанда ғана жүзеге асырыла алады. Саяси нәрсені осы лай түсіну қазіргі жағдайда көз
жеткізерлік екендігіне немесе, мүмкін, біздің қозғалысымызды бағыттап отыратын вектор
ретінде қабылданатынына жұрттың бәрі кәміл сене бермейді. Бірақ шекараның аты
шекара. Саясаттың "мұнда және анда", "мен және басқа" дейтін кеңістіктік бөліп
тастаудың шеңберіне сыйып кететіндерінен өзгеше пошымдарын елестетуге тырысқанда
мынаны мойындауға тура келеді: біз өзіміздің ағыл-тегіл қиялымызда баламалы саясатты
қалай елестетсек те, "кету" ұғымын есепке алуға тура келеді, бұл ұғым бізді тұрған
жерімізде, қандай болсақ, сондай күйімізде бұлтартпай ұстап тұрады (Walker, 1990).
Осынау қысқаша бақылаулар негізгі үш қағиданы тұжырымдауға мүмкіндік береді, мен
кеңістіктегі шекара проблемаларын және осы заманғы саясаттың кеңістіктік - уақыттық
сипатының өзгеруі туралы мәселелерге қатысты халықаралық қатынастар теорияларын
сыншылдық тұрғысынан талдағанда соларға сүйенемін. Бірінші қағида тарихилық
ұғымымен байланысты: адамзат болмысы негіздерінің жасалып, ұдайы дамуының тарихи
сипатын жай ғана еске салып отыру қажет. Халықаралық қатынастардың көптеген
теоретиктері саяси өмір болуы мүмкін нәрсені осы заманғы кеңістіктік бағалау мен
адамзат болмысының ежелден келе жатқан сипаттамасы - тарихилықтың арасындағы
байланыстың бар екендігі туралы асығыс тұжырымдарға бейім тұрса да, іс жүзінде
халықаралық қатынастар теорияларындағы саяси нәрсенің жекелеген қоғамдастықтардың
саяси теориясынан іргесін түбегейлі аулақ салатыны барған сайын айдан анық болып
келеді. Макротарихшылардың ұлы схемаларында адам тәртібінің бірден-бір
ұйымдастырушы принципі болып табылатын мемлекеттер жүйесі тайпалар мен
империялардың арасынан шындап бұзып-жарып шығуға тиіс. Әрине, бір мемлекеттер
жүйесінің, атап айтқанда, Жаңа замандағы Еуропада жасалған жүйесінің біздің
тәжірибемізде де, біздің ұжымдық зердемізде де басым болғаны рас. Бірақ ол осы заманғы
саясаттанушы - теоретиктер немесе халықаралық қатынастар теоретиктері жиі
ойлайтынындай, біздің басқа тәжірибеміз бен естеліктерімізді соншалық өшіріп тастаған
жоқ. Дәл сол секілді халықаралық қатынастардың соңғы теорияларындағы соншалық
ықпалды "тарихтан тыс" структурализм мемлекеттердің осы заманғы жүйесінің
тарихилығын толығымен өшіріп тастамайды (Wight, 1977; Mann, 1986; Vincent, 1987; Hall,
Ikenberry, 1989). Жаңа заман Еуропасында дамып жетілген саяси мүмкіндіктерді
кеңістіктік түсіну өз кезегінде ертедегі гректердің һәм олардың полистерінің тағдырлық
және тіпті парадигма құраушылық жетістіктеріне, әсіресе олардың тығыз байланысқан
қоғамдастық шегіндегі жақсы өмірді бағалауына қатысты жетістіктеріне сүйенгені де рас.
Біздің тәжірибемізде де, зердемізде де полистер мен мемлекеттердің кеңістіктік
саясатының өміршеңдігі туралы көзқарастың терең тамыр жайғандығы себепсіз емес
екендігіне дау жоқ, бірақ осы тәжірибе саяси нәрсе қай жерде және қандай түрде болуы