Page 2 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.уокер. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ
Р. Б. Дж. УОКЕР
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ САЯСИ ӨМІР ҰҒЫМЫ
(1942) - Британ Колумбиясындағы Виктория университетінің саясаттану
кафедрасының профессоры.
Ол "кеңістік саясаты ", "халықаралық қатынастардағы саяси өмірдің басталуы мен
аяқталуы", "қоғамдық қозғалыстардың және халықаралық қатынастардың ара салмағы
", "халықаралық қатынастарға үйретілген қазіргі заман", "мемлекеттік егемендік және
халықаралық қатынастар" сияқты ұғымдарды қарастырады.
Халықаралық қатынастар мен әлемдік саясат турасындағы көптеген шығармалардың
авторы. Солардың кейбіреулері мыналар: "One world, Many Worlds: Struggles for a Just
World Peace" 1988, "Inside- Outside: International Relations as Political Theory" 1993,
"Sovereigntu, identity, cjmmunity: reflections on the horizons of contemporary political
practice" 1990, "Violence, modernity, sikence: rom Max Weber to international relations " 1993.
Халықаралық қатынастар теориялары саяси өмір дегеніміздің не екендігінің тарихи
негізделген түсініктемесін береді. Және де бұл орайда оның қай жерде өрістейтіні
жөніндегі дәстүрлі түсіну шеңберінде қалады. Саясат, дейді теоретиктер, осы заманғы
мемлекеттердің аумақтық шекараларындағы адамдар өміріне тән. Дәлірек айтсақ,
халықаралық қатынастар теориялары мынаны кесіп айтады: тек мемлекеттердің қауіпсіз
аумақтық шекараларында ғана байыпты саясат, аталмыш қоғамдағы белгілі бір моральдық
статусы бар саясат жүргізу мүмкін болады. Тазартылған саяси теорияның аясында
саясатты тек осылай түсіну ғана қабылданады деп саналады. Мемлекеттер арасындағы
мемлекеттен тыс аумақтық бірліктердегі қатынастар билік пен тірлік үшін күрестің
әрқилы пошымдарында - анархиядан утилитарлық кооперацияға дейін, бірақ қайткенде де
өз үйінде, елдің ішіндегі өркенияттық тәртіп стандарттарына сай келмейтін
пошымдарында атам заманғы "алғашқы қауымдық" сипатта көрінеді. Көптеген
талдаушылар капиталистік осы заманды түсінілген тарихилықпен байланыстыратынына
қарамастан, осы заманғы саясат дегеніміз кеңістік саясаты. Оның орын алуының шешуші
шарты - ішкі мен сыртқының арасындағы, белгілі бір шекаралардың ішіндегі
азаматтардың, ұлттардың һәм қоғамдастықтардың және жаулардың, бұл шекаралардан
тыс басқалардың ("бөтендердің") - немесе олардың жоқ болуының - арасын айыра білу
(Wight, 1966; Linklater, 1982). Саяси өмірдің осы заманғы тәпсірленуі қарама-қайшылықты
болса да, "егіздер" секілді болып келеді: бір жағынан, шекаралар ішіндегі өмірдің дәстүрлі
саяси теориясы, яғни әлеуметтану, екінші жағынан, - аумақтық мемлекеттер арасындағы
қатынастардың жарамдылығы шамалы теориясы.
Саяси теоретиктер белгілі бір қоғамдастықтардың ішкі әлуетіне бағдарлана отырып,
осынау жекелеген қоғамдастықтардың аумақтық шеңберіндегі әділдіктің, бостандық пен
заңның кеудемсоқтық мақсаттарын орнықтырады. Бірақ олардың көзқарастары
қаншалықты плюралистік немесе радикалды болса да, олардың бәрі әдетте жекелеген
мемлекеттің унитарлық ұқсастығына сүйенеді. Немесе, бері салғанда неғұрлым ірі
құрылымды, мысалы капитализмді яки мемлекеттер құрамдас бөлік ретінде көрінетін
дүниежүзілік жүйені басқаратын интегралдық заң болатынын долбарлайды.