Page 14 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.уокер. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
саясатының карта сызушылары немесе гегельдік рухтың мұрагерлері болжай алмаған
кеңістіктік - уақыттық мүмкіндіктерді зерттеу дегеніміз не деп сұрағанымыз жақсы.
Осынау тінде қазіргі кезде сын деп, немесе тіпті жаңалық деп нені түсіну керек деп сұрау
пайдалы. Және де осынау тінде кейбір қоғамдық қозғалыстарды жай ғана әлеуметтік
феномен деп тәпсірлегеннен гөрі, көбіне-көп саяси жолды іздестіру деп қарастыруға
болады. Ол-ол ма, осынау тінде өзіндік ерекше локалдық күресті, жаһандық пен локалдық,
"мұндағы" мен "ондағының" арасындағы бірден-бір делдал ретінде егемен мемлекетке
жарамсақтанбай-ақ, оның неғұрлым кең, тіпті ғаламдық процестермен байланысын
тәпсірлеуге болады.
Меніңше, осы заманғы дүние феномендерінің көбісі нақ осылай оқуға көнеді, рас,
олардың бәрі бірдей жүрекке жылылық пен үміт ұялата бермейді. Бірақ біздің қазіргі
ахуалымызды жақсартуға титтей де болса үміт ұшқынын тұтататындарын ең алдымен
"бірегей - әртекті", "өзім - басқа" және "кеңістік - уақыт" ара қатынастарын зерттей
отырып, мәңгі туралы дискурстың - тарихты ешқашан соңына жеткізе алмайтын, бірақ
қазір тек барған сайын өсіп бара жатқан азап пен зорлық есебінен өзінің сүйкімділігін
сақтай алудың барлық нышандарын көрсететін дискурстың - арбауынан босана алатын
адамдар зерттеуі керек.
Біз белгілі бір қоғамдастықта белгілі бір моральдық статустан дәмететін байыпты саясат
осы заманғы саяси теорияның солипстік баршаға бірдейлігін сипатты терістеу тән
халықаралық қатынастар теорияларында орнықтырылған саясат деп санауға дағдыланған
нәрсе, кеңінен мойындалғандай, үлкен бәлеге тап болып отыр. Нормативтік мақсат
ретінде ол көптеген адамдар үшін әлі де өте тартымды. Кейбіреулер тіпті ол бізді
ұжымдық іс-қимылдың неғұрлым дұрыс жолына әлі де болса алып шыға алады деп
санайды. Бірақ басқалар үшін қоғамдастықтың сипаты мен оқшаулануы - аса проблемалы
дүниелер; қоғамдастықтың өзінің бұлдырлығы саясаттың сенімсіздігін, оның
мақсаттарының да, ұмтылыстарының да шатасатындығын туындатады. Және де біз
байыпты саясат деп атайтын нәрсенің қазіргі заманның ең өткір проблемаларын шешу
әрекеттерін, егер олар соншалықты қасіретті болмаса, күлкілі деп санауға болар еді.
Осы заманғы саясаттың күн тәртібі аса күрделі мәселелерге толы. Біз: егер демократия
аумақтық қоғамдастыққа "маталмаса", ол қандай болар еді (Connolly, 1991a, 1991b);
міндеттеме деп, егер ол тек төл азаматтарының өлшемімен ғана "пішілмесе", нені айтуға
болады; локалдық пен жаһандықтың ара қатынасы, егер бұл ара қатынасты әмбебап пен
жекенің бүкіл қатынастары тізбесіндегі жай ғана байланыстырушы буын деп
қарастырмасақ, не болып шығар еді; егер азаматты, ұлтты және субъектіні жаппай
бағалауды қоя тұрсақ егер бұл ұғымдарды Шмиттің шығарып тастау саясаты шеңберінде
"сапқа тұрғызбасақ" (Campbell, 1992), егер оларды мемлекеттер өздерін Жер бетіндегі
құдайлар деп орнықтыру үшін жиі қолданатын өз дұрыстығының фундаменталиста
пошымдары шеңберінде теологияландырмасақ, онда саяси ұқсастық деп нені санауға
болады; биосфераның даму заңдылықтары мен талаптарына немесе планетаның ең
несібесіз адамдарының мүдделеріне сәйкес қимылдау керек дегеніміз не; біздің
"құбылмалы" шекаралар дүниесінде гендерлік, нәсілдік, мәдени немесе таптық ұқсастыққа
дәмеге сәйкес қимылдау керек дегеніміз не - деп сұрай аламыз.
Келтірілген сұрақтардың қайсына болсын жауап беру әрекеттері, тіпті оларды сыпайы
түрде қою әрекеттері (бұл жөніндегі әдебиет өте көп болса да; қараңыз: Мс Grane, 1989;
Butker, Scott, 1992; Lash, Friedman, 1992; Campbell, Dillon, 1993; Agamben, 1993; Said, 1993
және т.б.) - бұл саяси нәрсенің орны мен сипатына берілетін қазіргі бағалаудың сенімсіз